Дәріс №1. (1сағ) Кіріспе. Ветеринариялық гигиенаның пәні және әдістері



бет5/52
Дата02.01.2022
өлшемі199,74 Kb.
#107799
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
гигиена.сабакка керек

2. Мал денсаулығы туралы түсінік

Малдардың денсаулығын сақтау тек малдәрігер мамандарының ғана емес барлық мал өсіріп, өнім өндірумен айналысқан адамдардың алдындағы проблемалық мақсаты болып саналады. Өйткені орыстың профессор ғалымы А.П. Онегов – «Ешқандай мал, тұқымдық көрсеткіштері жоғары болса да, оған физиологиялық ерекшеліктеріне сәйкес жағдай жасалмаса, одан өз мәнінде керекті өнімді ала алмайды» - дейді. Сондықтан денсаулығы зор малдан ғана мол және сапалы өнім алуға болады.

Дені сау организмнің негізгі көрсеткіші болып, оның бірқалыпты – тұрақты жағдайы – гомеостаз (грек сөзінен homoios – ұқсас, біркелкі және stasis – қозғалыссыз, тұрақтылық) болып саналады, яғни ішкі дене ортасының құрамдары мен қасиеттерінің (қан, сары су, ағзы сұйықтары т.б.) және негізгі физиологиялық жүйе жұмыстарының (қан айналысы, тыныс алу, жылу, зат алмасу т.б.) тұрақтылығы қажет. Тірі организмдердің ең басты ерекшелігі сыртқы қоршаған ортаның тез аралықта жиі өзгеріске ұшырап тұруына қарамастан, денедегі физиологиялық процесстердің белгілі бір мөлшерге тұрақтылық сақтауы болып саналады. Ол тұрақтылық организмдегі әртүрлі физиологиялық көрсеткіштердің ауытқуын автоматты түрде өздігінен қалыптап, шектеп тұратын гомеостаздың әсерінен болады.

И.П. Павлов – «Организм дегеніміз - өздігінен бағыттап, қалыптап, түзеп, өзіне өзі көмектесіп ұстап тұратын, тіпті жаңартып отыратын күрделі жүйе» - дейді, сондықтан организм барлық физиологиялық процесстердің жүруін қадағалап, белгілі бір мөлшерде – нормада ұстап тұрады. Яғни дененің температурасын, қан қысымын, сұйықтағы сутегі иондарының концентрациясын, жүрек соғу, тыныс алу жиілігін тағы басқа көрсеткіштерді бірқалыпта ұстап тұруға тырысады. Осылай организм сыртқы ортаға қалыптасу кезінде әр жағымсыз денеге түскен әсерлермен (микробтар, вирустар т.б.) күресіп, организмдегі физиологиялық процесстердің бұзылып тоқтап қалуына жол бермейтін – гомеостаздың бір механизмі – иммунитет түзіледі.

Кез келген уақытта әр тірі организмнің өмір сүру кезінде жүздеген сыртқы ортаның факторлары денеге әртүрлі бағытта әсерін тигізіп, организмдегі биологиялық қасиеттерді өзгертіп, гомеостазды бұзуы мүмкін. Ондай жағдайда организм гомеостазды тек белгілі бір шекке дейін ғана ұстап тұра алады. Егер сыртқы ортаның әсер күші организмнің күресу шамасының шегінен асып кеткен болса гомеостаз бұзылып, денедегі алмасу жүйелері өзгеріп, организм ауруға ұшырайды. Сондықтан организмнің гомеостазы (тұрақтылығы) саулықтың кепілі болса, оның бұзылуы аурудың белгісі болып есептеледі.

Дененің саулығы – организмнің сыртқы ортамен, теңдігімен сипатталатын табиғи жағдайы.

Оны бағалау үшін әртүрлі (клиникалық, биохимиялық, гематологиялық т.б.) зерттеу тәсілдерін қолданады. Сол сияқты бір белгілі топ малдың (табынның) саулығын тексеру жолында есептік (статистикалық) көрсеткіштерін (ауруға шалдығуы, өлім-жітімге ұшырауы, өсіп-өнуі, өнім беруі, шаруашылықта пайдалану мерзімінің ұзақтығы т.б.) негізге алады.

Малдың денсаулығы оның өнімінің сандық және сапалық мөлшерімен сипатталады. Мысалы, ірі сауын малдарының сүт мөлшерінің төмендеуі, ұсақ малдардың жүнінің азаюы, жас малдардың өсуінің кемуі т.б. денедегі қалыпқа (норма) сәйкес келмейтін жағдайдың тууынан болады. Сол сияқты өнімнің сапасының төмен болуы (сүттің майлылығы кему, құрамының өзгеруі, құс жұмыртқасының қабығының жұқаруы, қой жүнінің әлсіздігі, сынғыштығы т.б.) организмде қайсы бір ауру процесстерінің шығуын көрсетеді.

Аурудың алдында организм ішкі ортаның тұрақтылығын (гомеостазын) сақтау үшін қалыптап – бейімдеу (компенсаторлық) қабілеттері арқылы күреседі. Соңынан аурудың дамуының салдарынан гомеостаз бұзылып, денедегі барлық зат алмасу процесстері қалыптан (нормадан) тыс ауытқып, функционалдық және морфологиялық өзгерістер пайда болып ауру туады. Кейбір кездерде физиологиялық процесстердің қалыптан тыс өзгеруінің салдарынан табиғи өмір сүру мүмкін болмай, организм өлімге ұшырайды. Көбінесе ондай жағдайлар денеге ауру тудырғыш патогенді (грекше patios – ауру) сыртқы орталық (қатты тітіркендіргіш) факторлардың әсерінен туады. Сондықтан денеге әсер ететін ортаның факторларын үш топқа бөледі. Біріншіден – органикалық емес (абиотикалық), екіншіден органикалық (биотикалық) және үшінші табиғи емес – адамдық (антропогендік) факторлар жатады. Бірінші топ факторларға: физикалық (жоғарғы, төменгі температура, артық немесе кем күн сәулесі), механикалық (шу, шаң-тозаң), химикалық (ауадағы газдар, топырақ, су, азықтағы химиялық заттар). Екінші топқа: вирустар, бактериялар, шыбын-шіркей, құмырысқа, өсімдік, көң, қоқыс т.б. жатады. Ал табиғи емес – антропогендік факторларға адамдардың іс-әрекеттерінен туатын (айдау, қамау, байлау, тасымалдау, жаю т.б.) әсерлер жатады.

Мұымен қоса кей аурулардың пайда болуы малдың ішкі ортасына, яғни тұқымына байланысты болады.

Барлық малда кездесетін аурулар екі топқа жатады: жұқпалы және жұқпайтын болып. Жұқпалы аурулар қоздырғышына байланысты инфекциялық және инвазиалық болып бөлінеді.

Инвазиялық ауруларды жай паразиттер (лейшманиоз, малярия т.б.), буынаяқтылар (членистоногие), құрттар (гельминты) тудырса, инфекциялық ауруларды микроорганизмдер (бактерия, вирустар, саңырауқұлақтар т.б.) шығарады. Осы арулардың кейбіреулері малдармен қатар адамдарға да жұғып зооантропаноз ауруын шақырады. Жұқпайтын аурулар сыртқы қоршаған ортаның физикалық (суық, ыстық, ылғалдық, шу, шаң-тозаң т.б.); химиялық (газдар, улы заттар) факторларының әртүрлі әсерінен және малдарға дұрыс жағдай жасамай, гигиеналық талаптарға сай күтіп бақпаудан, пайдалану ережелерін бұзғанда, сапасыз дұрыс сақтамаған азықтар немесе қалыпқа (нормаға) сәйкес емес азықтандыру кезінде болады.

Осы сыртқы ортаның факторлары мал организміне уақытына (ұзақ, жедел), күшіне және түріне байланысты әртүрлі аурулар тудырады. Бірақ біртүрлі фактор кей малда ауру тудырса, ал кей мал ауырмайды. Ол әр организмнің табиғи төзімділік қабілеті – резистентіне байланысты болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет