Дәріс 1 Экологиялық ресурстанудағы табиғи ортаны қорғау, табиғат байлықтарын тиімді пайдалану принциптері Жоспар



бет36/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,52 Mb.
#88465
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45
Бақылау сұрақтары

  1. Табиғи көмірдің нарығының артықшылықтары қандай?

  2. Табиғи көмірдің нарығы дамуының болашағы қандай?


Зертханалық-тәжірибелік жұмыс 11
Биоалуантүрлілік, биосферада генофондты сақтау

1. Ғылыми – техникалық прогресспен, адамның қоршаған ортаға әсерiнiң күшеюiмен байланысты «жабайы» табиғаттың кейбiр бөлiктерiн, жойылу шегiнде тұрған жануарлар мен өсiмдiктер түрлерiнiң мекен ету ортасын қорғау, тұтас табиғи комплекстер, су көздерi, табиғаттың ұлттық жетiстiгi болып бағаланатын ерекше ескерткiштерiн сақтау қажеттiгi артты. Экологтар әрбiр Ресей тұрғыны жылына шамамен 58-65 сағатын табиғатта өткiзетiнiн есептедi. Халқы көп европалық мемлекетте орманның әрбiр гектарында адам жылына орта шамамен 44 сағат болады. Үлкен қала маңында орманда демалушылар концентрациясы жоғары. Бұл қоршаған ортаға жоғары антропогендi күшi туралы айтады, соның iшiнде табиғаттың «қолтигiзбеген» жерлерiне де, әрине Жер биосферасының қалыпты қызметi қатысуынсыз жүрмейтiн, ландшафтар, кейбiр табиғи территорияларды ерекше қорғаудың маңыздылығын да көрсетедi. Толық немесе жекеленген, үздiктi немесе уақытша адамның қалыпты – қарқынды шаруашылық алмасуынан шектелген және экологиялық тепе – теңдiктi сақтауға адамзаттың тiршiлiк ортасы мен денсаулықты ұстап тұруға, табиғи ресурстарды тарихи, шаруашылық немесе эстетикалық мағынасы бар бағалы табиғи және жасанды объектiлер мен құбылыстарды қорғауға арналған биосфера аудандары – ерекше қорғалатын табиғи территориялар жөнiнде айтып отырмыз.


2. Дүниежүзiнде мұндай территорияның үш мыңы белгiлi. Олардың көпшiлiгiнiң ауданы үлкен. Мысалы, дүниежүзiнде ең үлкен Гренландия ұлттық паркi, ол Гренландия аралының солтустiк – шығыс бөлiгiнде орналасқан. Ауданы 7 млн.га. Ол жерде арктикалық шөлдер ландшафты, кейбiр жануарлар – бұқалықой, ақ аю, морж, тюлень, поляр түлкiсi, ақ қоян және басқаларды қорғалады. Одан кiшiрек Ботсвандағы (Африка) Орталық – Калахер резерваты – 5,3 млн.га. Монголиядағы Үлкен Гобий қорығы – 4,3 млн.га. және Канададағы Вуд – Баффало ұлттық паркi – 4,5 млн.га. Тек құрлық бөлiктерi емес, акваториялар да қорғалады – 200 ден астам акваториальдi (сулы) табиғи комплекстер. Мысал ретiнде Ресей қорықтары – Астрахань (Волга дельтасында), Қиыр Шығыс теңiздi (Приморы аймағы), Кивач (Карелиядағы Суна өзенiндегi сарқырамамен бiрге). Дүниежүзiнде ұлттық парктер мен оларға тән территориялардан бес категорияны бөлiп қарастырамыз: 1) ұлттық парктер; 2) провинциальдi парктер; 3) толық резерваттар немесе бағытталған тәртiп резерваттары, 4) табиғи парктер және әртүрлi профилдегi заказниктер; 5) тарихи, мәдени – тарихи және археологиялық заказниктер.
Ұлттық парктер – негiзгi мiндеттерi – табиғи комплекстердi қорғаумен бiрге, рекреациялық мақсатқа арналған ерекше қорғалатын табиғи ландшафтар немесе олардың бөлiктерi кiретiн, үлкен территория. Ұлттық парктiң барлық территориясында және оның қорықтық аймағында жер қорын пайдалануды басқаратын әкiмшiлiк басқармасы бар. Дүниежүзiнде 4 млн. км алып жатқан, шамамен 2 мың осындай парктер бар.
Ұлттық парктер территориясы экологиялық, тарихи және эстетикалық жағынан бағалы, және табиғи мәдени ландшафтарды бiрiктiредi. Бұл территорияларда: кiруге болмайтын қорықтық аймақтар; туристердiң реттелген саяхатына ашылған, рекреакциялық аймақтар; шектелген шаруашылық қызметтер жүргiзiлетiн аймақтар. Ұлттық парктер өлi және тiрi табиғат объектiлерiмен бiрге ерекше бағалы табиғи комплекстердi қорғайды, және тарихи және мәдени ескерткiштердi де қорғайды. Олардың қорықтық аймақтарында ғылыми зерттеулер жүргiзiледi. Дүниежүзiндегi тұңғыш ұлттық парк – 1872 жылы, АҚШ – да, Вайоминг, Монтана және Айдахо штаттарының территориясында құрылған Йеллоустан паркi. Оның ауданы – шамамен 900 мың.га. Ол жер шарындағы ең үлкен гейзерлi аудан: бұл жерде 3000 гейзерлер, көптеген ыстық көздерi бар. Ол жерде шыршалы ормандар, альпiлiк шалғындар, прериялар бар. Бизондар, вапиттер, аюлар (қара және қоңыр), құстардың 200 түрi және басқалар қорғалады.
3. Қорықтар – табиғи комплекстердi бұзылмаған түрiнде сақтау үшiн, жануарлар мен өсiмдiктер түрiн қорғау және табиғи процестердi басқару үшiн кез келген шаруашылық қызметтен толық босатылған, заңмен ерекше қорғалатын кеңiстiк. Оның бiр түрi – биосфералы қорық, яғни әлемдiк масштабта биосферадағы болатын өзгерiстердi анықтауға көмектесетiн, ғасырлық процестер жүретiн, адам қайта құрған ландшафтар әсерiне түспейтiн, қатаң қорғалатын табиғи аймақ. Бұл түрдiң түзiлулерi биосфералы қорықтардың дүниежүзiлiк торына ЮНЕСКО құрамына бiрiктiрiлген. 1999 жылдың соңына қарай Қазақстанда 9, ал Ресейде 75 қорық қызмет жасады (оның iшiнде 16 биосфералы) жалпы ауданы 20 млн.га, олардың 4-нiң ауданы 500 мың.га, олар 1991 жылы ашылды. Сонымен бiрге халықаралық ресей-фин қорығы «Дружба - 2» қызмет жасай бастады; шекаралық аудандарда жаңа халықаралық қорықтар ұйымдастырылды: ресей – норвегия, ресей – монгол, ресей – қытай – монгол. Бiздiң елдегi үлкен Қорғалжын қорығы (ауданы шамамен 240 мың.га.), ол жерде қызғылт фламинго ұялары, тыпшақ – шөлдi далалар, батпақтанған Қорғалжын және Теңiз көлi және олардың ихтиофаунасы қорғалған. Қазақстандағы ауданы жағынан екiншi қорық – Үстiрт, ол жерде Тұран ойпатының ландшафты шөлi және Үстiрт платосы, муфлон, гепард, жайран және сайғақ қорғалады. Қорғаудың қатаң тәртiбi бар территориялар резерваттар деп аталады. Оларға кең қорғалатын территориялардың орталық, бағалы бөлiгi – қорықтар мен ұлттық парктер кiредi. Резерваттарда кез келген шаруашылық қызметi толық тыйым салынады, және олар экскурсанттар мен туристер үшiн жабық. Қазақстандағы ерекше қорғалатын территориялардың кең тараған түрi – бұл жекеленген немесе уақытша қорғау тәртiбi бар территориялар (немесе акваториялар). Оның жеке табиғи ресурстары пайдаланылады. Олар шаруашылық қызметiнiң жеке түрлерiнiң және табиғи ресурстарды пайдалануымен шектелуi болатын табиғатты территориальдi қорғау қызметiн атқарады. Ерекше әдемiлiгi және тарихи бағалылығы бар жеке табиғи объектiлер, қорғалатын табиғи объектiлер – табиғат ескерткiштерi деп аталады. Қазақстанда 24 табиғат ескерткiшi бар, Мысалы, Шарын шетен тоғайы, Пожарная Сопкасы, Синегорск пихталы тоғайы және т.б. Республикада алғашқы мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер құрылған. Қазiр олар төртеу - Алтын – Эмель, Iле – Алатау, Баянауыл және Көкшетау. Болашақта тағы 12-сi ашылады. Ботаникалық саябақ, зоологиялық және дендрологиялық парктер географиясы кеңеюде. Олар Астана, Қызылорда және Атырау қаласында ұйымдастырылады
Орталық Азияда биологиялық алуан түрліліктеріне, ландшафттардың түрлеріне ең бай мемлекет – Казахстан. 272,5 млн. га аумақта флора түрлері 13 000, фауна байлығында 800 омыртқалы, 50 000 омырқасыз түрлер анықталған. Республикамызда орманды, далалы, шөлді, таулы ландшафтар белгілі. Эндемикалық, реликті түрлер арасында 400 астам өсімдіктер, 300-дей омыртқалы жануарлар бар. Территорияның 66% антропогендік әсерлерге ұшыраған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет