|
|
бет | 4/4 | Дата | 05.10.2023 | өлшемі | 83,5 Kb. | | #183851 |
| Байланысты: 316625209989 №4 дәрісВ дыбысы Б арқылы: волость – болыс, валюта – балута, вариант – бариант, выставка – быстапке, варваризм – барбаризм, взвод – ызбот. Москва – мәскеу, самовар – самаурын, завод – зауыт. коллектив – көлектіп, кооператив – көператіп, выставка – быстапка, негатив – негатіп деп жазылды.
Ф дыбысының жазылуы П дыбысына алмастырылды: фаза – paza, факт – pakt, философия– pijlosopija, фонд – pond, фабрика – pәвirig. Кей жағдайда сөздің басында К,Қ әріптеріне алмастырып игерген: Федор – Қодар, фуфайка – күпәйке.
Ё дыбысының жазылуы И+Оқосындысы арқылы берілді: iolka, zaiom. Ё дыбысы Е дыбысынан басқа дауыссыз дыбыстан соң келсе, Ө әрпімен берілген: aktөr, mantөr, pulemөt, katөl, pөlөmkin, вudөnni т. б.
Орыс тіліндегі Ц дыбысының жазылуы С әрпіне алмастырылды: центр –sеntir, цивилизация – siвijlijzatsija, центнер – sentiner, кейде ТС арқылы берілді: Жрец – çirets, кварц – kвarts. Сонымен қатар Ч, Щ дыбыстарының жазылуы қазақ тілінде Ш әрпіне алмасты: чертеж – certeç (шертеж), участка – yvcaske (үушаске), щетка – cөtke (шөтке).
Басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда тарихи себептердің салдарынан латындандыру үдерісі кеш басталғанымен де, 1927-1930 жылдары жүргізілген ауқымды іс-шаралар негізінде латын әліпбиі мемлекеттік мәртебеге ие болып, жаңа графикада ұлттық баспасөз бен оқу құралдары жарыққа шығарылып, барлық оқу орындарында оқыту латын графикасының негізінде жүргізілді, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдарда іс жүргізу де латын әліпбиіне толықтай көшті. Жаңа әліпбиге көшу үдерісіне қазақтың белді әрі танымал мемлекет және қоғам қайраткерлері, ғалымдары мен тілтанушылары, мәдениет және өнер, білім және ағарту салаларының қызметкерлері араласып, оны жүзеге асыруға өз үлестерін қосты. Елімізде латын әліпбиін жаппай енгізу және латын графикасындағы әліпбиді жетілдіру, оның орфографиясын, жазу емлесін қалыптастыру, терминологиясын жасап шығару бірнеше жыл бойы қатар жүрді. 32 әріптен құралған қазақ латын әліпбиінің соңғы нұсқасы Қазақ КСР-нің Орталық Атқару Комитетімен және Халық Комиссарлар Кеңесімен тек 1938 жылы ғана қабылданды. Дегенмен, екі жылдан кейін 1940 жылы латын графикасындағы әліпбиді кириллицаның негізінде жасалынған жаңа әліпби алмастырды. Қорытындылай келе, КСРО халықтарының жазу жүйесін қалыптастыруда ерекше кезең болып есептелінетін латын әріпіне көшу ісінің мәдени әрі әлеуметтік өмірімізде әжептәуір рөл атқарғандығын айта кеткен жөн. Бұл жазу, ең алдымен, әлеуметтік прогресті жетілдіре түсудің таптырмас құралына айналды. Тағы бір үлкен пайдасы өзара туыстас тілдерде жарияланған көптеген көркем әдебиеттер мен материалдар қолжетімді, танысуға оңай, оқуға жеңіл болды.
Пайдаланылған әдебиетттер тізімі
1. Баскаков Н.А. Введение в изучение тюркских языков. – Москва, 1962.
2. Айдаров Ғ. Көне түркі ескерткіштерінің тілі. – Алматы, 1986.
3. Орхонские надписи. Кюль-Тегин, Бильге-Каган, Тоньюкук. МКА. – Семей, 2001.
4. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. –М-Л., 1951.
5. Хасанова С.Ш. Көне түркі және араб-латын жазбалары. – А., 1994
6.Аманжолов А.С. Түркі филологиясы және жазу тарихы. Алматы, 1996.
7. Күдеринова Қ. Түркі тілдерінің әліпбиі мен емле тарихы. – Алматы: Қазақ тілі, 2016. – 336 бет.
8.https://e-history.kz/kz/contents/view/6813© e-history.kz
9. Смағұлова С.О. ХХ ғасырдың 20-30 жылдарындағы латын әліпбиіне көшу мәселесі тарихынан // Отан тарихы. – 2007. – № 1. – 121 б.
10. Досмұхамедов Х. Қазақ тіліне латын харфін алу мәселесі // Ақ жол. – 1924. – № 435.
11. Первый Всесоюзный Тюркологический Съезд. – Баку: НагылЕви, 2011. – С. 375-376.
12. Күдеринова Қ. Қазақ жазуының теориялық негіздері.- Алматы: Мемлекеттік тілді дамыту орталығы, 2010.- 380 бет.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|