3-ТАРАУ. ДЗ-тар мен МБ-дың айналысы саласындағы объектілерді жобалауға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар Ыдыстарды жуу-стерилдеу бөлмесі – ассистенттік – шлюзі бар өлшеп-орау – тығыздап жабу бөлмесі – дәрілік нысандарды стерилдеу бөлмесі.
Иньекциялық дәрілік нысандарды, көзге арналған тамшыларды және жаңа туған нәрестелерге арналған дәрілік нысандарды дайындаған кезде ассистенттік бөлмемен байланыс беру терезесі арқылы жүзеге асырылады.
Стерилді материалдарды сақтауға, асептикалық жағдайларда дәрілік түрлерді дайындауға арналған үй-жайларда құбырларды және арматураны көрінбейтіндей етіп салу көзделеді.
Асептикалық кешеннің үй-жайларында мынадай ағымдылық сақталады: Дәріханалар, оптика дүкендері, медициналық бұйымдар дүкендері:
бөлек тұрған ғимараттарда;
тұрғын үй қорына кірмейтін ғимараттар құрылымындағы оқшауланған үй-жайларда;
тұрғын үй қорына кіретін ғимараттар құрылымындағы оқшауланған үй-жайларда орналасады.
Медициналық бұйымдар қоймасы, дәріхана қоймасы және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды уақытша сақтау қоймасы:
бөлек тұрған ғимараттарда;
тұрғын үй қорына кірмейтін ғимарат құрылымындағы оқшауланған үй-жайларда орналасады.
Жылжымалы дәріхана пункті:
шкафтармен және дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтауға арналған тоңазытқыш жабдықпен;
су жинағыш-багы бар, қол жууға арналған қолжуғышпен жабдықталады.
Медициналық ұйымдардың дәріханалары:
медициналық ұйымға жататын аумақта бөлек тұрған ғимаратта;
медициналық ұйым ғимаратының құрылымындағы оқшауланған үй-жайларда орналасады.
4-ТАРАУ. Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы объектілердегі персоналдың еңбек, тұрмыстық қызмет көрсету жағдайларына қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар. Асептикалық жағдайларда жұмыс істейтін персонал жұмыс алдында орындалатын өндірістік операцияларға сәйкес түксіз матадан жасалған стерилді санитариялық киім киеді.