Дәріс -2
Инклюзивті білім берудің критерийлері мен көрсеткіштері, компоненттері
Жоспар
1.1 Инклюзивті білім беру пәнінің мақсат міндеттері және бағдарлама құрылымына шолу жасау
1.2 Инклюзивті білім беруді дамытудың негізгі бағыттары
Дәріс мазмұны
1.1 Инклюзивті білім беру пәнінің мақсат - міндеттері және бағдарлама құрылымына шолу жасау
Бүкіл әлем инклюзивтік білім беру идеясы мен тәжірибесіне назар аударуда. Білім беру жүйесі барлық санаттағы азаматтарды тиімді білім берумен қамтамасыз етуге байланысты әр түрлі мәселелерге кездесуде. Барлығына арналған білім беру үшін мүмкіндіктерді демократияландыру жолында алға жылжу қажеттілігі қоғамды ізгілендіруге бағытталған ұлттық стратегия мен саясатты қалыптастыру мақсатындағы инклюзия үдерісіне негізделеді.
«Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында және оны іске асыру стратегиялық жоспарларда мүмкіндіктері шектеулі балаларды білім беру үдерісіне қосу механизмі нақты белгіленген, олар үшін қолжетімді ортамен қамсыздандыру талаптары анықталған. Құжаттарға сәйкес 2020 жылы жалпы білім беру мектептерінің 70%-ында инклюзивтік білім беруге арналған жағдайлар жасалуға тиісті [1].
Инклюзивтік білім беру – бұл барлық балаларды олардың денсаулық жағдайына, экономикалық жағдайына, этникалық немесе әлеуметтік шығу тегіне, тіліне, жынысы мен жеке ерекшеліктеріне қарамай жалпы білім беру үдерісіне қосуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Барлық өркениетті әлемдегі қоғам жалпы адамзаттық моральға және әлеуметтік әділеттіліктің талаптарына сәйкес – білім беруде ерекше қажеттіліктері бар балаларды кемсітушілікке жол берілмеуі керек деген ұғымға келді. Қазақстан Республикасы БҰҰ-ның адам құқығы аясындағы конвенцияларын, декларациялары мен ұғымдарын басшылыққа ала отырып, барлық балалардың, оның ішінде денсаулық жағдайына (психофизикалық бұзылыстар, АҚТҚ және ЖҚТБ жұқпалы аурулы балалар және т.б.); қоғамда әлеуметтік бейімделу мәселелері бар (жетім, әумесерлік тәртіп), әлеуметтік- экономикалық немесе әлеуметтік-психологиялық мәртебесі төмен жанұяның жағдайына (нашар отбасыдан, қашқындар, оралмандар, азшылық ұлттардың балалары) байланысты білім алуда ерекше қажеттіліктері бар балаларға сапалы білім беруге міндеттеме алады. Сол себепті ЖОО дарында болашақ педагог мамандарға инклюзивті білім беру бойынша курс енгізілді.
Пәннің мақсаты:
Инклюзивтік білім беру ортасында балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық әдістердің негізгі мәселелерін оқып-үйренуге және шығармашылықпен болашақ қызметін атқаруға бағыт-бағдар беруге көмектесу.
«Инклюзивтік білім беру ортасында балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық әдістер оқытуды ұйымдастырудың әдістемесін меңгертіп, кәсіби дағдыландыру қалыптастыру.
Пәнді оқытудың міндеттері
студенттердің инклюзивтік білім беру ортасында балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық әдістердің теориялық негіздері бойынша білімін қалыптастыру:
Балалардың инклюзивтік білім беру ортасында балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық әдістер білім берудің мазмұны және әдістерімен таныстыру әдістемесі:
инклюзивтік білім беру ортасында балаларды оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық әдістер білім беруде оқыту процесін ұйымдастырудың жолдарын үйрету
Достарыңызбен бөлісу: |