Радиациялық зақымдану дәрежесі. Жергілікті жердің радиоактивтілікпен ластануы кезінде адамдарды сәулеленуден қорғау жағдайын жасау өте қиын. Сондықтан радиоактивті заттармен ластанған аймақтағы іс – әрекет кезінде белгілі бір уақытқа рұқсат етілген сәулелену мөлшері орнатылады, олар ережеге бойынша, адамдарды сәулелену (радиациямен) зақымдануды болдырмау керек.
Радиациямен зақымдану дәрежесі қабылданған сәулелену дозасы мен уақытына тәуелдіболатыны белгілі. Сәулелену мөлшерінің барлығы дерлік қауіпті емес. Егер ол 50 Р аспаса, онда ол тіпті сәулелену ауруын айтпағанда еңбекке қабілеттілікті де жоғалтпайды. Қысқа уақыт аралығында қабылданған 200-300 Р мөлшері ауыр радиациялы зақымдануды болдыруы мүмкін. Бірнеше ай ішінде қабылданған мұндай доза немесе бір қалыпты сәулелену кезінде қабылданса, ауруға алып келмейді. Адамның сау организмі осы уақыт ішінде сәулеленуден өлген жасушаның орнына жаңа жасуша туындатуға қабілетті.
Рұқсат етілген сәулелену мөлшерін анықтау кезінде оның бір рет қайталануы немесе бірнеше рет қайталануы мүмкін екенін ескеру қажет. Бір peт қайталанатындар,оған алғашқы 4 тәулікте қабылданған сәулеленулер саналады. Бұл кезеңнен асып кеткен уақыт ішінде қабылданған сәулелену бірнеше peт қайталанатын болып саналады. Адамдардың бір рет қайталанатын мөлшермен; 100 Р сәулеленуі және одан көбірек дозаларды кейде өткір сәулелену деп аталатын сәулеленуді қабылдауы мүмкін.