2.Химиялық залалсыздандыру тәсілдері судағы микроорганизмдерді арнайы химиялық заттарды қосу арқылы жоюға негізделген.
Аз мөлшердегі суларды йодтау, күмістеу, марганцовкалау тәсілдері мен залалсыздандыруға болады.
Химиялық тәсілдердің ішіндегі қолайлы, арзан және сенімді әдіс хлормен залалсыздандыру болып саналады.
Ірі құбырлы су станцияларына хлорлау газдық хлормен жүргізілсе, ал шағын, ауылды шаруашылықтарда – хлорлы әкімен залалсыздандырады. Хлордың әсерінен көптеген микроорганизмдер өледі. Газдық хлор арнайы жоғарғы қысым мен толтырылған құрышты балондарда болып, белгілі мөлшері хлорлағышқа түсіп, шамалы сумен қосылып, содан кейін алынған «хлорлы су» залалсыздандыратын суға қосылады.
Хлорлы әкі мен залалсыздандырғанда, оның активтілігін анықтап, 25 %-тен кем болмаса ғана суға 1-2 % ертіндісін араластырып, 45-60 минут ұстайды. Судың залалсыздануының нәтижесі, оған алынған хлордың мөлшеріне байланысты болады. сондықтан залалсыздандырудың алдында судың хлор қажеттілігін анықтап алады, яғни судың ластығана қарап хлор қажеттілігі де әр қыйлы болады. Неғұрлым су органикалық заттар мен көп ластанған болса, соғұрлым олардың тотығуына көп хлор керек болады да, судың хлор қажеттілігі жоғары болады. Мысалы, жер астының таза суларының хлор қажеттілігі 1-3 мг/л болса, лай ашық жер үсті сулары – 5-10, ал батпақты сулардағы оданда көп болады. Суды хлорлағаннан соң, оның ішінде қалған қалдық хлордың мөлшері 0,3 мг/л кем болмай (толық судың залалсыздануын қамтамасыз ету үшін) және 0,5 мг/л артық болмауы керек (артық болса судың органолептикалық көрсеткіштері өзгереді).
Хлорлаған суда ішек таяқшасының титрі 300 мл-ден төмен болып, судың ауру тудыратын қаупі болса, судың хлор қажеттілігіне қарамай артық хлор салып, соңынан қалдық хлордың мөлшеріне дейін шегеріп тастайды. Мұндай, суды артық хлорлауды супер хлорлау деп, ал артығын алуды – дехлорлау деп атайды. Дехлорлауды 0,5 % тиосульфит натрий (гипосульфит) немесе күкіртқышқылы натрийдің ертіндісімен жүргізеді.
Құдық суларын арнайы жасалған, дозасы белгілі патрондардың (ыдыс) көмегімен залалсыздандыруға болады. Ондай патрондар сиымдылығы 0,25; 0,5 және 1 литр кеуекті қыштан жасалады да, әрқайсысының ішіне – 150, 300 және 600 граммнан хлорлы әкі толтырады. Пайдалану алдында патронға 100-300 мл таза су құйып, араластырады да, құдықтың түбіне 20-50 см жеткізбей салып, іліп қояды. Патронның құдықта тұратын уақыты 20-30 тәулік. Патронды бірнеше қайталап пайдалануға болады.
Озондау – суды залалсыздандыру және оргонолептикалық қасиеттерін жақсарту үшін қолданатын тәсіл. Озондау суды хлорлауға қарағанда көптеген артықшылығы болады. Озон хлорға қарағанда өте күшті тотықтырғыш есебінде микроорганизмдерге тек бактерицидтік әсерін тигізіп қана қоймай, судың түсін тазартып, дәмін жақсартып, иісін жоғалтады.
Күшті тотықтыру қасиетінің арқасында озон судағы фенолдарды, детергенттерді, гербицидтарды, пестицидтарды және қиын тотығатың қоспаларды ыдыратып, жояды. Озон спорлар түзетін бактерияларды және вирустарды да өлтіреді.
Озонның суды залалсыздандыруға қажетті дозасы, оның сапасына, температурасы және РН реакциясына байланысты 0,6-4,0 мг/л аралығында болады. Озондау кезінде судың озон қажеттілігін еске алу керек. Ол судың озон сіңіргіштігі мен озон қалдығына байланысты болады. Озондаудан өткен суда қалдық озонның мөлшері – 0,1-0,3 мг/л болуы қажет.
Судың толық залалсызданғандығын санитарлық бақылауды, ондағы ішек таяқшасының титрімен жалпы бактериялардың санын анықтау арқылы жүргізеді.
Достарыңызбен бөлісу: |