Дәрілік заттардың кері әсерлерінің негізгі себептері.
Көбінесе, дәрілік заттардың кері әсерлерінің алдын алуға болады. Бірақ соңғы зерттеулер бойынша бұл қателіктер дәрігерлердің дәрі дәрмектердің кері әсерлері мен қай кезде қолдануға болмайтынымен толық таныс еместігінен екені көрініп отыр. Мұның да өз ақтауы бар, қазіргі кезде дәрі дәрмек шығаратын фирмалар өте көбейіп кеткен және көптеген дәрілердің рецептурасы жоқ. Тағы да көптеген себептер бар
Дәрі-дәрмектермен улану
Клиникалық көрінісі: қозу, эйфория. Бастың айналуы, кұлақта шудың естілуі, есту және көру қабілетінің нашарлауы. Тыныс жиілейді. Сандырақтап, есеңгіреп комалық күйге енеді. Кейде тері астында геморрагиялар пайда болып, мұрыннан, асқазан — ішек жолдарынан қан кетуі мүмкін. Ары қарай метгемоглобинемия, токсикалық нефропатия, метоболикалық ацидоз дамиды.