Дәрілік заттардың биологиялық белсенділігі және химиялық құрылымдылықпен өзара байланысы Фармацевтикалық және токсикологиялық химия, фармакогнозия және ботаника кафедрасы «Синтетикалық дәрілік заттардың химиясы және технологиясы»


Молекулярлық моделдеу принципі. Бұл әдіс морфин аналогтарын және аминді май қышқылының табиғи нейромедиаторы тектес ОЖЖ әсер ететін көптеген ДЗ алудағы тиімділігі жоғары анальгетиктерді синтездеуде қо



бет5/6
Дата11.09.2023
өлшемі5,31 Mb.
#180652
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
лекция 5 ХТСЛВ 2023-24

Молекулярлық моделдеу принципі. Бұл әдіс морфин аналогтарын және аминді май қышқылының табиғи нейромедиаторы тектес ОЖЖ әсер ететін көптеген ДЗ алудағы тиімділігі жоғары анальгетиктерді синтездеуде қолданылады.

  • Молекулярлық моделдеу принципі. Бұл әдіс морфин аналогтарын және аминді май қышқылының табиғи нейромедиаторы тектес ОЖЖ әсер ететін көптеген ДЗ алудағы тиімділігі жоғары анальгетиктерді синтездеуде қолданылады.
  • Дәрілік заттарды табиғи метаболиттердің негізінде жасау принципі. Дәрілік заттар ағзаға енгеннен кейін ксенобиотиктердің (ағзаны өзге заттардан қорғаушы ферменттер) әсерімен метаболиттерге айналады.
  • Антиметаболиттер концепциясы. Бұл әдіс құрылымы жағынан адам ағзасының табиғи (эндогенді) метаболитіне жақын тұратын синтетикалық дәрілік заттарды жасауға негізделген. Оған антигерпестік препарат – ацикловирдің синтезделуін келтіруге болады.
  • Комбинаторлық химия методологиясы. Бұл әдіс химиялық және биологиялық синтездеулерді параллельді жүргізуге, көпсанды қосылыстарды өте аз мөлшерде сынауға негізделген.
  • Функционалдық геномика және протеомика принципі. Бұл әдістің дамуы әр адамда қандай да бір генетикалық аурудың туындау мүмкіншілігін ертерек анықтауға мүмкіндік береді.

Фармакофорлық топтар

  • Қажетті биобелсенділікке қол жеткізу үшін потенциалды дәрілік заттың молекуласына белсенді фармакофорлық топтарды енгізу қажет. Мысалы, дәрілік заттың құрамында:
  • - фенолдық (фенол, резорцин, тимол) топтың болуы - антисептикалық қасиетті;
  • - карбамидтік фрагментті (барбитураттар) енгізу - ұйықтату әсерінің қалыптасуын;
  • - метандық (диарил) топтың болуы – антигистаминдік әсерді қамтамасыз етеді.
  • Мұндай құрылымдық фрагментті антисептикалық, антигистаминдік, анальгетикалық «магиялық» фармакофорлық топ деп атайды.

Фармакофорлық топтарды енгізу

  • Алкилдік топтардың енгізілуі биологиялық белсенді қосылыстардың улылығын төмендетеді. Мысалы, аммиактың тырыстыратын қасиеті метилдік топтарды енгізген кезде төмендейді.
  • Алифатты қосылыстарға гидроксилдік топтарды енгізу биологиялық белсенділіктің әлсіреуін туындатады және бұл әлсіреудің дәрежесі енгізілген топтардың санына пропорционалды болады. Мысалы, спирттердің (метанол, этанол) есірткілік және улылық қасиеттері болады, ал глицерин, маннит, сорбит улы емес, тәтті дәмді, қант диабеті ауруында қанттың орнын алмастырушы ретінде (маннит, сорбит) қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет