Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері


Мал шаруашылығын сумен қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар



бет36/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

2. Мал шаруашылығын сумен қамтамасыз етуге қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар

Мал шаруашылығында судың ең көп бөлігі малдарды суаруға кетеді. Сонымен қоса технологиялық, гигиеналық, тұрмыстық және өрт сөндіру т.б. қажеттілікке жұмсалады. Фермаларды су мен қамтамасыз ету үшін әртүрлі су көздерін пайдаланады: жер үсті ашық сулар (өзен, көл т.б.) жер асты су көздері (бұлақ, тұма, артезиандық т.б.) атмосфералық (жаңбыр, қар).

Сумен қамтамасыз ету жүйелері суды пайдаланатын жерлерге жеткізу тәсіліне байланысты өздігінен ағу арқылы (су көзі пайдаланатын жерден биік орналасқанда), механикалық түрде (насостардың көмегімен) және аймақтық (кейбір жерлерде – малшыларда – жекелеме насостардың көмегімен) болады.

Егер бірнеше объектілер бір жүйеден сумен қамтамасыз етілетін болса, оны централды (орталық) деп, ал әрбір су қажет ететін орындар жеке су жүйесін пайдаланса децентралды немесе жергілікті әдіс деп аталады.

Жер асты сулары көбінесе таза, жақсы минерализацияланған, басқа лас қоспалар жоқ, микробтар саны аз болып келсе, ашық жер үсті сулары (өзен, көл т.б.) сапасы жыл мезгіліне, ауа райына т.б. факторларға байланысты болып келеді де, ылғый таза болмайды. Атмосфералық сулар шаң-тозаңдармен, микроорганизмдермен ластанған, минералдық құрамы төмен, газдары көп, гигиеналық талаптарға сәйкес келмейді де, оларды тек суға тапшы аймақтар болмаса пайдаланбайды, пайдаланса арнайы өңдеуден және бақылаудан өтуі қажет.
Дәріс №11 (1 сағ). Азыққа қойылатын гигиеналық талаптар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет