Дәріс № Тақырыбы: Сендірерлік аргументация әзірлеу. Мақсаты



Дата31.10.2019
өлшемі28,02 Kb.
#50900
Байланысты:
Дәріс 8.

Дәріс № 8.

Тақырыбы:Сендірерлік аргументация әзірлеу.

Мақсаты: Студенттерді дербес ойлаудың, сыни талдаудың және қабылдаудың, қоршаған шындықты объективті бағалау дағдыларымен иелену.

Дәріс жоспары:

1.Аргументацияның әдістемелік негіздері

2.Аргументацияның базалық принциптері

3.Аргументтерді іріктеу және бағалау

4.Аргументтерді ұсыну жүйелілігі.

1.Қоғамның пікірін сауалнама,сұхбат,отырыстар және бақылау арқылы анықтауға болады.Алғашқы позиция анализі толық болып есептелінеді егер қатаңда жұмсақ та ақпараттар болса. Алғашқы позицияның толық анализіне мысал болып финдық менджмент саласы манманының жұмысында ұсынылған.



Табыс факторы




Болжамдар

*өзгерісті күту

*шектеу

*мүдделер



*кедергі
*



Тәуекел

* қызмет шеңбері

*нарық

*бәсекелес



*әлеуметтік факторлар

*саяси факторлар

*институционалды факторлар




Мүмкіндіктер

*қызмет шеңбері

*нарық

*бәсекелес



*әлеуметтік факторлар

*саяси факторлар

*институционалды факторлар
*




Әлсіз жақтары

*өнім


*нарық

*эконмика

*басқару

*ресурс






Күшті жақтары

*өнім


*нарық

*эконмика

*басқару

*ресурс




Қорытынды

*болжамға әсер тигізу *қәуіптің алдын алу

*күтімге әсер тигізу *байланысты топтар мен күшті жақтарды нығайту





Соңғы қорытындыны алу

*статистикалық жоспар

*жылдық жоспар

Суретте анализдің әр түрлі бөліктеріне және оның нақты мазмұнына нақты мысал келтірілген.Ұйымның қызметінің күшті және әлсіз жақтарының мүмкіншілігі мен қауіпінің біртұтас анализінің төрт жолы деп аталады.Ол ұйым қызметінің ұйым қызметінің сыртқы факторы (мүмкіншілік пен қауіп) және ішкі факторларға бөлінеді (күшті және әлсіз жерлері).

Егерде қолданыстағы позиция анализінен шешім қабылдаудың болашақтағы кезеңде қажетті қорытынды жасалмаса онда ол мағынасын жоғалтады.Нақты және терең қорытындылар анализдің барлық кезеңдері негізінде жасалуы керек.Олар байланыс топтың күтуіне мүмкіншіліктерді қолдану , байланыс топтардың күтуіне болашақта қоршаған орта көрсете алатын мүмкіншіліктерін пайдалану, өзінде тұра алмайтын қауіптердің алдын алу және ұйымның ішкі күшті жақтарын нығайту және ішкі әлсіздіктерінен алшақтауға реакциясына тисе алады.

кестеде әр түрлі кезеңдердегі демократиялық қоғамдағы мемлекеттік – әкімшілік шешімін қабылдау процессіндегі қатысушылардың типтік мәліметінен тұрады.

кесте

Шешім қабылдау процессінің фазасы

1

2

3

4

Қатысушылар

Тұлғалар,саяси партиялар,қоғамдық немесе мемлекеттік ұйымдар

саяси партиялар, қоғамдық ұйымдар,эксперттар,мемлекеттік әкімшілік

мемлекеттік әкімшілік органдары

мемлекеттік әкімшілік,азаматтық

Қатысу формасы

Қоғамдық пікірді мобилизациялау,постулаттарды тапсыру,қысымның әр түрлері

талқылаулар

Дауыс беру,келісімді шешім

Әсер ету,манипулияция

Екінші және үшінші фактордағы мәселе анализін құрылымдауда немесе альтернативалардың біреуін таңдауда шешім қабылдау процессі рационалды және нәтижелі болу үшін жанжалдың тәжірибелік тәсілін қолдануға болады.Туындаған мәселе жайлы барлвқ мәліметтер шешім қабылдау орталығына түскеннен кейін күресуші екі жақтың жанжалын ушығып кетуінен сақтау үшін мәселені қарастыру барысында рационалды талқылау ережесін қолдану керек.Рационалды талдау ередесіне мыналар жатады: мәселені дұрыс қою;әр қосымша сұрақты негізгіге айналдыру керек,сол кезде әр қайсысы кезекпен талқыланады.Осы жерде талқылау мүшесінің жағынан талқылау кезінде қандай да бір қысымсыз негізгі мәселе анықталады және орта шеңберінде орын алады. Көп мағыналы терминдердің мағынасының байланысу ережесі: талқылау қатысушылар пайда болып отырған мәселенің негізгі түсініктеріне қандай ой қосатындарын ең басында келісулері керек.Бұл талқылаудың жалғасындағы көптеген түсініспеушіліктен алшауға көмектеседі.Мысал ретінде әр түрлі фармацевтикалық тұтынушылар арасындағы тапшылық ресурстарды (дәрілік шикізат) бөлу мәселесін қарастыруға болады.Жоғарыда көрсетілген рационалды талқылау ережелеріне байланысты берілген дәрілік шикізатқа үміткерлердің барлығының өтініштерін әр қайсысын қарастырып шығу керек.Сонымен қатар әр мүдделі жақ өз аргументтерін қорғауы тиіс, яғни :шикізат нақты қандай дәрілік препараттарға қолданылады,ұсынылып отырған тұтынушы кім және қандай мақсатпен неге шет елден сатып алғанша отандық препараттарды шығару тиімді болып табылады.

Бір уақытта әр жақ бәсекелес кәсіпорындарға дәлелденген аргументалды сын ұсынуы керек.:дәрілік препарттарды шығару неге маңызыдрақ,егер арзанырақ болса басқа елден дәрілерді алу мүмкіншілігі бар ма.Ең басында талқылауға түскен екі жақ мәселені талқылау барысында қолданылатын терминдер мен түсініктер жайында шешімге келіп алулары қажет:дәрілік препараттардың атауы ,оларды қолдану ,әр кәсіпорындар тұынушыға шығарудағы шет елге ұқсас препараттардың құны , шет елдерде барлық талқылауға қатысушылар рационалды талқылаудың барлық ережелерін сақтайтын болса,онда негізгі сұрақ кім және неліктен дәрілік шикізатқа өте мұқтаж екендігі дебат процессінде жайлап анықталады және біреуінің жағының қысымынсыз орталық орынға шығады. Қорытысында нәтижелі және рационалды болған шешім емес,рационалды тәсіл көмегімен дискуссия жүргізу арқылы өз жағына көп жақтаушылар жинаған жеңуі мүмкін болып табылады.Сондықтан мәселені талқылау барысында артық эмоцианалды күш түсіретінін айтылған рационалды емес тәсілдерден мүмкіншілігінше алшақтау керек.Ұсынылып отырған шешімдердің толығымен анықталуы әлсіз жақтардың және жоспарланып отырған әлеуметтік өзгерістің сыни емес бағалау ерекшелігінен қашу үшін,талқылауға қатысуға билік өкілдерін және әкімшілік,эксперттердіңғана емес сонымен қатар шешім қабылдау тәсілдерін әлеуметтік топ өкілдері шығару керек.

2.Мамандар топтық пікірдің қақпаны деп атайтын бірнеше факторларды бәрінен бұрын ескермесе топпен талқылау жалған жолмен кетуі әбден мүмкін.Төменде кең таралған қақпаның жеті түрі келтірілген:

*Үздіктоп болып ұсынылатын немесе ұсынылып отырған мәселе шешімінің талқылауға дейнгі талқылауға шектеу қою.

*Таңдалмаған шешім жобасына сәйкес келмеген мәліметті жабу;

*біржақты және жүйелі қабылдануы үшін жағдайды жеңілдету;

*таңдалған альтернативалық қызметтің жүзеге асуына кедергі келтіретін факторлармен жоспарланып отырған әлеуметтік өзгерстер анализдер қорытындысын шығарады;

*жоспарланып отырған шынайы маслихаттың біржақты асыра бағалау және жете бағаламаушылық;

*мәселені шешудің оң факторларына біржақты бейімделу және менсінбеудің теріс салдары;

Талқылау аяқталғаннан кейін, яғни шешім қабылдағаннан кейін - альтернативті әрекеттері мүмкін болған біреуін таңдау шешуші фаза процесі басталады.Саяси тәжірибеде қолданбалы таңдаудың екі негізгі тәсілін пайдаланады: келісімге келу және дауыс беру жолдары.Келісімге келу әдісін қатысушылардың шешімін мүддесі аса қатты келіспеушілікке келмеген жағдайда қолдануға болады.Олар бір жерде сәйкес келсе ,келесі жерде келмейді. Көп ұлтты мемлекетте мысалы идеяларды біріктіруші ретінде мемлекеттік ұйымдар және интернацианалды тәуелсіз елдер идеяларын біріктіруші ретінде алға шыға алады.Бұндай жағдайда ортақ шешім,барлық қатысушыларға қабылдауға болатын ,бірақ еш қай жақтың мақсатының жүзеге асуына кепілдік берілмейді,дегенмен барлық қатысушылардың ойларының келісу нәтижесінде туындайды. Көзделіп отырған шешім күштің тұрақтылығына қатты әсер етпесін деген саяси уайым,өзінсүйгіштікке тиіспеу тілегі мынандай сынды келісімге алып келеді:женгендер де жеңілгендер де жоқ.Бұл мемлекеттік басқарудың нәтижелігіне әсер етуі мүмкін ,сондықтан да сынға жетудің басқа жолы бар.

3.Болгар әлеуметтанушысы Марко Марков қақтығыстарды болдырмау үшін ғылымның эмперикалық заңдарындағы мүмкін болған бір балама әрекетті таңдауды ұсынады. Ол біріңғай объективті белгілердің барлық шешімінің мүмкін болған нұсқаларын бағалауға талпынады.



  • Оның шешімінен кейін әрбір нұсқа мәселесінің жағдайы қандай болады;

  • Әрбір шешімді іске асыруға қанша уақыт және әдіс-тәсілдер қажет болады;

  • Әр жобаны іске асыруда қандай қиындықтар мен оны жеңу жолдары қажет;

  • Барлық әлеуметтік жағдайда әр нұсқа өз шешімін қалай табады.

Егер шешім таңдауы болжалданып отырған жағдайдағы әріптестердің әрекеттері белгілі жағдайда анықталатын болса, шешім жобаны дайындау барысында ойынның теориясы ретінде қолданылады. Мұндай жағдайда ойын қарама-қайшы жағдай ретінде қарастырылады. Көптеген ұтымды және тиімді нұсқа жобаның соңғы шешімі ретінде бекітіледі.

Соңғы жылдары батыстың ғалымдары әкімшілік шешімді қабылдау үдерісінде мидың батыл әрекетін жиі қолдануды ұсынады. Фин мамандарының аталмыш кітабында Т. Саталайненнің баспасы бойынша мұндай әдістің анықтамасы: «Мидың батыл әрекеті – бұл топтың жұмыс істеу әдісі, яғни бірінші орындағы мақсат – күрделі жағдайларда шешімнің жаңа балама нұсқаларын табу».

Мидың батыл әрекетін жіберетін кезде мәселе пайда болады, өйткені жеткілікті дұрыс шешім табылмайды. Оның көмегімен мәңгі және дүниежүзілік мәселелерді шешетіндей ғажайып әрекет етуші құрал емес. Әңгіме нақты тапсырмалар жайында болып жатқанда ғана дұрыс шешімдер табылады.

Мәселенің жағдайына қарап, екі негізгі түрге бөлуге болады: аналитикалық немесе себепті мәселелер; синтетикалық немесе мәселенің шегі.

Мидың батыл әрекеті – бұл синтетикалық мәселенің шешу жолы. Мидың батыл әрекетінің ең жақсы нәтижелері инновацияны қайта жасауда белгілі болады.

Мидың батыл әрекеті шығармашылық жұмыстың бір көрінісі болғанымен, ол шаблон түрінде қатысты бола алады. Алдымен мәселені қарап шығуға береді. Сонан соң мәселені шешу мен жеңілдетуге көбірек пікірлерді ұсынады. Мәселені баяндаушы тұлға келешекте оны шешу үшін пікірлердің ішінен бірнешеуін таңдап алады. таңдап алынған пікірлердің негізінде шешімнің балама нұсқасын қайта жасап шығады.

Мидың батыл әрекеті – ол сараптама үдерісі немесе қабылданған шешім емес. Жақсысы, оларды анықтап алған жөн. Мидың батыл әрекетінің үдерісі әдетте 2-3 сағатқа созылады, уақыттың көп бөлігі дұрыс шешімдерді қабылдауда қолданылады.

Мидың батыл әрекетін түрлі әдісте жүргізуде болады. Жұмыстың әдісін таңдау пікірталасты бағыттаушы тұлғаға жүктеледі. Қорытынды соңында шығарылады.

Топтың құрамына мидың батыл әрекетін ұйымдастыру ереже ретінде кіреді:

жүргізушу: мәселелерді ұсынатын және оның орындалуына жауап беретін тұлға;

оппонент: жұмысты бағыттаушы тұлға;

идеологтар: қалған барлық қатысушылар.

Бастапқы кезеңде оппоненттің жұмыс үдерісін басқарғаны маңызды. Оның тапсырмасы шығармашылық жұмыстың ұстанымдарына сәйкес қатысушыларды мәжбүрлеп әрекет еткізуден тұрады. Оппонент сонымен қатар жұмыс кестесін құрады.

Келешекте ұйымдастырушы болатын жүргізуші міндетті түрде: неге ол талпынатынын білу керек; жаңа және өзіндік шешімдерді табуда қатысушылардың шабытын арттыру; «қалай?» деген сұрақты ақылға келген сыни түсінікті аудара білу керек (мысалы, «бірақ, бұл өте қымбат» тіркесін алайық, оны «ең төменгі бағада қалай алуға болады?» түріне өзгертейік).

Топта идеологтардың, мамандардың және «профандардың» болғаны жақсы. Профандарға сол мәселе бойынша пікір айтқан ыңғайлы, өйткені олар ерекше ойлайды. Профандардың пайымдаулары мамандардың өзіндік катализаторлы пікірлеріне қызмет етеді.

Мидың батыл әрекетіне көбінесе кедергі ететін фактор сын болып табылады. Ол екі жақтама әрекет етеді: сыни ескертпелерді айтатын тұлғаны мәжбүрлейді, ойша ойлайтын, яғни стандартты ойдың шешімінен басқалардың жақсысын іздеуіне кедергі жасайды.

Ойдың тууына кедергі жасайтын фактор: ресми және формальді; дұрыс шешімді табу; мәлімдеу және дәлелдеу; клиенттің пассивтілігі.

Пікірлердің пайда болуындағы сәттіліктерді айтардан алдын, ең алдымен қауіпсіздік пен атмосфераны ескеру керек. Адамдарға атмосфераның толық әсер ететінін ұмытпаған жөн. Пікірлердің пайда болуы әрқашанда еркін ойлаумен байланысты.

Пікірлердің пайда болуында жетістікке апарар басқа да факторлар: белсенді елестетулер мен ықыластар; айтылған пікірлермерді дамыту, қайта қарап шығу, бірлестіру; шешімге қатысты таң қалулар мен күмәндар; ұқсас мәселелер мен әрекеттерді табу; клиенттің белсенділігі.

Жоғарыда айтылғандай, мидың батыл әрекеті барлық мәселелерді қарай алмайды. Бұл іздеу жұмыстары өзінше қатаң логикалық және аналитикалық әрекеттерге қарама-қарсы болып келеді.

Француз саясаттанушысы Бернар Гурней екі тараптар келісімге келе алмай жатқан кезде қақтығыстардың шиеленісуін болдыртпау үшін арбитражды шешіммен жоғары тұрған инстанцияларға жүгіну керектігін айтады.

Парадокстарға талпынбай, шешімдерді қабылдау кезінде шарасыз және пайдасына екенін айту керек. Тиімді мемлекеттік басқарма біркелкі және ынтымақты болу керек, яғни мемлекеттік жүйеде қақтығыстың туындауын төтенше уақиға деп қарастыру керек. Егер адамдардың тәртіптері барлық жағдайда мінсіз болса, онда мұдай жағдай негізді болар еді. Бірақ қақтығыстарды бірдестен жою мүмкін емес: оларды жою барлық жағдайда қауіпті екенін ұмытпаған жөн. Түрлі министрліктер мен бөлімдердің арасындағы бақталастық мемлекеттік басқармаларда шешім қабылдау кезінде жиі дем беруші болып табылады, мұндай жағдай жеке секторларда да кездеседі. Егер үкімет тарапынан шешім қабылданғанға дейін әрбір министрлік немесе ведомство талқыланатын мәселе бойынша өз ұсыныстарын ұсынса, өз жобаларын қорғайтын болады, бәсекелес бөлімдердің жобаларындағы қателіктер мен санын көрсетеді. Қанша пікір көп болса, таңдау нұсқаларында түрлі жетістіктер мен кемшіліктер көрінеді, ал нақты шешімдер саны көбейеді. Мемлекет, басқарма органдары барлық жағдайда саяси билікпен келіседі, демократиялық емес, ол өз алдына тоталитарлық болып табылады.

Талқылаудың қиыншылықтарына қарамастан, көп жағдайларда, жетістікке апаратын келісім соңғы уақытта қабылданады. Оны дайындау үдерісінде тараптар жағынан алынған жеткілікті ұстанымдар байқалады.

Бекіту сұрақтары:


1.Аргументацияның әдістемелік негіздері

2.Аргументацияның базалық принциптері

3.Аргументтерді іріктеу және бағалау

4.Аргументтерді ұсыну жүйелілігі.


Әдебиеттер:

1.Халперн Д. Психология критического мышления. – СПб.: Питер, 2008. – 503 с.

2.Бекахметов Г. Основы критического мышления. – Астана, 2015. – 150 с.

3.Бустром Р. Развитие творческого и критического мышления. – М.: Изд-во Ин-та «Открытое общество», 2010. – 250 с.



4.Темпл, Ч., Стил Дж.Л., Мередит К.С. Критическое мышление – углубленная методика. – М.: Изд-во Ин-та «Открытое общество», 2011.

5.Лифанова Т.Ю. Критическое мышление. – Алматы: Қазақ университеті, 2015. – 178 с.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет