Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері


Судың өздігінен тазаруы және оны санитарлық қорғаудың гигиеналық маңызы



бет34/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

4.Судың өздігінен тазаруы және оны санитарлық қорғаудың гигиеналық маңызы.

Ашық жер үсті сулары жиі әртүрлі заттармен ластанады. Бірақ ірі су көздерінің сулары, шағын суларға қарағанда көп ластануы байқалмайды. Оның себебі, өзен және ірі көл сулары ішіндегі қалқып жүрген органикалық заттардан, микроорганизмдерден және басқа қоспалардан, физикалық, химиялық және биологиялық процесстердің әсерінен су өздігінен тазаланады.

Өздігінен тазалану процессі судағы әртүрлі факторлардың жеке-жеке немесе қосылып әсер етуінен тоқтаусыз жүріп жатады. Мұндай судың өздігінен тазалануына әсер ететін факторларға мыналар жатады:

- Гидрологиялық (сулық) – түрлі ластайтын қоспалардың атмосфералық (жаңбыр, қар) сумен еріп, араласып, оның концентрациясының төмендеуі;

- Механикалық – судағы қалқыған қоспалардың бір-бірімен соқтығысып, ыдырап және түбіне түсіп тұнуы;

- физикалық – күн сәулелері және температураның әсері;

- химиялық – органикалық заттардың минералдыға айналуы (минералдану);

- биологиялық – судағы өсімдіктер және жәндіктер организмдерінің түскен заттармен байланысуы;

Ашық суға ағын, атмосфералық т.б. сулардың қосылуы нәтижесінде судағы лас қоспалардың шайылып, концентрациясы төмендейді. Ондағы минералдық, органикалық заттар және микроорганизмдер мен гельминттердің жұмыртқалары жартылай түбіне тұнып, су мөлдірленеді. Судың өздігінен тазалану процесстерінің нәтижесінде сапрофитті және патогенді микроорганизмдер өледі. Олар судағы көректі заттардың азаюынан, күннің ультракүльгін сәулелерінің судың қалың қабатына (1 м дейін кіріп) бактерицидтік әсер етуінен, бактериофагтардың және сапрофиттар мен бөлінетін антибиологиялық заттардың, жағымсыз температуралық жағдайдың, судағы басқа тірі организмдердің қарсы әсерлерінің салдарынан т.б.) өледі. Судың өздігінен тазару процессі ағын, суларда және күннің жылы мезгілдерінде қарқынды жүреді.

Судың өздігінен тазаруына ондағы сапрофитті микроорганизмдер мен су организмдерінің үлкен ролі болады. Көптеген судағы микрофлоралар патогенді микробтардың антогенистері (қарсыласы) болып келіп, оларды өлтіреді.

Судағы простейший (ең төменгі сатылы) организмдер және зооплакатондар, (шаяндар жауын құрттары т.б. жәндіктер) өз денелерінен суды өткізіп, көптеген бактерияларды құртады. Судың өздігінен тазалауына ең бір басты әсер ететін органикалық заттардың минерализациялануы, яғни органикалық заттарының, физикалық, химиялық, биологиялық тағы басқа факторлардың әсерінен минералды заттарға айналауы. Минерализациялық процесстің салдарынан су органикалық қоспадан айрылады және микробтардың органикалық заттары да тотығып, кейбіреулері өледі. Онымен қоса минералды заттар және органикалықтардың ыдырамай қалған бөліктері – колоидтық түрде су түбіне тұнып, мөлдірлігіне әсер етеді.

Минерализациялану процесстері (ыдырау, тотығу) судағы белокты заттар – жай азотты заттарға (альбумоздар, пептондар), ары қарай одан да жай – аминқышқылдарына тағы басқа органикалық қышқылдардың қалдықтарына және аммоний қоспаларына (аммиак) айналу арқылы жүреді. Минерализациялаудың бастапқы өнімі – аммиак болып, судағы оның артық концентрациясы, егер басқа нитрит, нитраттар жоқ болса, судың жаңада ластанғандығын білдіреді. Судағы майлар, көміртекті заттардың клечаткалары тотығулары көмірқышқыл газымен судың түзілуімен аяқталады.

Азотты минералды заттардың органикалық текті екендігінің дәлелі болып, судың жоғарғы тотыққыштығы, еріген оттегінің жоқтығы, хлоридтер, сульфаттар, фосфаттар тағы басқа қоспалардың барлығы есептеледі. Судың жоғарғы аэрациясы (оттегімен қанығуы) тотығу процесстерінің жүруін арттырып, судың өздігінен тазалануын қамтаммасыз етеді.

Судың өздігінен тазалану процесстерінің жүру жылдамдығы көптеген жағдайларға байланысты болады, мысалы, судағы ластың мөлшеріне, судың температурасымен ағынына; аэрациясы мен тереңдігіне, құрамындағы микрофлорылармен ондағы фаунасына т.б. Бірақ, судың өздігінен тазару процессінің шамасы шексіз болмайды. Судағы қорғасын, мыс , цинк, сынап т.б. суға көбінесе басқалай ағын, жиынды өндіріс орындарынан түсіп, малдар мен адамдарды уландырып қана қоймай, судың өздігінен тазалану процесстерін тежеп, жүргізбейді де, оның сапалық көрсеткіштерін төмендетеді.

Кіші су көздерінде мал қалдықтарынан туған органикалық заттар көп болса, олардың ыдырауынан шыққан заттар, әсіресе нитриттар, диаминдер, күкіртті сутегі газдар т.б. көптеп жиналып, улы әсерін тигізеді. Өздігінен тазару жер асты суларында топырақ қабаттарынан сүзілуі және минерализациялану процесстерінің нәтижесінде ластардан тазаланып және көптеген микроорганизмдерден арылады.

Мал фермаларын су мен қамтамысыз етуде, санитарлық бақылау мамандардың профилактикалық (сақтандыру) жұмыстарының басты бөлігінің бірі болып саналады.

Санитарлық бақылаудың негізіне барлық қамтаммасыз етуге арналған су көздерінің тізімі және күәліктендіруі (паспортизациялау) алынады. Судың мөлшерін және сапасына сипаттама беру үшін олардың көздерін паспортизациялау қажет. Бұл құжатта су көзінің санитарлық жағдайы, судың химиялық және бактериологиялық зерттеулерінің нәтижелері, мал ішінде аурулардың шығуына қатысы т.б. көрсетіледі. Санитарлық паспортты – су көздерінің санитарлық зерттеу кездерінде толтырып онда топографиялық, эпизоотологиялық және техникалық жағдайлары көрсетіледі.
Дәріс №10. (1 сағ) Ауыл шаруашылық малдарын суару және сумен қамтамасыз ету гигиенасы.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет