Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері


Ауа қозғалысының гигиеналық маңызы



бет13/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

10.Ауа қозғалысының гигиеналық маңызы.

Жер бетінің біркелкі қызбауы, ауа температурасының әртүрлі болу салдарынан ауа қозғалысы туады. Жылы ауа жеңіл болғандықтан жоғарыға көтерілсе, оның орнын суық-салқын ауа басып, қозғалыс тудырады. Ол қозғалыс кезінде ауа өзінің жылдамдығы мен бағытын өзгертеді. Ондай қозғалысты турбулентті (тіктеп, бұралып) деп атап, боран, құйынды желдерде кездеседі. Ауаның жер бетіне параллелді қозғалысын жел деп атайды. Ол жылдамдығы және бағытымен сипатталады. Желдің жылдамдығының өлшемі м/сек, ал өте қатты жылдамдық жел күшін тудырып 12-баллдық өлшеммен өлшенеді.

Ауаның қозғалысы мал организміне екі жақты әсерін тигізеді. Тікелей және жанама. Оның тікелей әсері денедегі жылудың сыртқы ортаға тарауын ауа температурасына байланысты арттыруында болады. Егер ауа қозғалысы 4 баллдан жоғары болса тері беті айтарлықтай салқындайды. Ең төменгі ауа қозғалысының өзі (0,0114 м/сек терінің сезілуінің шекті мөлшері) ірі қара малының терісіне айтарлықтай суыту әсерін тигізеді. Мысалы, осындай жылдамдықтағы ауамен тері үстін 55 минут желдеткенде оның температурасы 3,5 градусқа төмендесе, жүні бар тері беті – 2,9 градусқа салқындайды. Ауа қозғалысының жылдамдығының 0,1 м/сек-тан 0,4 м/сек дейін жоғарылауы ауа температурасының 5 градусқа төмендеуіне тепе-тең болады. Сондықтан ауа қозғалысының жылдамдығы өте аз мөлшерде жоғарыласа да дененің сууына, орта температурасына байланысты әр түрлі әсері болады. Мысалы, қора ауасының температурасы мал жүні аралығындағы бөгет ауамен тері бетінің температурасынан төмен болса, қозғалыс булану және конвекция жолымен денеден жылудың тарауын арттырып организмді суыққа ұрындырады, керісінше, егер тері бетінің температурасынан ауаның температурасы жоғары болса, жылудың конвекциялық жолмен тарауы азайып, тоқтап қалуға дейін барады. Ауа қозғалысының жылдамдығының 0,1 м/сек. өскені, оның суыту күшін 0,19 мкал/см².с. арттырады. Сондықтан зоогигиеналық норматив бойынша жас төлдерге арналған қораларда ауа қозғалысының жылдамдығы 0,02-0,03 м/сек, ересек малдар үшін – 0,2 м/сек., және жаздың күндері немесе жылытылатын қоралардың ауасында – 0,5-1 м/сек, ал сыртқы ауа температурасы 30-32 градус болса – 1,5 м/сек дейін рұқсат етіледі. Бірақ ауа қозғалысының жылдамдығын арттырған кезде ауаның басқа көрсеткіштерін, әсіресе температура мен ылғалдылығын ескеру қажет.

Қора микроклиматына толық сипаттама беру үшін тәжірибеге ауаның суыту күші (катаиндекс) деген түсінік анықталып енгізілген. Оны кататермометр деген құралдың көмегімен табады. Ауаның суыту күші (қабілеті) норматив бойынша ірі қара малдардың қораларында – 7,2-9,5 мкал/см²/сек, бұзаулар үшін – 6,6-8,0; жылқы қорасында – 8,2-9,5; торайлы мегежіндер үшін – 6,5-8,0, бордақы шошқаларға – 7,5-11,0 м/кал/см²/сек болуы керек. Бірақ жас төлдерге арналған қораларда ауаның суыту қабілеті 4-5 м/кал/см²/сек. жоғары болмауы керек. Керісінше өнімдік бұқалардың қорасындағы ауаның суыту күші 7-ден 4-ке дейін төмендесе, ұрығының сапасы төмендеп, зиянды әсері болады. Осыған байланысты ауаның суыту қабілетін анықтау үшін катаиндекс көрсеткішін пайдалану физиологиялық тұрғыдан дәлелденген деуге болады.

Ауаның қозғалыс жылдамдығымен қоса, оның бағытының да зоогигиеналық маңызы өте зор болады. Ауаның бағыты деп желдің көкжиек (горизонт) нүктесінен соққан (жүрген) жолын айтады. Желдің бағытын румбамен (шашырау) көрсетіп, латын немесе орыс жазбасының бас әріптерімен белгілейді. Мысалы, солтүстік – С немесе N; оңтүстік Ю немесе S; шығыс – В немесе Е; батыс – З немесе W. Бұл төрт негізгі жел бағытынан басқа олардың араларынан қосымша бағыттар көрсетіледі; солтүстік шығыс – СВ немесе NE; оңтүстік шығыс - ЮВ немесе SE; оңтүстік батыс – ЮЗ немесе SW; солтүстік батыс – СЗ немесе NW.

Желдің бағыты да оның күші сияқты мал объектілерін жобалап тұрғызған кезде ескерілуі керек. Желдің бағыты жиі ауысып отыратындықтан, оның белгілі бір жердегі негізгі, көбінесе басыңқы соғатын жағын анықтап алады. Ол үшін белгілі бір уақыт (айлар, мезгіл, жылдар бойына) ішіндегі сол аймақтағы желдің бағытының қайталануын есептейді де, соның нәтижелерін румба бойына түсіріп, «желдің розасының» кестесін шығарады (сурет 6).

Қораның ішіндегі желдің бағытының графикалық кестесін – аэрорумбограмм деп айтады. Ол қорадан шығатын және кіретін ауаның тік(верикалды), көлденең (горизанталды) және көлбеу қозғалыстарын көрсетеді.Мұның көмегімен қораның жел қозғалысы бар, немесе қозғалыссыз «тынық» жерлердің және кіргізетін желдеткіштерінің қалай ауаны таратуын, сол сияқты қорадағы инженерлік жабдықтардың ауаны бөгеп немесе өткізу қабілетіне әсерін анықтауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет