№5 лекция тақырыбы -12-жылдық оқытудың ерекшеліктері
Оқыту әдістері ұғымның мазмұнын анықтауда құрал, жол, тәсіл сөздердін пайдаланудың синонимдік жағынан педагогикалық әдебиеттерде әр-түрлі көзқарастар байқалады. Бұл сөздер бір-біріне жақын, бірақ әрқайсысының өзіне тән не мағыналық , не қолдану ерекшеліктері бар сөздер.
Құрал дидактикада қолданатын құралдар оқыту жабдықтары, оқыту ақпаратының көздері .
Әдіс педагогикалық әдебиеттерде әр-түрлі көз-қарастармен байқалады. Бұл сөздер бір-біріне жақын, бірақ әрқайсысының өзіне тән не мағыналық, не қолдану ерекшеліктері бар сөздер.
Құрал дидактикада қолданатын құралдар оқыту жабдықтары, оқыту ақпаратының көздері . Демек оқыту әдістері бұл тәрбиеші мен мен балалардың оқу тәрбие жұмысының міндеттерін ойдағыдай шешуге бағытталған өзара байланысты іс-әрекеттердің тәсілдері. Оқыту әдісін осылай дидактика тұрғысынан түсіндіру жалпы философиялық анықтамаға сай келеді. Әдіс дәл жалпы мағынасында мақсатқа жету іс-әрекетін нақты ретке келтіру тәсілдері.
Сонымен оқу әдістері балалардың танымдық қабілеттерінің дамуына мүмкіндік туғызуы тиіс, яғни , балалардың ойын дамытады, өз бетінше ізденіп жаңа білімді игеруге ықпал жасайды.
Оқыту әдістері ғылыми таным әдістеріне баиланысты, өйткені, оқытуда ең бастысы балалардың танымдық іс-әрекеті. Ғылыми танымға қатысты бірсыпыра ережелер балалардың танымдық іс-әрекетінде қолданылатын оқыту әдістерінің ерекшелігін анықтайды. Бұл ережелер: оқыту әдістері ең анық фактілерді білуді қамтамасыз етеді; оқыту әдістері практика мен теорияны жақындастырады; оқыту әдістері шындықты тануға әрекет жасайды; идея нақты өмір мәліметтерінен қортылады. Осы ережелердің бәрі балалар көзқарасының қалыптасуының, таным қабілеттерінің дамуының негізі болады.
Оқу әдісі мақсатқа жетудің саналы түрде қолданылатын тәсілі, ал мақсатқа жету тәрбиешінің шеберлігіне, оның оқыту процсесін тиімді ұйымдастыра білуіне,балалардың даярлық дәрежесіне, тәрбиешімен мен балалардың белсенділік педагогикалық ынтымақтастығына байланысты.
Оқыту әдісі және әдістемелік тәсіл ұғымдары бір-бірімен тікелей байланысты. Әдістемелік тәсіл оқыту әдісінің элементі . Мысалы, жеке сөздерді түсіндіру, суреттерді демонстрациялау т.б.
«Әдіс» пен тәсілдің шекарасы өте қиын. Өйктені , әдіс кейде тәсілге , ал әдістемелік тәсіл оқыту әдісіне айналады. Мысалы:
1.Егер тәрбиеші баяндау процесінде суреттерді демонстрациялар көрсете, онда әдістемелік тәсілге жатады.
2. Балалар зерттеу негізінде суреттерме танысып , тақырып бойынша нақты білім алса, онда суреттермен танысып, әдіске ал баяндау тәсілге жатады.
Оқыту әдістері мен тәсіл педагогикалық ұғым. Олар жеке пәндерді оқытқанда қолданылады . Әдіс және тәсіл туралы сіздің түсінігіңіз қалай деген сұраққа жауап берген мұғалімдердің педагогикалық ғылымының соңғы жетістіктерінің таныс емес екені байқалады. Сондықтан мұғалімдердің білімін көтеру жүйесінде бұл проблемаларға ерекше көңіл аударылуы қажет.
Оқыту әдістерінің өзіне тән тарихы бар.
XX-ші ғасырдың 20-жылдарында белгілі педагог-ғалымдар Б. Е. Райков, М. М. Пистрак т.б. оқытудың түсіндірме , практикалық еңбек, зерттеу әдістерін жасады.
50-жылдардан бастап оқыту әдістерінің жіктеу проблемасына айрықша көңіл бөлінеді.
50-60 жылдардың аяғы, басында орыс ғалымдары Е. Я. Голант, С.Г. Шаповаленко, Н. М. Верзили білім көзін негізге алып, оқыту әдістерінің жаңа жіктеуін үш топқа бөлді.
1. Сөздік әдістер тобы: әңгімелеу, әңгіме, түсіндіру , ойын, кітаппен жұмыс.
Достарыңызбен бөлісу: |