Дәрігерлердің және фармацевтердің біліктілігін жетілдіру факультеті және колледждің стоматология кафедрасы «бекітемін»


Тарау 7. Металлдар және қорытпалар



бет4/5
Дата03.12.2022
өлшемі25,18 Kb.
#161049
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5
Байланысты:
РП-Зуб.мат.-СТОМ-2к-каз
8-БЖБ№2 3-тоқсан, масштаб румб
Тарау 7. Металлдар және қорытпалар.
7.1.тақырып. Тіс протездік техникада қолданылатын металдар туралы жалпы мағлұматтар. Қасиеттері. Қорытпа. Оларды өңдеудің негізгі жолдары.
Тіс протездік техникада қолданылатын металдар туралы жалпы мағлұматтар Физикалық, химиялық, технологиялық қасиеттері.
Кристалды қасиеттері. Металдардың кристалды құрылысы.
Металдардың және қорытпалардың аллотропты айналуы.
Қорытпа түрлері. Сұйықтықтың ағымдылығы туралы түсінік.
Әртүрлі металдардан гальваникалық әсерлері.
Қорытпаларды өңдеу әдістері: қысым, құйма, күйдіру, егеу, жылтырату, электролит.
7.2.тақырып. Бағалы металлдардың физикалық, химиялық, механикалық қасиеттері және қолданылуы. Дәнекер.
Бағалы металлдар, қорытпалар. Алтын және оның қорытпасы, алтынның белгісін анықтау. Платина және оның ортопедия стоматологиясында фарфор қаңқаларын дайындауда қолданылуы. Күміс, палладий, және олардың қорытпалары (СПС). Бағалы металлдардың физикалық, химиялық, механикалық қасиеттері және қолданылуы. Дәнекер, құрамы, қасиеттері.
7.3.тақырып. Тот баспайтын болат. Кобальт – хромды қорытпа. Қасиеттері. Дәнекерлеуші сым. Қолданылуы.
Тот баспайтын болат. Жалпы мағлұматтар және оның құрамдылығы
(темір, хром, никель, көміртегі), олардың маңызы.
Ортопедиялық стоматологияда қолданылатын болаттың физикалық, химиялық, механикалық қасиеттері.Кобальт-хромды қорытпалар, қасиеттері және қолданылуы.
Дәнекер, құрамы, қасиеттері.Қорытпаны өңдеу барысындағы құрамының және қасиеттерінің өзгеруі.
7.4.тақырып. Көмекші металдар. Жылдам еритін қорытпа. Қасиеттері, қолданылуы.
Көмекші металдар: мыс, алюминий, қорғасын, цинк, қалайы, кадмий, сурьма. Құрамы және қолданылуы. Латунь. Бронза. Жылдам еритін қорытпалар, негізгі қасиеттері және қолданылуы.


Тарау 8. Металды керамика. Металды пластмасса.
8.1.тақырып. Қаңқаға арналған металл қорытпалары. Металды керамика мен металды пластмассалы протезге арналған металл. Металлды керамика мен металлды пластмассалы протездердің алдыңғы бетіне арналған материалдар.
Фарфор. Керамика. Ситаллы
Металл қорытпалары (КХС, КХН).Металды керамика протезінің алдыңғы бетіндегі тотығу қабыршағының маңызы. Металды керамикаға арналған материал (фарфор, ситалл).Металлопластмассаға арналған материал (өте мықты пластмассалар),
с –визотит, лироконвекторларда қысым арқылы полимерлендірілетін.
8.3.тақырып. Жоғарғы берікті пластмасса, ұнтақ – сұйықтық және
әртүрлі қойыртпақ жағдайдағы пластмассалар. Пішіндеуші материалдар.
Жоғарғы берікті пластмассалар.Оларды балауыз композициясының қатысуынсыз мүсіндеу ерекшеліктері.Пішіндеуші материалдар, оларға қойылатын талаптар.
Гипсті, фосфатты және силикатты пішіндеуші материалдардың құрамы, қасиеттері. Компенсациялық кеңею үшін құрамдылықтарының маңызы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет