Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері



бет8/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

5.Ауа және оның гигиеналық маңызы

Біздің планетаны (жерді) газдар қабаты қоршаған, оны ауа қабаты, немесе атмосфера деп атайды. Бұл ортада барлық тіршілік өтеді де, тірі организмдер онымен тұрақты байланыста болады.

Атмосфераның төменгі, яғни тіршілігі бар қабаты – биосфера деп аталады. Онда барлық макро-микроорганизмдер, өсімдіктер, шыбын-шіркей, құрт-құмырсқалар т.б. өмір сүреді. Жер орайына байланысты қалыңдығы 10-18 км атмосфераның төменгі бөлігі тропосфера деп аталып, онда ауаның температурасы жоғарылаған сайын төмендей береді. Тропосфера атмосфераның суық қабаты стратосферадан жұқа қабат – тропопаузамен бөлініп тұрады. 40 км биіктікте температура біршама жылынып жоғарылайды да мезосфераға (ортаңғы қабат) ауысады. 80 км биіктіктен соң температура жоғарылай бастайды да термосфера қабаты туады. Бұл қабат қатты иондалған болады да оны ионосфера дейді. Одан жоғарғы қабатты экзосфера деп атап, ол біртіндеп жұлдыздар ортасына ауысады.

Қысқа мерзім ішіндегі атмосфераның әр жердегі төменгі қабатының жағдайын ауа райы деп айтады. Бұл жағдай атмосфераның қысымы, температурасы, ауа қозғалысы, күн сәулесінің радияциясы, жауын-шашынымен сипатталады. Ұзақ мезгіл (жылдар) ішіндегі ауа райының жинағын климат дейді. Ауа райына қарағанда әр жердің климаты біршама тұрақтылығымен сипатталады. Әр географиялық аймақтың өзіне тән климат ерекшеліктері болады. Өте географиялық кең аймақтың климатын макроклимат десе, шектелген жердің климатын микроклимат дейді. Мал шаруашылығында әр мал қоралардың ішкі жағдайын микроклимат дейді. Ол қора ауасының физикалық көрсеткіштері, газ құрамы, бактериялық және механикалық ластануының жинағынан тұрады. Сондықтан климат пен ауа райына қарағанда микроклимат жиі өзгерісте болып, оған қорадағы тұрған малдардың және жүргізілетін технологиялық процесстердің әсері көп болады. Себебі қорада орналасқан малдардың демі және нәжістерімен ауаға көптеген зиянды газдар (аммияк, көмір қышқыл газы, күкіртті сутегі, иіс), су булары, микробтар қосылып, оның құрамын нашарлатып, ластайды.

Жер қабатының атмосферасында төрт түрлі ауа түзілу аймағы байқалады: арктикалық, антарктикалық, тропикалық және экваторлық аймақ.

Тәулік ішіндегі ауа райының метеорологиялық көрсеткіштерінің (температурасы 10-15 градусқа, қысымы 1,3-2,6 кПа) тез өзгеруі синоптикалық шекарадан, яғни ауа қасиеттері әртүрлі екі атмосфера қабатының аралығынан өткен кезде кездеседі.

Ондай тосыннан өзгерген ауа райы күшті физиологиялық тітіркендіргіш болып саналып, организмге жағымсыз әсер етеді. Метеорологтар жылы, суық фронттар (аумақ) және окклюзия деп бөледі. Кейінгі фронт окклюзия жылы және суық фронт қабаттасқан кезде туады да ауа райының өзгеруі шамалы болады. Ауа салмағының өзгеруін туғызып осы фронттар (суық, жылы) өткен атмосфераның екі түрлі санитарлық жағдайы: циклон немесе антициклон пайда болады.

Циклон – атмосфераның төменгі қысымдық 2000-3000 км аймағын қамтиды. Қысымның төмендеуі шеттен орталыққа қарай артады. Циклондағы ауа райы тұрақсыз болып, температура мен қысымның тосын өзгеріп, ауаның ылғалдылығы жоғарылап, жауын-шашын шығуымен сипатталады.

Атмосферада синоптикалық фронттар жүрген кезде ауаның электрлік қасиеттерінің өзгеруіне аса көңіл бөледі. Ондайда үш сатылы ауаның электрлік өзгерісі байқалады. Бірінші саты – (синоптикалық фронт өткенге дейін) – атмосфераның электрлік бөлігінің (жердің электр кеңістігінің қуаты, ауаның электр өткізгіштігі, электромагниттік импульстардың қарқыны) өзгеруімен сипатталады. Екінші саты – (6 сағатқа дейін) ауаның метеорологиялық факторларының (температура, ылғалдылық) тосыннан секіріп тез өзгеруін (5-10 есеге дейін) айтады. Үшінші саты – синоптикалық фронттың өтуі бір тәулікке дейін жалғасады да, барлық электрлік-метеорологиялық факторлар біртіндеп қалыптаса бастайды.

Әр түрлі патологиялық (аурудың белгісі) реакциялар, сүзелең (хроникалық) аурулардың асқынуы, әсіресе жоғарғы өнімді малдардың арасында, синоптикалық фронттың өтуіне дейін, өту кезінде де және соңынан да, яғни бар сатысында да байқалуы мүмкін. Мұндай кезде малдардың денсаулығының нашарлап, өнімінің (сүті) төмендеуі ауа райының өзгеруіне дейін де, өзгерістен кейін де кездеседі.

Антициклон – шеттен орталыққа қарай ауа қысымының көтерілуінен болады. Ол диаметрі 5000 км-ден 6000 км дейінгі аймақты қамтиды. Тұрақты антициклон кезінде көбінесе ауа райы құрғақ, жауын-шашынсыз,температура мен барометрлік қысымның сәл өзгерістері байқалады, яғни антициклон тұрақты, ашық ауа райын әкеледі. Циклон мен антициклон бірін-бірі алмастырып отырады.

Ауа райы мал организміне әртүрлі әсерін тікелей немесе жанама тигізетіндіктен гигиеналық маңызы өте зор. Ауа райының ыстығы малдардың организмін жайылымда да, қорада да және айдау-тасымалдау кезінде де ыстыққа ұрындыруы мүмкін. Ауа райының суық кездерінде үсікке ұшыраған, суық тиген аурулардың шығуы жиілейді, әсіресе жас төлдердің ортасында кездеседі. Бұлтты күндері, әсіресе қыс, күз және жазғытұрғы мезгілдерде күн сәулесінің шамасы, әсіресе ультракүлгін бөліктері азаяды. Сонымен қоса ауа райы өсімдіктердің шығуын арттырып немесе керісінше төмендетіп, мал азығының мөлшері мен құрамын өзгертіп, организмге жанама әсерін тигізеді. Сол сияқты ауа райының өзгеруіне байланысты кейбір инфекциялық және инвазиялық аурулардың қоздырғыштары көбейіп, тарап кету қаупі туады. Кейбір су көздері ыстықтарда буланып, кеуіп, суы азайып, тартылып қалса, суық мезгілдерде қатып, температурасы төмендеп, малдар ішкен кезде, әсіресе ауру, әлсіз, буаз малдардың организміне зиянды әсерін тигізеді. Ауа райының жиі құбылып алмасуы мал қораларының ішкі ауасының негізгі көрсеткіштерін (микроклиматын) өзгертеді.

Мал қораларының микроклиматына мыналар жатады: ауаның температурасы, ылғалдылығы, қора бөлшектерінің қасиеттері, ауа қозғалысының жылдамдығы мен бағыты, газдардың концентрациясы, шаң-тозаң, бактериялармен ластануы, қораның жарықтану шамасы т.б.

Микроклиматтың осы көрсеткіштерінің нашарлап өзгеруі тек қана малдың резистенттілігі мен өнімін төмендетіп қоймай, жұмсалған азық шығымын арттырып және малдар арасындағы аурулардың пайда болуына әсерін тигізеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет