Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері


Саңырауқұлақтар және олардың токсиндері мен зақымдалған азықтар мен улану (микотоксикоздар)



бет51/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

6. Саңырауқұлақтар және олардың токсиндері мен зақымдалған азықтар мен улану (микотоксикоздар).

Микотоксикозы – малдардың саңырауқұлақтың уымен зақымдалған азықтарды жегеннен уланып ауруын айтады.

Микотоксикозды тудыратын саңырауқұлақтарды екі топқа бөледі: паразит және сапрофитті саңырауқұлақтар.

Паразит (тоғыштар) саңырауқұлақтар (тот, қаракүйе, қастауыш) өсіп тұрған өсімдіктерді вегетация сатысында зақымдаса, сапрофит – саңырауқұлақтар (аспергиллюс, пенициллум т.б.) өлі өсімдіктер мен азықтарда өсіп дамиды. Тот саңырауқұлақтары көк, жас өсіп тұрған өсімдіктердің сабақтарында, жапырағында және басында әртүрлі сары, қоңыр, күрең немесе қара жолақтар және таңбалар қалдырып зақымдайды. Ең көп тараған дәнді азықтарды және бұршақ тұқымдас (клевр, люцерна, бұршақ, вика т.б.) өсімдіктерді зақымдайтын тот күйесі болып саналады. Жылқыларды, ірі қара малдарды, қой және шошқаларды тот саңырауқұлақтарының токсині мен зақымдалған көк шөп, клевр, люцерна, өсімдіктер, сол сияқты осы өсімдіктерден дайындалған шөп немесе солома мен азықтандырғанда улану пайда болады.

Бас күйесі жасыл өсімдіктердің көбінесе басындағы гүлдерінде өсіп - өнеді. Бұл саңырауқұлақтар өсімдіктің басындағы дәннің орнына, әуелі үлкенді – кішілі ақ түсті, кейіннен қара түсті томпақ бүршік түзеді. Ол бүршіктің ішінде саңырауқұлақтың ұнтақ тәріздес немесе қою жұқпалы қара түсті спорлары болады. Бас күйе мен зақымдалған өсімдіктерді жеген жас ірі қара малдардың және шошқалардың уланғандығы кездеседі.

Саңырауқұлақтардың бір түрі қастауыш немесе жатыр тілмесі қара бидайдың байланған жерлерін, сирек басқа дәнді дақылдарды және шалғын шөптерді, әсіресе жаңбырлы жазда, зақымдайды. Қастауыштың қоспасы дәнді астықтардың қалдықтарында, жарма дақылдарда, кебектерде және ұндарда да кездесуі мүмкін. Бұл саңырауқұлақтың түрі барлық ауыл шаруашылық малдары, құстарда және адамдарда өте ауыр түрдегі эрготизм деген улану тудырады. Улану астық қалдықтары және ұнның қастауыш саңырауқұлағы мен зақымдалғаннан соң малдарды көректендіргенде болады.

Сапрофитті саңырауқұлақтар әртүрлі азықтарды: шөп, солом, комбикорм, жарма т.б. зақымдайды. Бұл саңырақұлақтардың споры табиғатта өте кең тараған (топырақта, суда, ауада) және оларға қолайлы жағдай (температура 5 – 30 º С, ылғалдық 20 – 30 %) туғанда азықтарда өсіп - өніп, жіп тәріздес, өрмекші тоқымасы сияқты, мақта сықылды клегей, әр түсті (ақ, сұр, қара, қызыл, жасыл т.б.) жұқа қабық түзеді. Микотоксикоз туғызатын саңырауқұлақтар мал органдары мен ткандарында тоғышаралық жасай алмайды.

Саңырауқұлақтардың өсіп дамуы кезінде, азықтарда олардың токсиндері және азықтардың құрамындағы заттардың ыдырауының қалдықтары жиналады. Саңырауқұлақтардың өсу қарқыны және олардың токсиндерінің азықтағы түзілуі температура мен өнімнің ылғалдылығына байланысты болады. Егер шөптің ылғалдылығы 16 пайызға, соломның – 15 пайызға дейін болса, оларда саңырауқұлақтар болмайды.

Токсинді саңырауқұлақтардың қарқынды өсуі, азықтардың ылғалдылығы 25-35 %, температурасы өздігінен қызған кезде 35-50ºС жоғарлағанда болады.

Малдардың улануы, саңырауқұлақтардың токсинымен зақымдалған азықтарды жеген кездерде болады. Эрготизм кезінде қастауыш саңырауқұлақтарының улы заттары тегіс бұлшық еттерге әсер етіп, қантамырлары тарылып, ткандардың көрегі төмендейді. Бұл іш тастау және дененің кей жерлерінің гангренасына (өлі еттену) апарып соғады (құйрық үші, құлақ шеміршегі, құстың айдары т.б.) Микотоксикоздар және оның шығаратын токсиндары, саңырауқұлақтардың түріне байланысты бірнеше атаулары болады: аспергиллотоксикоз – (афлатоксиндар туғызады) стахиобатриотоксикоз – (стахиобатриотоксиндер), фузариотоксикоз (фузарнотоксиндар) тағы басқалар.

Микотоксикозға күдік туғанда, малдардың рациондарынан сапасы төмендеген азықтарды шығарып тастайды да, сынама алып, ветеринариялық зертханаға жібереді. Саңырауқұлақтар мен зақымдалған қатаң азықтарда, кейбір жерлерінің түсі қарайып, қоңырланып, көк басып т.б. өзгерістер байқалады. Ұнтақ азықтарда түйнектелген, көгеріп, ерекшеленген иістері болады.

Микотоксикозды болдырмау жолы-өсімдіктер мен азықтарды саңырауқұлақтармен зақымдалудан сақтандыру болып саналады.

Микотоксиндердің әсеріне малдардың сезімталдығын төмендету арнайы химиялық заттар – антидоттар, сол сияқты организмнен тез токсиндерді шығаратын және тотығу процесстерін арттыратын жасыл шөптер, витамин Е береді. Малдардың токсиндер мен зақымдалған азықтардан уланған кезде антидот есебінде, көбінесе метионин береді.

Жайылым кезінде малдарды эрготизмнен сақтандыру үшін, оларды астықтың гүлденіп, бас шығып толған кезінде, яғни қастауыш саңырау құлақтарының токсиндері зақымдап үлгермеген кезінде жайып, сол сияқты загонды (жайылымды участоктерге бөлу) жайылымды қолданады.

Торайлардың 2 – 4 айлық жастағысына, буаздықтың екінші жартысында мегежіндерге, аталық шошқаларға, сүт еметін бұзауларға, сауын сиырларға және құстарға бас күйе, қастауыш саңырауқұлақтар мен зақымдалған азықтарды бермеу керек. Құрамында 0,05 % дейін күйе бар азықтарды (әсіресе ұнтақты) жылқыға, қысыр, буаздықтың бірінші жартысындағы мегежіндерге, 4 – 8 айлық торайларға, бордақыдағы шошқаларға, ірі қара малдарына беруге рұқсат етіледі. Егер азықтар саңырауқұлақтардың токсиндарымен зақымдалған болса, оларды сілті ертіндісімен (натрий сілтісі, кальцийленген сода, сөндірілмеген әкі), аммиакпен, озонмен залалсыздандырып, немесе жоғарғы температурамен (10 минут



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет