Дәріс -2 Инклюзивті білім берудің критерийлері мен көрсеткіштері, компоненттері


Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі бағыттары



бет3/3
Дата14.09.2023
өлшемі24,16 Kb.
#181077
1   2   3
Байланысты:
Лекция №2

Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі бағыттары

Инклюзивті білім беру барлық балалардың, соның ішінде денсаулығында мәселелері және қоғамға әлеуметтік бейімделуінде қиындығы бар балалардың да сапалы білімге тең қолжетімділік құқығын қамтамасыз етеді.
2020 жылға дейінгі білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында ел мектептерінде (мектепте педагог-психологтың, балаларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың, арнайы жеке техникалық және теңгеруші құралдардың болуы және т.б.) ерекше қажеттілігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеудің тең қолжетімділігін қамтамасыз ету міндеті қойылған.
Ерекше қажеттілігі бар балаларды жалпы білім беретін мектепке қосу үдерісі көптеген елдердің білім беру саясатының жетекші бағыты болып табылады және білім беру жүйесі ұйымдарында қарапайым құрдастарымен бірге осындай балаларды оқыту процесі табысты өткенін көрсетеді.
Елде және шет елде инклюзивті білім беру бойынша мониторингтік зерттеу жүргізу әр түрлі мәліметтер базасын құруға және білім беру процесіне инклюзивті білім беруді кіріктіру процесінің толық жете сипаттауын құрайтын тәжірибені бақылауға мүмкіндік береді. Арнайы және инклюзивті білім беруге жүргізілген мониторингтің нақты мәліметтері негізінде инклюзивті білім берудің тиімді моделі туралы тұжырымдар жасауға мүмкіндік беретін талдаудың әр түрлі түрлері жасалуы мүмкін.
Қазіргі уақытта біздің елде арнайы қажеттілігі бар балалар үшін дамыту мен оқытуға арналған қажетті жағдай жасалған, арнайы білім беру жүйесінде психологиялық-педагогикалық қолдаумен қоса, балалардың даму бұзылыстары (есту, көру, сөйлеу, ақыл-ой, қимыл-қозғалыс аппараттары) түрлеріне сәйкес, арнайы мектептерде де (барлығы 106 мектеп) іске асуы мүмкін әлеуметтік қызметтің сегіз түрі көрсетіледі.
Осы мектепте балалар дамуында өздеріне ұқсас мәселелері бар балалардың ортасында болады, барлық қажетті көмекті алады, сондықтан, мектептер арнайы құрал-жабдықтармен, техникалық құралдармен жабдықталған, медициналық қолдаумен, дайындалған кадрлармен, оқу- әдістемелік материалдармен және бағдарламалармен қамтамасыз етілген.
Сегіз түрлі мектептің жетеуінде (ақыл-ой бұзылысы бар балаларға арналған мектептерден басқасы) балалар мемлекеттік стандартқа сәйкес білім алады. Кеңестік жүйедегі арнайы білім беру мұрасы ретінде, арнайы білім берудің бұл ерекшелігі біздің елде де сақталған.
Бұрынғы Кеңес Одағы- арнайы мектептерде ерекше қажеттілігі бар балаларға мемлекеттік стандартқа сәйкес білім берген әлемдегі бірден-бір ел болды. Бірақ біздің елдің арнайы мектептерінде дамуында ерекше қажеттілігі бар балалар санынан 13,9% оқиды (Республикалық психологиялық- медициналық педагогикалық кеңес мәліметтері бойынша).
Қарастырылып отырған санаттағы мектеп оқушыларының көп бөлігі олардың табысты оқуы үшін әлі қажетті жағдай жасалмаған жалпы білім беру жүйесіне қосылған. Жалпы білім беретін мектептерде құрамына ДМШ балалар кіретін білім алушыларға әрқашан да арнайы білім беруде оқитын балаларға осындай қолдауды ұйымдастыру міндеті қойылды. Соның нәтижесінде, арнайы қажеттілігі бар балалармен педагогикалық жұмыс тәжірибесін арнайы білім беру жүйесінен жалпы білім беру жүйесіне ауыстырудың қажеттілігі туралы қорытынды шығарылды. Инклюзивті білім беру мамандарының пікірінше дәл осы жұмыс біздің елдегі инклюзивті білім беруді дамытудағы бағыттардың бірі болуы тиіс. Ол екі бөлек дәстүрлі қызмет ететін арнайы және жалпы білім беру жүйесін жақындастыруды, жалпы білім беретін педагогтер мен дефектологтардың серіктестігін, білім берудің арнайы ұйымдарына жалпы білім беру жүйесіндегі инклюзивті процестерді дамыту бойынша ресурстық орталықтар қызметін тапсыруды талап етеді.
Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі бағыттары ретінде, келесілерді бөліп көрсетуге болады:
 арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың нормативтік- құқықтық және ұйымдастырушылық-экономикалық негізі мен механизмдерін жетілдіру;
 инклюзивті білім беруді дамытудың әдіснамалық, оқу-әдістемелік негізін жетілдіру;
 білім алушыларды жекелеген түзету-педагогикалық және әлеуметтік- психологиялық қолдауды іске асыру, білім алушыларға мектептік қауымдастықтың маңызды және белсенді қатысушысы болуына мүмкіндік беретін жайлы білім беру ортасын құру, өзі-өзі бағалауға, оқуға және әлеуметтенуге уәждемені арттыру;
 қолжетімді «кедергісіз орта» құру және білім алушыларды теңгерушілік құралдармен қамтамасыз ету, инклюзивті білім беруді іске асыратын білім беру ұйымдарын кадрлық қамтамасыз етуді жақсарту;
 ерекше оқытуды қажет ететін тұлғалардың келешекте мамандықты меңгеруде техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру деңгейіндегі оқуын жалғастыру үшін жағдай жасау;
 ерте диагностикалау және балаларды ерте жастан түзету- педагогикалық қолдаудың тәсілдері мен әдістерін әзірлеу;
 инклюзивті және арнайы білім беру саласында қолданбалы ғылыми зерттеу жүргізу;
 арнайы қажеттілігі бар мектепке дейінгі жастағы балалардың инклюзивті білім беруге тең қол жетімділігін қамтамасыз ету механизмін әзірлеу;
 арнайы педагогика бойынша білікті кадрлар даярлау;
 оқыту сапасына мониторинг жүргізу, кіріктірілген балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету;

 инклюзивті білім беруде кәсіптендіруге бағыттаумен білім беру деңгейлері арасындағы сабақтастыққа қол жеткізу.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет