Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері


Минералдық заттардың гигиеналық маңызы



бет44/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

3.Минералдық заттардың гигиеналық маңызы.

Организмдегі минералды заттар энергиялық роль атқармаса да, барлық алмасу процестеріне қатысып, азықтардың сіңірілуіне, ткандар мен сұйықтардың қалыпты реакциясын ұстап тұруға, нервтер мен бұлшық еттердің қозу қасиеттеріне әсер етіп, малдардың өсіп өнуі және денсаулығы мен өнім шамасына өзгерістер еңгізеді. Минералды көректенуде негізгі рольді макроэлементтер (кальций, фосфор, магний, калий, натрий, хлор, күкірт) және микроэлементтер (темір, мыс, кобальт, цинк, марганец, йод, селен т.б.) атқарады. Олардың азықта жетіспеушілігі, немесе қатынастарының бұзылуы алмасу процестеріне үлкен өзгерістер кіргізіп, аурулар тудырады.

Малдарды азықтандыру кезінде минералдық заттардың өзара және басқа көректік факторлар мен байланыстарын ескерген дұрыс болады. Мысалы, кальций, фосфор және магний алмасулары тікелей байланысты, натрий және калий, сол сияқты калий, цинк және мыс аралықтарында, мыс және темір; темір, калий және магний; күкірт, мыс және молибдендер арасында тығыз байланыстар барлығы анықталған. Малдардың денесінде микроэлементтердің жалпы мөлшері өз салмағының 0,4 % құрайды.

Малдардың тәуліктік сұранысы макроэлементтер үшін граммен, ал микроэлементтер – микрограм өлшемімен алынады. Малдар денесіндегі микроэлементтердің мөлшері біркелкі таралмаған, негізгі қоры – бауыр, қан, бұлшық еттер, ми, ішкі (эндокринді) бездер т.б. болып саналады. Малдар арасында минералдық заттардың әсерінен болатын 30 –дан аса аурулар белгілі.

Кальций (Са) – ірі малдардың денесінде ең көп жиналған жері сүйек ткандарында (99 %). Ең керекті физиологиялық функциялардың (қарқынды сүт түзу, скелет сүйектерін, жатырдағы нәрестенің дұрыс өсіуі т.б.) дұрыс жүруі үшін организм сүйектегі кальцийді пайдаланады. Барлық малдардың ең жиынды сүйектері омыртқа, әсірісе құйымшақ омыртқалар, қабырғалар, төс сүйектер т.б. болып келеді.

Кальций ионы бұлшық ет, нерв жүйелерінің сезімін қоздырып және қанның ұюын арттырады. Малдардың рациондарындағы кальцийдің жетіспеушілігі немесе артық болуы, өзіне тән клиникалық симптомдары мен және организмдегі биохимиялық ауытқуларымен сипатталады. Рационда кальцийдің жетіспеушілігі (сол сияқты фосфор және витамин Д) жас малдарын рахит ауруына ұшыратады. Бұл аурудың өзіне тән көрсеткіштеріне жас малдың өспей қалуы, төмендеп немесе тәбетінің бұзылуы, омыртқаларының, қабырға, ұзын жіліктерінің қыйсаюы, жүрісі қиқалаңдап және ақсап қалуы т.б. жатады.

Үлкен малдардың рациондарындағы кальцийдің жетіспеушілігі остеомоляция (сүйектің минералсызданып жұмсаруы) және остеопороз (сүйектің кеуектенуі) т.б. аурулары пайда болады. Ауру өте сылбыр жүріп өнімі төмендеумен, ас алмасу процесстерінің бұзылуымен, түлеуі кешігуі мен және жүнінің түсуімен сипатталады. Құстарда жұмыртқа қабығы жұмсап, сапасы төмендейді.

Шошқалар мен құстар да кальцийдің жетіспеушілігі каннибализмге (өзін жеу) және торайларда гипокальцилі тетанияға (дірілдеу) апарып соғады. Кальцийдің шамадан артық болуы сирек болады.

Фосфор – мал организмінде 83 пайызға дейін сүйек ткандарында болады. Оның азғана қор бөлігі скелет сүйегіне жиналады. Фосфор органикалық фосфорлы қосындылардың: фосфопротеин, гексозофосфаттар нуклеиннің қышқылдырының макроэргиялық фосфаттар (АТФ, АДФ) құрамына кіреді.

Фосфордың рационда жетіспеушілігі сүйектің минералдануын бұзып, жас малдардың өсуін тежеп, тіпті кейде толық тоқтатып, өлім – жітімге ұшыратады. Үлкен малдарда фосфордың жетіспеушілігі остеомаляция ауруын тудырып, тіс сүйектерінің деминераландануы болып, қозғалып, түсіп қалуына апарып соғады. Фосфорлық жетіспеушілігінің анық белгісі болып, малдың тәбеті бұзылып, әртүрлі жемейтін заттарды кеміріп жейді, өсуі және өнімі төмендейді. Малдың қозғалысы азайып, сылбыр жүрісті, жүні ұйысқан әлсіз болады. Ұзақ созылған кездерде атаксия және паралич (сал) болуы мүмкін. Рационында фосфор жетіспеген сиырлардан туған бұзаулар әлсіз және диспепсия ауруының белгілері болады. Фосфордың рационда көп артық болуы жас малдарда гипокальцийлі рахит тудырады. Малдардың рациондарында кальций мен фосфордың қатынасы 1:1 немесе 2:1 болуы керек. Азықтардағы фосфордың көп мөлшерлері шөпті сүрлегенде жоғалады, сол сияқты қалың жауынды кездерде шөптегі суға ерігіш фосфорлар шайылып жоғалады. Өйткені фосфордың 3-4 бөлігі суда ерігіш фракция болып саналады. Фосфордың әжептәуір көп мөлшері мал өнімдерінен алынған азықтарда, күнжара, шрот және бидай жармаларының құрамында болады.

Магний - мал организмінде 92-93 пайызға дейін сүйек және бұлшық еттердің құрамында болады. Ол нерв тамырларының сездіргіш қасиетін төмендетеді. Сондықтан магнидің жетіспеушілігі нерв жүйесінің қозғыштығын арттырып, атаксия және талма ауруына апарып соғады.

Малдардың рациондарында, қыс айларында магнийдің жетіспеушілігі кездеспейді. Оның жетіспеушілігі көбінесе көктем айларында, малдарды құрамында магний аз жас көк шөптерге жайған кездерде кездеседі. Ондай жағдайда, ірі қара малдарында, шөптен немесе жайылымнан туған тетания деген ауру шығады да, нерв жүйелерінің жоғарғы қоздырғыштығы туып, мал дірілдеп, жүрісі тәнтіректеп талма ауруының белгілері көрінеді. Мұндай аурудың шығуы жайылымдары көп мөлшерлі калий және азот тынайтқыштарын пайдаланудан болады. Калий мен азоттың артық мөлшері мал организмінің магниді сіңіруін нашарлатып, бұл элементтердің денедегі қатынастары өзгеріп, жайылым тетаниясының тууына апарып соғады. Рационда магнидің жетіспеушілігі жұмыртқалайтын тауықтардың өнімін төмендетіп және балапанының басылып шығу шамасын азайтады. Бұзаулар мен торайларда да магнидің жетіспеушілігі тетания ауруын тудырады. Ол төлдерді ұзақ уақыт бойына тек сүт пен ғана көректендіріп, рационға магнийге бай басқа концентраттармен қатаң азықтарды қоспаған жағдайда болады. Топырақтың құрамында магний жетіспесе оған шыққан өсімдіктерде де аз болады. Магнийдің көбірек мөлшері жарма дәнді азықтарда, күнжара, жас шөп және шемішкелердің құрамында болады.

Калий – организмдегі мөлшерінің 90 пайызы клеткалардың протоплазмаларында болады. Калийдің негізгі қоры ет ткандары. Ол клеткалар ішіндегі негізгі катиондар болып, қышқылдық – сілтілік және осмостық қысым тепе – теңдіктерін сақтауды қолдап тұрады. Калийдің ауыл шаруашылық, әсіресе күйіс қайыратын малдарының рациондарында жетіспеушілігі кездеседі. Жас жаңа шыққан көк шөптер мен бірге калийдің көп мөлшерінің күйіс қайыратын малдардың организміне түсуі, оларда жайылым титаниясының тууына әсер етеді.

Калийдің өсімдіктегі мөлшері олардың вегетация сатысына (жылдан жылға калийдің мөлшері азая береді), топырақтың түрі және калийлі тынайтқыштарының мөлшеріне байланысты болады. Калий көгалды және жайылым шөптерінде, жоңышқалар және картоптың құрамдарында көп кездеседі.

Натрий және хлор. Бұл екі элемент зат алмасу процессі кезінде байланысып организмге хлорлы натрий түрінде түсіп және көбі сол күйінде сыртқа шығарылады. Натрий мен хлордың организмдегі негізгі ролі клеткалар аралығындағы осмостық қысымының және буфер жүйесінің тепе – теңдігін сақтау болып саналады.

Хлорлы натрий қанның, қарын сөлінің және басқа биологиялық сұйықтардың және ткандардың құрамына кіріп, организм мен азотты сіңіруіне, кальцийді пайдалануына, гормондардың түзуіне әсер етіп, қышқылдық – сілтілік тепе – теңдікті бақылап, алмасу процесстерінің улы қалдықтарын бейтараптап және организмнен шығарып отырады, сүттің майлылығын арттырады. Ас тұзының артық немесе жетіспеушілігі организмге зиянды әсер етеді.

Организмде натрий жетіспесе тәбеті бұзылып, мал жемейтін заттарды жейді, жүн ұяңдалып, ажарсыз болады, сүт төмендейді де оның майлылығы азаяды және жас малдардың өсуі тежеледі. Малдардың сұранысын ас тұзы мен қамтамасыз етуге жайылымдарда, әсірісе жасанды екпе жерлерде жүрген кездерінде аса көніл бөлген дұрыс.

Малдарға көп мөлшерде, құрамында калийі көп тамыр – түйнектер, сүрлем, сықпа, тағы басқа азықтарды бергенде, ас тұзының мөлшерін көбейткен дұрыс болады.

Натрий жетіспегенде аналық малдардың жыныс бездерінде дегенеративті өзгерістер туып, жатыр орны, оның жолдарының қабынулары шығып, шудың бөлінуі тежеледі. Ас тұзының жетіспеушілігі сиырлардың бұзауларының қанына кальцийдің улы мөлшерінің көбеюінің салдарынан жаппай өлімге ұшыратуы кездеседі. Ұзақ уақыт ас тұзының артық мөлшері тәжірибеде өте сирек болады. Ірі қара малдарының, шошқалардың және құстардың ас тұзы мен улануы жиі кездеседі. Ас тұзының жоғарғы мөлшері, барлық малдарда, ал белгілі қалыпты шамасы, шошқа мен құстарда, тұздан ұзақ ашығудан соң, улануға ұшыратады. Ас тұзы мен улану, көбінесе комбикормдарды әр көрсетілген малдарға бермегенде, азық арасында дұрыс араласпағанда және тұзды балық ұндарын т.б. азықтандырғанда жиі кездеседі. Ас тұзы мен уланғанда шөлдеу, зәр шығару жиілеп, қыйы сұйылып, ісік пайда болып және тыныс алысы бұзылады. Ауыз су жеткілікті болып, малдардың ішуіне бөгетсіз беріліп тұрса ас тұзы мен улануды болдырмайды. Малдардың натриға сұранысын, әр малдың физиологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, ас тұзын беру арқылы қамтамасыз етеді.

Ұзақ уақыт тұз берілмеген болса, малдардың рационына біртіндеп, нормалық мөлшеріне жеткізгенше, сақтық пен еңгізіледі.

Комбикормдағы ас тұзының мөлшерін әр малдар мен құстардың нормаларына сәйкестігін бақылауға алу қажет. Күйіс қайыратын малдардың, әсіресе түйелердің басқа шошқа және иттерге қарағанда, ас тұзына жоғары сұраныстары болады. Әжептәуір ас тұзына деген сұраныс құстарда да, әсіресе құрғақтағыларда жоғары. Ірі қара малдарына жем мен берілетін ұнтақты ас тұзынан басқа, олардың науаларында кесек тасты немесе брикет (жасанды) тұздар тұруы керек. Бірақ, тек жалайтын тас тұздарды пайдалану малдардың сұранысын толық қанағаттандыра алмайды.

Күкірт – көп мөлшері ет ткандарында (50 %), теріде, жүнде және мүйізді туындыларда (15-17 %) болады. Малдардың күкіртке деген сұранысын күкіртті амин қышқылдары (метионин, цистин, цистеин) арқылы қанағаттандырылады. Күкірт кейбір амин қышқылдарының, гормондарының және витаминдердің құрамдарына кіреді.

Мал рационында күкіртті заттардың ішіндегі ең бастысы болып – метионин болып саналады. Оның жоқ болуы немесе жетіспеушілігі жас малдардың өсуін және дамуын тежесе ірі малдардың өнімін төмендетеді. Күйіс қайыратын малдардың кебеже қарынында микроорганизмдер органикалық емес күкірттерді сініріп алып және оны белоктар мен күкіртті амин қышқылдарының бойына кіргізеді.

Рационда күкірт жетіспегенде малдардың өнімдері төмендеп, қойлар және қозылар жүндерін жеп, ал балапандар денелерін шоқып тастау кездеседі.

Ірі қара малдар онда күкірттің жетіспеушілігі, оларға сүрлем мен тамыр түйнекті азықтарды бергенде кездеседі. Күкірттің жетіспеушілігін толықтыру үшін малдарға сульфат натрий, сульфат амоний және сульфат магний тұздарын береді.

Темір. Малдардың организмдегі темірдің негізгі мөлшері гемоглобин мен миоглобиннің құрамында болып және кейбір ферменттерге (каталаза, пероксидаза т.б.) кіреді. Барлық малдарда темірдің жетіспеушілігі анемияға ұрындырады. Өсімдіктердің құрамында темірдің жеткілікті мөлшерде болуынан, анемия үлкен малдарда сирек кездеседі. Анемия бұзауларда, әсіресе торайларда жиі кездеседі. Туғаннан кейін торайлардың қарқынды өсуіне байланысты (бір аптада екі есе салмағы өседі) жалпы қанның көлемі көбейіп, ондағы гемоглабиннің қалыпты мөлшерін ұстап тұру үшін, сол сияқты басқа процестерді (миоглабин түзілуі, ферменттерді т.б.) қалыптау мақсатында организмнің темірге деген сұранысы жоғарлайды. Алғашқы күндері торайлар анасының сүті мен тәулігіне 1 мг темір қабылдаса, оның күндік жұмсалуы 7 мг болады. Сондықтан 15-30 тәуліктік жасына дейінгі жас торайларға тәулігіне 6-10 мг-нан кем темір берілмеуі керек.

Ол үшін, әсіресе ірі шошқа шаруашылықтарында торайлардың 2-3 тәуліктігінен бастап ет арасына 2 мл-ден ферроглюкин, ал 16-26 тәуліктігінен бастап күніне 1,5 г темірдің глицерофосфат тұзын береді. Темірдің торай денесінде қоры сақталу үшін, мегежіннің тууына 15-20 тәулік қалғанда 5 мл ферроглюкин – ет арасына немесе 5 г темірдің глицерофосфат тұзын жегізеді. Бұзауларда темірдің жетіспей анемия ауруына ұшырауы, оларға ішінде темір қосылмаған сүт, тартылған сүт (обрат) немесе сүт орнына жасалған алмастырғыш сүт (ЗЦМ) берген кезде болады. Бұзауларды анемиядан сақтандыру үшін құрамында темірі мол концентратты және шөп азықтарына жас кезінен бастап үйрете бастайды. Жасалған сүт-алмастырғыш құрамына темір препараттарын (темірдің сульфаты, хлорлы темір т.б.) қосады.

Темірлі препараттар жоқ болғанда, торайларға қызыл саз балшық беруді ұсынады (Борш М.С.)

Мыс. Мыстың организмде көп жиналған жерлері бауыр мый , көк бауыр, сүйек , тері және жүн болып саналады. Мыс организмдгі қан түзілу процесстеріне қатысады да, ол жетіспесе эритроциттер саны азаяды. Бірақ қандағы гемоглобиннің концентрациясы өзгеріссіз болады. Мыс тотықтырғыш ферменттердің құрамына кіріп және каталаза, пероксидаза және гемглобиннің түзілуіне қатысады. Мыс жетіспегенде малдарда гипокупороз немесе энзоотикалық атаксия немесе жемір деген ауру шығады.

Қозыларда мыс жетіспеген жағдайда энзоотикалық атаксия, аяқ, бас бұлшық еттері тартылып, селкілдеп қалу және анемия мен сиптталады. Ірі қойлар жүдеп, жүннің өсуі тежеліп, сапасы төмендейді.

Ірі қара малдарында мыстың жетіспеушілігінен тәбеті бұзылып, жеуге болмайтын заттарды (қый, шүперек, сүйек т.б.) жеп, анемияға ұшырап, сүйек түзілуі бұзылады.

Торайларда, әсірісе 2 – 6 апталық жастарында, мыстың жетіспеушілігінен анемия, терісі бозғылттанып, артқы аяқтарының буындары ұстамай әлсіреп, өсуі тежеледі, ал мегежін шошқаларда күйлеуі тоқтап, өлі және әлсіз торайлар туады.

Мыстың жетіспеушілігі, оның мөлшерінің рационда қалыпты болған күніңде де, ауыл шаруашылық малдарының арасында мыстың сіңірілуінің төмендететін факторлар молибден мен кальцийдің артық болуынан да болады. Сол сияқты кейбір биохимиялық аймақтарда, азықтағы цинктің, кадмияның және қорғасынның өте көп мөлшерде болып, мыстың организмнен бөлінуін жоғарлатады да, оның жетіспеушілігіне апарып соғады. Сондықтан мыстың өсімдіктерде болуы топырақтың химиялық құрамына байланысты болады.

Мысқа бай болып қара топырақты және қызыл топырақты жерлерде өскен өсімдіктер, сол сияқты кебектер, күнжара және шроттар саналады. Мыс сары бидай және тұзды, торфты және батпақты топырақтарда өскен өсімдіктерде аз болады. Мыстың өте артық мөлшері улануға ұшыратуы мүмкін. Мыс жетіспеген жағдайда малдарға күкіртті мыс (сульфатты мыс) тұзын береді.

Кобальт – организмдегі кобальттың көп жиналған мүшелері бауыр, көк бауыр, бүйрек және сүйек ткандары болып және витамин В 12 құрамына кіреді. Қосымша кобальт тұздарын берген малдардың организмінде витамин В 12 түзіледі де, ткандарда жиналып, денеден шығарылады. Кобальт кейбір күйіс қайыратын малдардың кебеже қарынындағы микрофлораға әсер етіп малдың ас қортуын әлсіретеді. Азықта кобальттың жетіспеушілігінен мал организмдегі акобальтоз немесе энзоотикалық маразм ( кебу, күлдіреу ) ауруы туады.

Күйіс қайыратын малдардың рациондарында кобальттың жетіспеушілігі тәбеті төмендеп және бұзылып көрек болмайтын заттарды жеп жемір болады. Мал біртіндеп жүдеп, әлсізденіп, жүн қатаңданып, терісі қабыршақтанып түседі. Аналық малдардың күйт қайырулары мезгілінде келмей, қысыр қалуы көбейіп, төлдеуі кеміп туған төлдері әлсіз, өсіп дұрыс дамымай, аналықтың шуы уақытында түспей, кейде іш тастау кездеседі.

Бұршақ өсімдіктер, күнжара, шрот және кебек кобальтқа бай келіп, шөп, дәнді азықтарда аз болады. Кобальт қара топырақты жерде көп болса, саздақ, тұзды, құмды, батпақ – торфты және сұр топырақты жерлерде аз болады. Кобальттың азықта жетіспеушілігін хлорлы, күкірті және көмір қышқылдарының қосымша азықтары мен қамтамасыз етеді.

Цинк – организмде цинктің ең көп жиналған ткандары жоқ, бірақ елеулі мөлшерде сүйек ткандары, бауыр, тері және жүн қаныққан болады. Цинктің организмдегі қызметі жан – жақты болып келеді де, ол өсу, даму, жыныстық функцияларына, сүйек, қан түзілуіне, нуклеин қышқылының, белок және углеводтардың алмасуына әсер етеді. Бұл процесстерде цинктің қатысуы, оның кейбір ферменттердің жұмысын жақсартуы мен байланысты болады.

Күйіс қайыратын малдарда, цинктің табиғи және мәдени жайылымдардағы шөптерде көп болатындықтан организмде жетіспеушілігі сирек кездеседі. Цинктің жетіспеушілігі шошқаларда паракеротоз (терінің сүйелі тәрізді) ауруларын тудырады. Ол шошқалардың терілерінің үстіне бөріткендер түсіп, жиырылып, қалындап және сүйек жуандап, аяқтары қысқарады.

Сондықтан, паракеротоз ауруы шошқа шаруашылықтарын да, олардың өсіп – дамуының төмендеуіне байланысты, елеулі экономикалық зиян келтіреді.

Цинктің жетіспеушілігі балапандардың өсуін тежеп, түлеуі төмендеп, аяқтары қысқарып, буындары жуандап, тері аурулары шығып, өлім – жітімге ұшыратады.

Балапандарды протеині цинкті сіңіріп алып, жетістірмей қоятың соя шроты мен азықтандырғанда, сол сияқты торайларды кальцийі көп рацион мен көректендіргенде цинктің жетіспеушілігіне апарып соғады. Цинк кебектерде, құрғақ ашытқыларда, дәнді дақылдарда, бұршақ тұқымдастар және ет – сүйек ұндарында көп болады. Цинктің жетіспеушілігін, малдарға қосымша оның тұздарын (цинк тотығы) беру мен қанағаттындырады.

Марганец. Организмде марганецтің жоғарғы концентрациясы бауыр, бүйрек және скелет сүйегінде болады. Марганецтің жетіспеушілігінің ең басты көрсеткіші болып малдар мен құстардың өсулерінің тежелуі – сүйектердің дамуындағы кемшіліктер, жыныстық функцияларының бұзылуы болып саналады.

Балапандардың рационындағы марганецтің жетіспеушілігі перозис ауруының туына апарып соғады. Ол жас құстардың буындары ісіп, аяқ және қанат сүйектері жуандап, майысып өзгеруіне себеп болады. Жұмыртқалайтын тауықтардың өнімі төмендеп, жұмыртқа қабығы қатайып, басылып шығуы нашарлайды.

Ірі қара малдары мен шошқаларда марганецтің жетіспеушілігі олардың жыныстық даму процестерінің бұзылуына апарып соғады. Сиырларда ұрықтануы төмендеп, қысыр қалуы жиілеп, жатырдағы нәресте өліп немесе іш тастап , ал мегежіндердің торайларының саны кемиді. Жас малдарда жыныстық пісіп жетілуі бұзылып және скелет сүйектері түзілуі, аяқ сүйектерінің бойлап өсуі тежелеп, ақсақтық және буындарының қатып қалуы байқалады.

Марганецке жасыл өсімдіктер мен көк шөптердің ұндары, сұлы дәні, бидай және қылқан жапырақты өсімдіктердің ұндары бай болса, сүтте, ет – сүйек ұндарында және жүгері құрамында аз болады. Қосымша азықтандыру үшін көмір қышқылы және күкірт қышқылы марганецті пайдаланады.

Йод. Йод организмде барлық ткандар мен сұйықтарда болады. Бірақ ең көп жиналған жері қалқанша бездер болады. Йодтың негізгі атқаратын рөлі, оның қалқан безінің гормоны – тироидтің құрамына кіруі мен байланысты. Ол қалқан безінің гормоны ферменттердің активтігін арттырып және барлық белок, май және углеводттар алмасу процесстеріне әсер етеді. Йод жетіспеген кезде, организмде бейімделіу процессі жүріп, қалқан безі 2 – 10 есеге дейін ұлғайып кетеді де, бұл ауруды эндемиялық зоб (алқым безінің ісуі) деп атайды. Алқым асты безінің үлкейуі, ондағы без ткандарының азайып, оның орнын дәнекер ткандардың өсіп алмастыруынан болады. Буаз малдардағы йодтың жетіспеушілігінен болған зоб ауруы, оның төлінде де кездеседі. Йодтың жетіспеушілігі терінің қатпарлануына, бойы аласарып, денесінің ұзаруына, желіні кішірейіп, жас малдардың өспей қалуына апарып соғады. Жүн өсуі нашарлап, ірі қара малдарының жүндерінің бұйралуыны, жүндердің өсуі сиректеніп, тақыр бұзау туады.

Сиырлар, қойлар және мегежіндер күйіт қайыруға жай келіп, күйлеу мерізімдері бұзылып, ұрықтануы кеміп, буаздықтың алғашқы айларында түсік болып, шу түсуі тежеліп, әлсіз, нашар, кейде өлі төлдер туады. Құстарда йодтың жетіспеушілігі жұмыртқалауын төмендетіп, балапан шығуы азайып зиян тартқызады. Ірі қара малдар үшін ең қауіпті мезгіл болып малдарды тұрғызып қолда ұстаудан көктемдегі жас көк шөпті жайылымға шығарғанда, ондағы йодтың аз, ал калийдің көп болуынан денедегі йод несіппен шығарылып тасталуы саналады. Йодтың жетіспеушілігі малдардың денесінен йод шығарғыш азықтарды (көк орам, кендір, күнжара шроттары мен бұршық, жоңышқалар т.б.) көп мөлшерде пайдаланғанда болады. Мұндай азықтар мен көректендіргенде йодтың рациондағы мөлшерін 1,5 – 2 есе көбейту қажет.

Ұзақ уақыт, біртүрлі жүгері сүрлемімен сиырларды азықтандыру бұзауларда зобтың тууына апарып соғады. Йодтың азықтардағы мөлшері топырақтың құрамына байланысты болады. Карбонатты, күлді батпақты және торфты топырақты жерлерде йод аз болады. Сол сияқты йодтың мөлшері азықты дайындауына да байланысты болады. Йодтың мөлшері шөпті кептіру, ұнтақтау, сүрлеу және сүрлемдеу кездерінде алғашқы қалпы мен салыстырғанда 10 – 50 % дейін кеміп кетеді. Азықтарды сақтағанда да 15 – 60 % дейін құрамындағы йод кеміп қалады. Азықтарда йод жетіспеген жағдайда йод тұздарын (йодталған тұз, кайод, премикс) пайдаланады.

Селен. Ең көп мөлшері организмде ет ткандарында тері, жүн және сүйектерде болады. Селеннің биохимиялық аймақтар да артық және жетіспеушілігі де ауру тудырады. Селеннің жетіспеушілігі қозылар мен бұзауларда «ақ ет», ал оның артық мөлшері жылқы да, ірі қара және ұсақ малдарда селеноз немесе алкалоз сілтілік ауруын тұғызады. Ақ ет ауруы скелет бұлшық еттерінің, жүректің етінің әлсіреп, өзгеріске ұшырап, түсі ағарып, пысқан еттің түріне енуімен сипатталады. Ауру малдың қозғалысы төмендеп, еттері ауырғыш болады. Селенаның жетіспеушілігі бауырдың дистрофиясын тудырып, аналық жыныс ұрығы өзгеріске еніп, желін ауруы, қансыздану және қанның қызыл түйіршіктері ыдырауға (гемолиз) ұшырауына апарып ұрындырады. Селенаның жетіспеушілігін натрий селенитің қолдану арқылы толықтырады. Селенаның улы әсері, азықта протеин көп болса, төмендейді.

Молибден – шөптегі артық мөлшері малдарда «жасаурау» деген аурудың шығуы мен сипатталады. Молибден мен улану жас ірі қара малдарын жоңышқа шөбімен (құрамында әр кг құрғақ затында 6 – 30 мг молибдені бар) көректендіргенде кездеседі.

Фтор – мал организмде көбінесе сүйекте және тісте жиналған. Сондықтан, оның жетіспеушілігі малдың скелет пен тіс сүйектерінің деформациясына ұшыратады. Бірақ малдарға фтордың жетіспеушілігі емес артық мөлшері үлкен зиян келтіреді. Ірі қара малдарын құрамында фторы көп фосфаттар мен көректендіргенде және азықтардың фторлы шаң – тозаңдары мен ластанғанда улануы кездеседі.

Никел – рационда жетіспесе организмде темір, углевод, алмасулары бұзылып, кейбір ферменттердің (уреаз) функциялары өзгеріске ұшырайды. Никелді қойдың рационына қосқанда азыққа сұранысы артып, салмағы қосылады. Бірақ никельдің артық мөлшері көз ауруына ұшырататыны (никель соқары) белгілі болған.

Қорғасын – табиғатта көп тараған, организмде көптеп жиналып, уландырып, анемия, ішек түйілу, сілекейі ағып, бүйректер ауруы туып, буаз малдар іш тастап т.б. ауруларға шалдығады. Оның көп мөлшері жол жағалауларында өскен дәнді дақылдарда кездеседі. Жол жағалауына жайылған сауын сиырлардың организміне көптеп жиналып, сүт пен бірге қорғасын бөлінеді. Қорғасынның жол жағасында жайылған малдардың жүніндегі мөлшері 2 есеге дейін артқандығы байқалған.

Сонымен, макро – микроэлементтердің артық немесе жетпеген мөлшері организмдегі зат алмасу процестерінің тек осы элементтердің бұзылуы мен ғана шектелмей, белок, май, углевод, витамин және гармондардың функцияларында өзгерістер туғызатындығы байқалады. Мұндай жағдайда мал организмінде физиологиялық процестер бұзылып, өсуі мен дамуы тежеледі де өнімі азайып, әртүрлі жұқпалы және жұқпайтын ауруларға төзімділігі төмендеп, өлім – жітімге ұшырауына апарып соғады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет