Әрбір пациент жеке құпиясының сақталу құқығына ие, медициналық көмек көрсетуге қатысатын дәрігер, басқа да тең дәрежелі тұлғалар, науқаспен басқаша қарастырылмаған жағдайда, дәрігерлік құпияны пациент өлімінен кейін және де медициналық көмекке жүгіну дерегін сақтауы тиіс
5-бөлім. Азаматтардың денсаулығын сақтау 16-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы құқықтар мен міндеттер және оларды қамтамасыз етудің кепілдіктері
95-бап. Дәрігерлік құпия
95-бап. Дәрігерлік құпия
1. Медициналық көмекке жүгіну фактісі, азаматтың денсаулығының жай-күйі, оның ауруының диагнозы туралы ақпарат пен оны зерттеп-қарау және (немесе) емдеу кезінде алынған өзге де мәліметтер дәрігерлік құпияны құрайды.
Денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелерінде сырқат адамға медициналық көмек көрсететін әрбір дәрігер және орта, кіші буын медицина қызметкері дәрігерлік құпия туралы білу тиіс.
2. Осы баптың 3 және 4-тармақтарында белгіленген жағдайлардан басқа, оқыту, кәсіптік, қызметтік және өзге де міндеттерді орындау кезінде дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтер белгілі болған адамдардың оларды жария етуіне жол берілмейді. 3. Дәрігерлік құпияны құрайтын мәліметтерді пациенттің немесе оның заңды өкілінің келісімімен пациентті зерттеп-қарау және емдеу мүддесіне орай, ғылыми зерттеулер жүргізу, осы мәліметтерді оқыту процесінде және өзге де мақсаттарға пайдалану үшін басқа жеке және (немесе) заңды тұлғаларға беруге жол беріледі.