3. Сүрлемді азықтың сапасына органолептикалық баға беру
Сүрлемді азыққа органолептикалық зерттеу жүргізгенде оның мына қасиеттеріне баға беріледі.
ТҮСІ. Сапалы сүрленген азықтың түсі оның құрамындағы өсімдіктердің түстерінен құралады: сары, сарғыш-жасыл, қоңыр-жасыл, ашық қоңыр. Сапасы бұзылған кезде қоңыр түс көбейе бастайды. Бұзылған пайдалануға жарамсыз сүрлем азықтың түсі тұнба кір, қара-қоңыр болады.
ИІСІ. Сапалы сүрленген азықтың өзіне тән жағымды жеміс немесе жаңа піскен нанның, ашыған алманың иісіне сәйкес болады. Бұзылған кезде сірке қышқылының, ашыға майдың, шіріген балықтың т.б. иісі сезіледі.
ДӘМІ. Сапалы сүрлемнің әлсіз қышқыл, жағымды дәмі болса, бұзылғанда өте ашты қышқыл, тамақты қыратын дәм сезіледі.
КОНСИСТЕНЦИЯСЫ. Сапалы сүрлемнің құрамындағы өсімдіктер төгілгіш, бір-бірінен айырылатын, жапырақ үсті жылтыр, құрамы сақталған болады. Дұрыс сүрленбеген азықтың құрамы сақталмай, үсті кілегейлі болса бұзылған сүрлем жабысқақ болады.
Дәріс №12 (1 сағ). Малдарды азықтандыруға қойылатын гигиеналық талаптар.
Достарыңызбен бөлісу: |