Реферат тақырыбы: Құжат түрлері және құжаттарды толтыру. Орындаған: Саутова И. Топ: пдк 11-18-2



бет1/12
Дата10.06.2020
өлшемі30,96 Kb.
#72850
түріРеферат
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
реферат (құжат түрлері)


Министерство образования и науки Республики Казахстан

Колледж Академия дизайна и технологии《Сымбат》



РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Құжат түрлері және құжаттарды толтыру.

Орындаған: Саутова И.

Топ: ПДК 11-18-2

Тексерген: Тукебаева. Ж. А

Алматы 2020 год

Жоспар
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
Құжат түрлері және құжаттарды толтыру
1.1.Құжаттардың орындалуын бақылау
1.2.Жеке құрам бойынша ереже
1.3.Толық, қысқа хаттама құрастыру
ІІІ. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Іс қағаздардың қоғам өміріндегі атқаратын қызметі өте зор. Іс қағаздарының саяси, тарихи, құқықтық, әлеуметтік мәні күшті. Кез келген салада іс қағаздар ақпарат жеткізуші құрал болып табылады. Сондықтан іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуді қалыптастыру - үлкен де жауапты іс.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген "Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында" тіл саясатын жүзеге асырудың негізгі іс шаралары белгіленді. Соның бірі - іс қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізу және оның әлеуметтік қызметін кеңейту. Осы орайда 1999 жылдан бастап жоғары оқу орындарында "Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу" курсы оқытыла бастады.

"Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу" курсы құжаттарды толтырудың мемлекеттік ережелеріне сүйеніп оқытылады. Ал іс қағаздарды дұрыс меңгерту осы курс бойынша бағдарламалар мен оқулықтардың, сөздіктер мен көмекші құралдардың сапалы болуына тікелей байланысты.

Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу пәнінің мақсаты - студенттерді мемлекеттік тілде іс қағаздарды сауатты жазып, оның түрлерін білуге үйрету; құжаттарды толтырудың жалпы ережесін, оларға қойылатын талаптарды, безендірілуін жете меңгерту; іс қағаздар стилінің өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру.

Іс қағаздар туралы мәселені қарастырмастан бұрын "іс жүргізу", "іс қағаздары" терминдері қандай мағынаны білдіргендігі жөнінде айта кеткен жөн. Ол туралы берілген бір-екі түсінікті келтіре кетейік. Мәселен, А.Алдашева, З.Ахметжанова, Қ.Қадашева, Э.Сүлейменовалардың авторлығымен шыққан. "Ресми іс қағаздары" деген еңбекте "Ресми іс қағаздары" термині мекемелер мен ұйымдардың басқару қызметін құжаттау, құжаттарды ұйымдастыру дегенді білдіреді" деп берілген.

"Іс қағаздарын оқыту" деген еңбектің авторлары Н.К.Мұхамадиева мен А.Д.Чабаева былай деп жазады: "Іс қағаздары дегеніміз адамдар мен қоғамдық мекемелерді өзара байланыстырып, олардың тіршілігі үшін қажетті мәселелерді, мақсат-мүдделерді шешуге көмектесетін қажетті тілдік материалдар". Ал ғалым М.В.Кирсанова "Современное делопризводство" деген 2000 жылы жарық көрген кітабында іс жүргізу терминіне былайша сипаттама береді: "Делопроизводство ведение канцелярских дел, совокупность работ по документированию деятельности учреждений и по организации документов в них".

"Делопроизводство" жөніндегі іс жүргізу, іс қағаздарын жүргізу деген сөздердің қайсысын қолдануымыз қажет деген де сөз болып жүр. Мәселен, Л.Дүйсембекова іс жүргізу дегеннің заң орындарының қолданатын термині болып қалыптасқанын, сондықтан да оның беретін мағынасы көпшілікке түсінікті - белгілі бір қылмысты істі жүргізу дегенді білдіреді дей келіп, "Олай болса делопроизводство сөзін іс жүргізу деп алудың қанша қажеттігі бар? Оқулықта делопроизводство сөзі іс қағаздарын жүргізу деп беріледі. Біріншіден, іс қағаздарын жүргізу сөзі бұрыннан қалыптасып, тілге сіңісті болған, екіншіден, өз мағынасын толық, айқын бере алады, үшіншіден, іс жүргізу заң термині ретінде қалыптасқан, өзінің беретін магынасы, атқаратын қызметі, қолданылу ерекшелігі бар, төртіншіден, әрқайсысының өз атауы тұрғанда екі терминді бір сөзбен беру қажеттігі жоқ" деп көрсетеді.

"Мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу" пәнінің қарастыратын нысанасы, мазмұны мына төмендегідей мәселелерді қамтиды:

• мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізудің — дербес ғылым саласы екені;

• іс қағаздарды жүргізудің саясаттану, мұрағат ісі, тарих, тіл білімі, сияқты ғылым салаларымен байланысы;

• іс қағаздарды толтырудың мемлекеттік стандартта-ры, өзіне тән жазылу стилі болатындығы;

• іс қағаздарына қатысты негізгі түсініктер мен анықтамалар;

• іс қағаздарының безендірілуі, оларға қойылатын талаптар;

• іс қағаздар тарихы;

• іс қағаздарының тілдік (лексика, морфология, син-таксис, орфография т.б.), стильдік ерекшеліктері;

• іс қағаздарының дұрыс жазылу (орфографиялық) нормалары;

• іс қағаздарының түрлері және олардың әрқайсысының ерекшеліктері;

• іс қағаздарын толтыруда қолданылатын қысқартулар, түзету (корректуралық) белгілер;

• іс қағаздарын құрастырудағы жалпы талаптар, құжат мәтіні, іс қағаздарындағы тізбектілік, даталар, визалар, іс қағаздарын безендірудің негізгі элементтері;

• әр түрлі іс қағаздары мен құжаттарды құрастыру. Бұл аталған мәселелер тек мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізуге ғана қатысты. Олар басқа ешбір салада шешілмейді, өйткені ол басқа салаларда қойылмайды да. Сондықтан олар тек мемлекеттік тілде іс қағаздарды жүргізу саласының зерттеу нысанына жатады.

Іс қағаздарын жүргізу екі кезеңнен тұрады. Олар: құжат айналымы және құжаттау ісі.

Ғалым Т.Дүйсебаева "Машинкамен жазу және іс қағаздарын жүргізу" деген еңбегінде құжат айналымы мен құжаттау ісіне былайша түсініктеме береді: "Құжат айналымы мекеменің өзі жасаған және сырттан келген дайын құжаттармен жұмыс істеуді қамтамасыз етеді. Олар: қабылдау, орналастыру, тіркеу, орындалуын бақылау, анықтау, іс құру, оларды сақтау және жүзеге асыру, құжаттарды мекемелерге жіберу. Құжаттардың түрін жасау процесінің біртұтастылығы мен мекеме, ұйым және өндіріс қызметі бейнеленеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет