Әңгімелесу.Тәрбиеші оқу материалын бір ізділікпен баяндайды. Ол үшін материалды айқын сенімді етіп бейнелейді.
Әңгіме әдісі сабақта сұрақ-жауап формасы түрінде қолданылады. Сондықтан тәрбиші алдын-ала жоспар жасап, онда сұрақтардың жүйесін мұқият ойластырады. Бұл балалардың білімін тақырып бойынша логикалық бір ізділікпен анықтауды қамтамасыз етеді. Әңгімені осылай өткізу балалардың ойлау белсенділігін арттырады. Оларды басты және өте маңызды мәселелердің мазмұнын, өзара байланысын анықтауға талаптандырады. Балаларды болжауға бағыттайды, өз ойларын дәлелдеуге мәжбүр етеді. Әңгіме әдісінің барлық процесі өтілген оқу материалын жүйеге келтіруге және жинақтап қорытуға мүмкіндік береді.