Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері


Алиментарлы инфекциялдардан сақтандыру гигиенасы



бет47/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

2.Алиментарлы инфекциялдардан сақтандыру гигиенасы

Инфекциялық аурулардың ішінде қоздырғыштары мал организмдеріне алиментарлық (ауыз арқылы) жолмен, яғни азықтармен түсіп ауру шақыратындары болады. Көптеген аурулар (аусыл, сібір жарасы, қарасан, туберкулез т.б) осы жолмен ауру шақыратындар тобына жатады.

Біршама инфекциялық аурулардың қоздырғыштары жайылымдағы өсімдіктерді, сол сияқты дайын азықтарды зақымдап, сол арқылы тұрғызып, күтім жасаған немесе жайып, бағуда жүргенде алиментарлы инфекциялық аурулар тудырады.

Патогенді микроорганизмдер азықтардың арасына топырақпен, көңдер- мен, ауру малдардың нәжістерімен, т.б. түседі. Сондықтан малдардың азық арқылы ауруға шалдығуы, азықтарды дұрыс сақтамау , дайындамау , соны- мен қоса дұрыс залалсыздандырмай беруден болады. Сол сияқты аурудың қоздырғыштары азықтарға түсіп, одан алыс орналасқан шаруашылықтарға тасымалдау кезінде, малдардың қоректенуі арқылы ауруға шалдығатыны белгілі.

Мал өнімдерінен жасалған азықтардағы (ет, сүйек ұндары) техникалық патогенді микроорганизмдерді байқағанда, оларды техникалық режиміне байланысты қайтадан стерлеу керек немесе жоғарғы температурамен (100 ºС төмен емес) бір сағат бойына стерлеу қажет. Егер азықтарда анаэробты микроорганизмдер және улы токсиндер болса, оны 2 сағаттан артық уақыт 120 – 130ºС температурада өңдеу керек.

Көптеген жұқпалы аурулардың таралуы сау және ауру малдарды жайылымда бірге жаюдан болады. Ондай жағдайда малдардың, өсімдіктердің үстіне нәжіс, сілекей, несеп т.б. түсіп, кейін соларды жеп зақымданады.

Елеулі қауіп төндіретін азықтар болып, микроорганизмдер өсіп - өнуіне қолайлы жағдай туғызатын түрлері болып саналады. Мысалы, листериоз ауруы малдарды сапасы төмен, аурудың қоздырғышымен (листерий) зақымдалған сүрлеммен қоректендірген шаруашылықтарда кездеседі. Листерийлер белгілі бір аймақтардың топырақтарында кең тараған.

Азықтарды жер бетінде сүрлегенде, оны тасымалдайтын, ұсатып, кесетін және нығыздайтын машиналар мен тракторлар, сүрлемделген массаларға топырақтың араласуына мүмкіндік туғызып, олардың арасына листерийлер түсіп, өсіп - өнуіне жағдайлар жасалады.

Азықтарды сүрлеу кезінде дұрыс нығыздап және айналасын ауа кірмейтіндей жауып жасамаған жағдайда сүрленетін масса ыдырап, ішіндегі қышқылдығы көтеріліп (РН 5-7,0), арасында листериялардың өніп - өсуіне жағымды жағдай туады. Сүрлемнің сапасы жақсы (РН 4,2) болғанда листерий өспейді, ал нашар сүрлемнің арасында бірнеше жыл өмір сүреді.

Алиментарлық инфекциядан сақтандыру үшін азықтарды топырақпен, кеміргіштермен, құстармен, жәндіктермен және ауру малдардың бөліп шығаратын қалдықтарымен (нәжіс, несеп, сілекей т.б.) ластануына жол бермеу қажет. Соған байланысты сапасы төмен азықтарда көптеген ауру қоздырғыштары сақталып қана қоймай, өсіп - өнетін болғандықтан (листериоз қоздырғыштары, саңырауқұлақтар т.б.) олардың дайындау технологияларын және дұрыс сақтау тәсілдерін берілген ережелермен орындап, бүлінуіне жағдай туғызбау керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет