2 айлығында етпетінен жатып, басы мен кеудесін көтереді;
3 айлығында етпетінен жатып, шынтақтап денесін көтереді, демеп ұстаса, жамбастап отырады, шалқалап жатып, бүйіріне аунап түседі, мойны қатайып, басын тік ұстайды;
4 айлығында қозғалысы ширап, жеңілдей түседі; бала көтерілгенде алақанымен жер тірейді, әрі-бері аунап түседі, шалқалап "көпір" жасайды, әр түрлі заттарды қолына ұстайды;
6 айлығында демеп ұстамай-ақ өзі құйрығын басады, немесе тік тұрып, аяғын басуға талпынады;
7 айлығында еңбектейді, өздігінен отырады, тізерлеп тұрады, қолынан ұстап демесе, аттап қадам басады,ойыншықтарын бір қолынан екінші қолына алмастыра алады;
8 айлығында өздігінен отырады, басын өзі көтере алады, бір нәрседен ұстап жүруге талпынады;
9 ай толғанда қаз тұрады және қолынан жетектесе қаз-қаз басады;
10 айлығында өздігінен отырып тұрады, үстелді айналып жүреді, бір қолынан ұстаса, алғашқы қадам жасауға талпынады;
11-12 айлығында бір қолынан ұстағанда жақсы жүреді, демеп ұстамай-ақ өздігінен жүруге талпыныс жасайды, сүйеусіз-ақ отырады, жерде жатқан затты тізерлемей жерден көтеріп алады.