Жеке тұлғалардың (пациенттердің) жеке өмiрiне қатысты дербес деректердi заңсыз жинағаны және өңдегені үшін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады
Жеке тұлғалардың (пациенттердің) жеке өмiрiне қатысты дербес деректердi заңсыз жинағаны және өңдегені үшін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Жеке тұлғалардың (пациенттердің) жеке өмiрiне қатысты дербес деректердi заңсыз жинағаны және өңдегені үшін лауазымды адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жауаптылықта болады.
Дәрігерлік қателік
Медицина тәжірибесінде «дәрігерлік қателік» термині кең таралған.Дәрігерлік қателіктің негізгі критериі болып белгілі объективті жағдайларға байланысты дәрігердің қателесуі жатады, бірақ «дәрігерлік қателік» терминіне профессиональді білімсіздік,салақтық және науқасқа деген салдылық енгізілмейді.
Дәрігерлік қателіктер үш топқа бөлінеді:
Дәрігерлік қателіктер үш топқа бөлінеді:
1. Диагностикалық қателіктер-ауруды толық немесе нақты анықтай алмау; 2. Тактикалық қателіктер- операцияға көрсеткіштерді дұрыс анықтамау, операцияны өткізу уақытын дұрыс таңдай алмау,операция көлемін науқас жағдайына байланысты дұрыс анықтай алмау және т.б. 3. Техникалық қателіктер-медицина техникасын дұрыс қолдана білмеу,сәйкес емес медикаменттерді ,диагностикалық дәрілерді қолдану және т.б.
12-тарау. МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТАР
320-бап. Науқасқа көмек көрсетпеу
1. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес немесе арнайы қағида бойынша науқасқа көмек көрсетуге мiндеттi адамның дәлелсіз себептермен оны көрсетпеуi, егер бұл абайсызда науқастың денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiруге әкеп соқса, – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан екі жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып немесе онсыз, үш жүз айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не екі жүз қырық сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не жетпіс бес тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. 2. Дәл сол іс-әрекет, егер ол абайсызда науқастың өлiміне не оның денсаулығына ауыр зиян келтiруге әкеп соқса, – белгiлi бiр лауазымдарды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейiнгi мерзiмге айыра отырып, бес мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бес жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.