2 – МОДУЛЬ.ЖҰРТШЫЛЫҚПЕН БАЙЛАНЫСТЫҢ СУБЬЕКТІСІ ПЕН ОБЬЕКТІСІ
ДӘРІС5
БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ПРОЦЕСТЕРДЕГІ ЖУРНАЛИСТИКА ЖӘНЕ PR ҚЫЗМЕТІ
-
Бұқаралық ақпараттық процестер түсінігі
-
Журналистика мен PR бұқаралық ақпарат тәсілі ретінде
1.3 Бұқаралық ақпарат құралдарын жүйелеу ерекшеліктері
1.4 Тұсаукесер, брифинг, баспасөз конференциясы, көрмелер, демеушілік пен қайырымдылық шараларының мәні
Пайдаланылатын әдебиеттер:
1.Бекболатұлы Ж. PR және жарнама. – А: 2010
2. Блэк Сэм. Паблик рилейшнз. Что такое? – М: 1990
3.Блэк Сэм. Введение в паблик рилейшнз. Ростов-на-Дону:1998
4. Почепцов Г. Паблик рилейшнз для профессионалов. М: 1999
5. Чумиков А.И. Связь общественностью. – М: 2000
Журналистика (французша - journal, немісше - journalіstіk, ағылшынша - journalіst) – 1) баспасөз, радио, теледидар, кино, интернет сияқты ақпарат құралдары арқылы елдегі және әлемдегі жаңалықтар мен оқиғалар, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени, рухани және табиғи құбылыстар жөнінде жұртшылыққа мағлұмат беріп, қоғамдық пікір қалыптастыратын әдеби-шығармашылық қызмет түрі; 2) белгілі бір халықтың нақты бір кезеңде шыққан газет-журналдарының жүйесі, оларда жарияланған материалдар жиынтығы; 3) баспасөз тарихын, теориясы мен практикасын зерттейтін ғылым саласы.
Достарыңызбен бөлісу: |