УДЫҢ АҒЗАҒА ТАРАЛУЫ ЖӘНЕ ЖИНАЛУЫ - У ағзада қан сарысуынды бос күйінде немесе белоктармен байланысқан күйде болады. Альбуминмен байланысқан заттар қанда ұзақ уақыт сақталады.
- Майда еритін улар қаннан тіндерге оңай өтеді.
- Кейбір улы заттар белгілі бір тіндерге таңдамалы жиналуы мүмкін*.
*Мысалы, қысқа уақыт әсер ететін барбитураттар (гексанал, этаминал натрий) май және бұлшық етте жиналады. Бор қышқылы мен тетрациклин сүйекке жиналады. УЛЫ ЗАТТАРДЫҢ БИОТРАНСФОРМАЦИЯСЫ
Улы заттар бауырда химиялық өзгерістерге ұшырайды. Нәтижесінде заттардың уыттылығы төмендейді, ал кейде ол заттан ағзаға қауіпті, өте улы зат түзілуі мүмкін*.
*Мысалы, метил спиртінің улылығы аз, бірақ бауыр ферментінің әсерінен ол формальдегидке және құмырсқа қышқылына айналады. Түзілген метаболиттер көздің зақымдануына және ағзаның басқа да бұзылыстарына әкеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |