Дәріс №10. Тақырыбы:Жалпы білім берудегі аутизм синдромына шалдыққан балалар. Мақсаты: инклюзивті білім берудің қағидаларымен және философиялық, әдіснамалық негіздері туралы, ерекше қажеттіліктері бар балалардың психологиялық-педагогикалық қолдауға байланысты заманауи моделдері туралы түсініктері мен инклюзивті тәжірибе аймағында ұйымдастыру мен басқару құзыреттіліктерін қалыптастыру.
Дәріс жоспары:
1.Ерте балалық шақ кезіндегі аутизм ауырлығына жіктелуі.
2.Аутизм синдромы бар балалардың бойындағы психологиялық ерекшеліктері.
1.Балалар аутизмі – психологиялық дамудың бұзылуы, мұндай балалар адамдармен қатынасуда және әлеуметтік әрекеттестікте қиындыққа ұшырайды .
Мұндай жағдайда психиканың кей тұстары уақытымен дамыса, енді бірі уақытынан озып кетеді, ал кей түрлері мүлде артта қалып қояды.
Аутизмі бар балаларда интеллектуалдық және эмоционалдық дамудың айырмашылығы үлкен болады, бір салада көп жетістікке жетсе, бір сала дамымай қалады.
Аутистік дамудың бір ерекшелігі – сөйлеу және интеллектуалдық мүмкіндіктері қалыпты болғанына қарамастан, бала бұл мүмкіндіктерін шынайы өмірде, айналасындағылармен араласқанда қолдануға асықпайды.
2.Аутизм синдромы бар балалардың бойындағы ерекшеліктер:
Аутист балаларды 4 топқа бөлуге болады:
Бекіту сұрақтары:
1.Ерте балалық шақ кезіндегі аутизм ауырлығына жіктелуі туралы не білдіңіз?
2.Аутизм синдромы бар балалардың бойындағы психологиялық ерекшеліктерін атаңыз.