Оқытудың «жұлдызша» әдісі.
Бұл әдіс интеллектуальдық деңгейі жоғары және білім алуға ынтасы күшті топтарға пайдалану тиімді. Бұл жағдайда оқытушы әрбір студенттің жеке дайындығын есепке алып сабақ жүргізеді.
Әр студентке немесе әр топшаға оқытушы дербес тапсырмалар береді. Бұл әдіс әр студентпен жеке жұмыс істеуге де өте тиімді. Бұл әдістің ерекшелігі тапсырмалар тест, негізгі сұрақ түрінде немесе басқа формада беріледі.
Мысалы: 1- студентке немесе топшаға: 1 – негізгі сұрақ:
1) Мифологиялық дүниетаным дегеніміз не?
Студент немесе топша студенттері негізгі сұрақ бойынша жауап бергенде мына мәселелерді: мифология дегеніміз не?
миф дегеніміз не? дүниеге мифтік көзқарастың мәні неде? анимизм дегеніміз не? тотемизм дегеніміз не? және т.б. сұрақтарды қамтуы керек.
2- студентке немесе топшаға: 2- негізгі сұрақ:
1) Діни дүниетаным дегеніміз не?
Студент немесе топша студенттері негізгі сұрақ бойынша жауап бергенде мына мәселелерді: буддизм дегеніміз не? христиандық дегеніміз не? христиандықта неше бағыт бар?католицизм қандай дін? православие қандай дін? протестантизм қандай дін?және т.б. сұрақтарды қамтуы керек.
3-студентке немесе топшаға: 3- негізгі сұрақ:
1) Ислам қандай дін?
Студент немесе топша студенттері негізгі сұрақ бойынша жауап бергенде мына мәселелерді: ислам діні қашан және қай жерде пайда болды? құран туралы не білесің? құдай туралы не білесің? ислам неше бағыттан тұрады? суннизмнің ерекшелегі неде? шейзмнің ерекшелігі неде? және т.б. сұрақтарды қамтуы керек.
4-студентке немесе топшаға: 4- негізгі сұрақ:
1) Жеке және көп құдайды мойындайтын діндер мен философиялық ілімдер?
Студент немесе топша студенттері негізгі сұрақ бойынша жауап бергенде мына мәселелерді: теизм дегеніміз не?деизм дегеніміз не? политеизм және монотеизм дегеніміз не? пантейзм дегеніміз не?синтоизм дегеніміз не?индуизм дегеніміз не? иудаизм дегеніміз не? және т.б. сұрақтарды қамтуы керек.
5-студентке немесе топшаға: 5- сұрақтар топтамы:
Достарыңызбен бөлісу: |