Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланың құқықтары: қорғаншылық, қамқоршылық және патронат: 1. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға оның мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтарын қорғау үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қорғаншы немесе қамқоршы белгiленедi.
2. Қорғаншылық он тӛрт жасқа толмаған балаларға белгiленедi, ал қамқоршылық он тӛрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi кәмелетке толмағандарға белгiленедi.
3. Жергiлiктi атқарушы органдар қорғаншылық және қамқоршылық органдары болып табылады.
4. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, соның iшiнде тәрбиелеушi, емдеушi немесе басқа мекемедегi балаға Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес патронат белгiленуi мүмкiн.
5. Қорғаншылық немесе қамқоршылық белгiленген баланың аға-iнiлерi және апасiңлiлерi бар болса, олардың бiрге тұруы үшiн жағдай жасалады. Бала асырап алу: отбасында өсiрiп-жетiлдiру мен тәрбиелеу
үшiн жағдайлар жасау мақсатында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен асырап алуға берiлуi мүмкiн.