9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. ------------21 мин(16%)
(тест, есептер, жазбаша жауап сұрақтары және т.б.)
Фарфор массасының құрамы, жіктелулері.
Пластмассаның түрлері, жіктелулері.
Тот баспайтын болат, құрамы, жіктелулері.
Қосылқы материалдар
10. Жаңа сабақты түсіндіру.-----------------------------------------------------------60 мин(44%)
Титан құймалары. Титан – ақ күміс түсті металл, ол атмосферада да, суда да, теңіз суында да қарамайды, сондай-ақ оған қышқыл мен негіз әсер ертпейді. Титанның тотығуға тұрақтылығы тотбаспайтын болаттан жоғары. Беріктілігі жағынан титанның көрсеткіштері темірден үлкен. Бірақ темірдің балқу температурасытитаннан жоғары. Болатқа титанды қосып жылтырлығын арттырады. Титан негізіндегі құймалар, негізінен, хирургиялық медицинада қолданылады. Кейде титан «хирургтердің металды» деп те атайды. Стоматологияда металды сүйекшілік, сүйек үстіқабатастылық және эндоодонтоэноссальды имплантаттар ретінде қолданады. Соңғы жылдары титанды толық құймалы тіс протездердің қаңқасы ретінде, сонымен қатар көпіртектес протезщдердің бетін жабу үшін титанның нитридін қолдана бастады.
Бағалы металдың құймасы. Ортопедиялық стоматологияда алтын, күміс, платина, палладий-бағалы металдарды кеңінен қолданылады. Олардың стоматологияда қолданылуының себептері: тотығуға тұрақтылығының жоғарлығы, балқу температураларының басқа металдарға қарағанда төмендігі, тығыздылығының және иілімділігінің өте жоғарлығы.
Таза алтын – жұмсақ сары металл. Ол өте созылмалы, одан қалыңдығы 0,11 мкм болаттан жұқа фольга жасауға да болады. Алтынның балқу температурасы -10630С, мыстың балқу температурасы - 10830С, күмістің балқу температурасы - 9600С. Алтынның тығыздығы – 19,3-ке тең болғандықтан аң ауыр металдар қатарына жатады. Алтын-суда, ауада тұрақты. Алтынды стоматологида мысықпен және басқа металдармен араластырып, құйма ретінде қолданылады. Ортопедиялық стоматологияда алтын құймасының мынадай екі түрін қолданады:
900 сынамалы құйманың құрамы: 90% - алтын, 4% күміс және 6%-мыс. Ол штапмтауға оңай келеді, жоғарғы қаттылыққа ие және тез қажалады. Сондықтан сауыттың кесу қыры мен шайнау бетінде қосымша алтын құйады. Штамптау кезінде металдың иімділігі жоғалады. Оны қызыду арқы орнына келтіреді, бірақ алтын саутта қыздырудан бұрын тұз қышқылына салып өңдеп алады, ол висмут және қорғасынның кейбір элементтерін ерітеді. Балқу температурасы 10000С. Қалыңдығы 18, 20, 23, 25 мм диск ретінде шығарылады. Алтынды дәнекелеу үшін негізгі құймаданбалқу температурасы төмен құйма қолданылады. Ол үшін алтын құйманың құрамына күмістен басқа мырыш пен кадмий қосады. Дәнекер ретінде қолданылатын 750 сынамалы қалтын құйманың құрамы мынадай: алтын 75%, күміс - 5%, мыс-13%, кадмий-5%, латун-2%. Бұл дәнекердің балқу температурасы – 790-8100С. Алтынды басқа қоспалардан ажыратып алу процесін аффинаж деп атайды. Аффинажды белгілі бір химиялық реакциялардың көмегімен жүзеге асырады. Ол кезде қышқыл және тұздарды қолданады. Аффинаждың екі түрлі әдісі бар: 1) құрғақ әдіс, 2) ылғалды әдіс.
Достарыңызбен бөлісу: |