Латын әліпбиі
Алғаш латын әліпбиі 20 әріптен тұрған, қазір онда 25 әріп бар.
Бүгінде латын әліпбиі - дүниежүзінде ең кең тараған әліпби үлгісі. Латын әліпбиі ежелгі Мысыр, Семит халқы, ежелгі Греция, Этрустар және Рим империясының мәдени бірігуінің өнімі деп айта аламыз. Әрине, латын жазуы бірден пайда болған жоқ. Тілдерді дамыту саласындағы барлық үдерістер ұзақ уақытқа созылады, сол сияқты латын тілі мен латын жазуы баяу және біртіндеп дамыды. Латын əліпбиінің шығу тегіне байланысты əртүрлі нұсқалар мен болжамдар бар. Басқа нұсқаға қарағанда, латын тілінің прототипі этрусс əліпбиі болып табылады. Этрусс тайпалары – мəдениеттің негізін салушылар, əрі Римнің саяси бəсекелестері. Ежелгі Рим мемлекетінде латын әліпбиі б зн б VII ғасырда грек және этрус әліпбиінің тармағы ретінде пайдаланылса, біздің заманымыздың І ғасырында әліпби ретінде толықтай қалыптасты. Сол заманда кейбір әріптердің фонетикалық мағынасы өзгерді, кейбір әріптер жоғалды және орындарына басқа әріптер қосылды. Осыған орай, латын әліпбиі тарихында бірнеше жазу стилі дамыды (қолжазба стилі). Латын әліпбиі алғашқыда «serifed» хаттарындағы сияқты тек бас әріптермен жазылған. Ал кіші әріптермен жазылу үлгісі қолмен жазылған стильдер арқылы дами бастаған.
Әр жазба жасына қарай көптеген стильдік өзгерістерге ұшыраған, оларды әлі де сол хаттар ретінде таниды.
Латын жазуының алғашқы үлгілері қатарына біздің заманымыздан бұрынғы V-VII ғасырлардағы ескерткіштер жатады. Мұндай мұралар қатарына Рим мемлекетін зерттеп, қазу кезінде табылған V ғасырға жататын ритуалдық ыдыстар және Рим құқығының алғашқы жазба ескерткіші жатады.
Бұл ескерткіштерде іс жүзіндегі сот рәсімдері, жеке және ұжымдық меншік қағидаттары, отбасылық құқықтар, жазалау жүйесі белгіленетін бірінші құқықтық кодекстер жазылған. Ең атақтысы болып Рим форумындағы тас сүрлеудегі ескі əріптермен жазылған киелі мазмұндағы (ант немесе қарғыс) жазбалар есептеледі. Алғашқы латын әліпби үлгісінде тек 20 әріп берілген. Негізгі латын әліпбиі келесі әріптерден тұрған: A B C D E F H I K L M N O P Q R S T V X.
Б.з.б. 230-жылдары латын әліпбиі қатарына «G», «Y» және «Z» әріптері қосылды. Цицерон және Цезарь билігі кезінде грек тіліндегі сөздердің көбі латын тіліне еніп, грек сөздерінің транслитерациясы (лат. trans– арқылы, littera – әріп - бір жазудағы әріптерді екінші бір жазудын әріптерімен, яғни бір әліпбидегі жазуды баска бір әліпбиге ауыстыру) үшін «Y» және «Z» әріптері қолданылған. Ал «G»-ге келетін болсақ, классикалық латын әліпбиіне «С» әріпінің модификациялануы, яғни көлденең сызықша арқылы түрленуі негізінде енген. Христиан дінін қарқынды таралуы салдарынан латын әліпбиіне өзгеріс еніп 23 әріп бекітілді. Олар: A B C D E F G H I K L M N O P Q R S T V X Y Z.
Кейінірек қайта өркендеу дәуірінде екі қосымша әріп әліпби қатарына қосылды. Буынға бөлінетін және буынға бөлінбейтін әріптердің дифференциациялануы арқылы «I» ретінде «J», «V» ретінде «U» әріптері қосылды. Нәтижесінде 25 әріптен тұратын заманауи әліпби пайда болды: A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V X Y Z.
Орта ғасырларда латын жазуында жиі қолданылатын префикстер (түбір алдынан орын алатын аффикс), жұрнақтар және тіпті сөздердің түбірі лигатуралар (бір ғана дыбысты білдіретін екі немесе одан көп әріптердің қосындысы) мен арнайы белгілердің көмегімен қысқартылды, олардың кейбіреулері бүгін де пайдаланылады. Мысалы, @ және & символдары латынның ad («к») және et («и») сөзінен бастау алады.
ХVІ ғасырда Солтүстік Еуропада ХІ ғасырда пайда болған және неміс тілдеріндегі хаттамаларда пайдаланылатын VV диграфтарын жеке әріп ретінде қолдана бастады. Сол себепті англосаксондық [W]дыбысын беру үшін нормандық кітап жазушылары «W» әріпін енгізіп, соңғы және бүгінгі таңдағы 26 әріптен тұратын латын әліпбиін ойлап тапты: A B C D E F G H I J K L M N O P Q R S T U V W X Y Z.
Бұл стандартты 26 әріптік әліпби стандарттау жөніндегі халықаралық ұйым (ISO) «базалық латын алфавиті» ретінде бекіткен. Бұл әліпби заманауи ағылшын әліпбиімен сәйкес келеді. Алайда, латын әліпбиі, сондай-ақ романдық тілдер туралы айтқан кезде «W» көбінесе әріптердің құрамына кірмейді, сондықтан латын әліпбиі 25 әріптен тұрады деген тұжырым бар.
Көптеген тілдер үшін стандартты латын әліпбиі жеткіліксіз, сондықтан тілдердің фонетикалық жүйелерін латын графикасына бейімдеу үшін әртүрлі диакритикалық белгілер, лигатуралар және әріптердің басқа да модификациялары жиі қолданылады.
Басқа тілдерде латын әліпбиі жаңа әріптердің пайда болуына байланысты кеңейтілді. Латын әліпбиі негізінде жазу көптеген тілдерде қолданылады. Олардың қатарына романдық тілдер тобы, герман, кельт және балтық топтарының барлық тілдері, сондай-ақ славян, финн-угор, түркі, семит және иран топтарының кейбір тілдері, албан, баск тілдері, сондай-ақ үнді (вьетнам тілі), мьянма, зонд архипелаг және филиппин тілдерінің көпшілігі, африка (сахараның оңтүстігіне қарай), америка, австралия және басқа да тілдерде, сондай-ақ жасанды тілдерде де (мысалы, эсперанто) пайдаланады.
Жоғарыда айтылғандай, классикалық латын әліпбиі 26 әріптен тұрады, олар 6 дауысты, 20 дауыссыз дыбысты таңбалайды. Латын әріптері роман, герман және басқа да тілдердер жазуына негіз болған. Бірақ барлығы да латын әріптерін алғанмен, әр халықтың әліпбиіндегі әріптердің бәрі де бірдей фонемаларды таңбалай бермейді, әр әліпбидің өзіндік ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар. Әріптің аз болуы әр тілдің дыбыстар санына сай келмегендігінен, бір дыбысты бірнеше әріппен біріктіріп таңбалау қажет болған. Бір дыбысқа бір таңба ұстанымы толық сақталмады. Әріп тіркестері алынып, бір дыбысқа екі әріп ұстанымы қоса жүрді. Тегістей латын әріптерін қолданса да, Европа халықтарының әліпбиінде өзгешеліктер бар. Мысалы: «Х» фонемасы: неміс тілінде - Ch, ағылшын тілінде -Kh, француз тілінде - Kh, ал «Ш» фонемасы; неміс тілінде - sch, ағылшын тілінде - Sh, француз тілінде – sz таңбалары арқылы жазылады. Француз тілінде 17 дауысты, 18 дауыссыз, неміс тілінде 16 дауысты, 21 дауыссыз, ағылшын тілінде 15 дауысты, 15 дауыссыз және дифтонг бар. Ал латын әліпбиін алатын болсақ онда алты монофтонг (жалаң дауысты), екі дифтонг (қос дауысты), үш диграф (қос таңбалы) дауысты дыбыстар бар. Жалаң дауыстыларға: а, е, і, о, u, у, жатса, қос дауыстыларға - аu, еu және қос таңбалы дауыстыларға ae, oe, ue жатады. Сондай-ақ дауысты дыбыстардың санына, орналасу тәртібіне байланысты сөздерге екпін түседі. Осыған орай буындар жабық және ашық деп бөлінеді. Егер дауыссызға бітсе жабық буын, ал дауыстыға немесе дифтонгіге аяқталған жағдайда созылыңқы және қысқа айтылады. Осыған байланысты ашық буын болып есептелінеді.
Қортындылай келе, латын әліпбиі – қазіргі әлемнің алдыңғы қатарлы дамыған елдері қолданатын және батыс жұртшылығына кеңінен таныс өркениет жазуы. Біздің заманымызға дейінгі VII ғасырда бастау алып, соңғы 2500 жыл ішінде болған тарихи шайқастарға, мәдени қақтығыстарға байланысты көптеген өзгеріске ұшырағанына қарамастан қазіргі таңда жер шарында өзіндік орнын алған әліпби үлгісі. Кез келген әліпбидің мақсат-міндеті графикалық (әріптің дыбысты таңбалауы, жазуға, оқуға, көруге оңтайлы болуы), лингвистикалық (тілді дәлме-дәл жеткізуі), техникалық (баспа істері, компьютер, интернет, телефакс) талаптарға сай болуында. Қазіргі таңда латын әліпбиі осы талаптарға сай екендігін, қолданыс аясында да мүмкіндігі зор екендігін танытуда.
Достарыңызбен бөлісу: |