Дәріс №1. Қаріптердің шығу тарихы. Дәрістің мақсаты


Қаріптің ішіндегі пропорциялар



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі385,32 Kb.
#82892
1   2   3   4
Байланысты:
№6 Дәріс

Қаріптің ішіндегі пропорциялар. Оқылған мәтінге қарап, адам белгілі бір ритмикалық құрылымды көруге үйренген. Бұл құрылым бұзылмас үшін және оқырмандардың көзі шаршамас үшін, қаріптің барлық таңбалары белгілі бір пропорцияларды және таңбалардың ішіндегі ақ пен қараның қатынасын сақтау керек.
Түрлі, тең және біркелкі болып таңбалардың ені бойынша қатынасымен ерекшеленетін қаріптердің үш түрі бар.
Түрлі ендік қаріпте, бір-біріне қатысты таңбалардың еніндегі айырмашылығы, көп мөлшерде көрінеді. Бұл айырмашылық тарихи түрде қаріпті дамыту және жақсарту процесінде қалыптасты, ол жақсы оқылуды қамтамасыз етеді, мұндай қаріптер ең үйлесімді болып қабылданады.
Тең ендік қаріптерде таңбалар, әрине, ені бойынша бірдей емес, бірақ оптикалық түрде бірдей көрінеді. Мұндай қаріп көбірек қатаңдыққа, әрі статикалыққа ие.
Біркелкі ендік қаріпте барлық таңбалар ендері бірдей кегельдік алаңдарда орналасады. Қаріптердің осы түрін жасау қажеттіліктен: тұтқалық баспа машинасының пайда болуымен, туындады. Сол кездегі ең танымал қаріп- кесек қаріп болатын, сол қаріптің негізінде баспа машинасы үшін стандартты қаріп жасалды.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ

  1. Қаріп дегеніміз не?

  2. Қаріптің қандай түрлері сізге белгілі?

  3. Әріптің құрылымы және конструкциясы қандай?

  4. Қаріптің ішіндегі пропорциялар қандай?


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет