Дәрігерлердің біліктілігін жетілдіру факультеті жанындағы колледждің стоматология кафедрасы «Тіс техникалық материалтану»



бет46/100
Дата11.12.2021
өлшемі192,7 Kb.
#79039
түріСабақ
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   100
Байланысты:
МР-зуб.мат-СТОМ-2к-теория-КАЗ

Монтанды балауыз. Бұл балауыз негізінен жоғарғы спирттің күрделі эфирінен тұрады. Балқу температурасы 73-800С. Синтетикалық балауздарға қасиеті жағынан табиғи балауыздарға ұсқас, жасанды заттардан алынатын заттарды жатқызуға болады. Синтетикалық балауыздар ортопедиялық стоматологияда кеінен қолданбайды.

Ортопедиялық стматологияда қолданылатын балауыз композициялары.

Ортопедиялық стоматология қажетіне арналған балауыз қоспалары құрамы, қасиеті және қолданылуына байланысты әртүрлі болады. Бұл қасиеттеріне балқу температурасы, жұмсаруы, қаттылығы, серпімділігі, тұтқырлығы және басқалары жатады. Балауыздың және балауыздар композициясының теріс қасиеттеріне: олардың жоғарғы дәрежедегі термиялық коэффициентінің ұлғаюы немесе сығылуы жатады. Балауыздардың жылу өткізгіштігі төмен болғандықтан, суытқан кезде бірінші сыртқы қабаты жұмсақкүйінде болады.

Мұндай жағдай балауыздың бөліктерінде ішкі кернеудің пайда болуына акеп соғады. Ішкі кернеу, жасалған конструкциялардың қалыптарын өзгертіп, мүсіннің дәлділігін бұзады. Балауызда пайда болған кернеуді жайлап қыздыру арқылы жоюға болады. Жоғарыда келтірілген кейбір келеңсіз жайларды мүсіндеу кезінде еске ұстап, әрбір балауыздың композициясының қолдану барысында олардың қасиеттерін білген абзал.

Болашақ жасалатын протездердің, аппараттардың және шиналардың қалыптарын материалдардан жасайды. Мұны модельдеу деп те атайды. Тіс технигінің жұмысында мүсіндеу маңызды орын алады. Тіс технигінің жұмысында мүсіндеу маңызды орын алады. Алдымен уақытша жасалынғанконструкцияларды тексеріп, содан соң олардың тұрақты материалмен алмастырады. Алмастырудың ең жиі қолданылатын тәсілі құю болып есептеледі.



  1. Ауыз қуысында қолданғанда және олармен жұмыс істегенде зиянсыз болуы.

  2. Белгілі бір температуралық аралықта жақсы иімділік қасиетінің болуы.

  3. мүсінделе алатын қабілетінің болуы.

  4. Мүсінделгеннен кейін жеткілікті қаттылығы менсерпімділігінің тиісті дәрежеде болуы.

  5. массаны балқытқанна немесе күйдіргеннен соң, қалыпта қалдықтың қалмауы.

  6. Шөгуінің аз болуы.

  7. қалыбын өзгертпеуі.

  8. Түсінің материалдардың беткі қабатының түсінен басқа болуы.

Тіс техникасында балауыздардың қоспасы қолданылады және олар атқаратын қызметіне қарай бірнеше түрге бөлінеді: базисті, доғалы, мүсіндеуші, профилді, жабысқақ. Олардың әр түріне, қолданылатын жеріне байланысты, белгілі бірталаптар қойылады. Олардың ішінде ең маңызды рөлі балқу температурасы, жұмсару температурасы, кеңеюі, аққыштығы, пластикалық қасиеттері, эластикалық қасиеттері атқарылады.

Базисті балауыз. Оны алмалы-салмалы протездердің базисін жасауға қолданады және тік төрт бұрышты, түсі қызыл, пластинка түрінде базисті балауыз деген атпен шығарады.

Базисті балауыздың құрамына парафин (78-88%), ара балауызы (4-22%), синтетикалық цезерин (3,5-8%), карнауб балауызы 1%, дамар резинасы – каучук (1%), бояғыштар (0,1%) кіреді.

Базисті балауыз мынадай қасиеттерге ие:


  1. жұмсарған пластинкалар бір-біріне оңай жабысады, қолға жабыспайды.

  2. балауыздың ауыз қуысының тіндеріне зиянды әсері жоқ.

  3. 230С температурада өткір заттармен оңай өңделеді.

  4. жалында аздап қыздырған кезде балауыздың беті тегістеледі.

  5. бояғыштары протезді қайнатқанда боямайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет