Дәріс. 1: Әлеуметтік педагогика – білім саласы дәріс жоспары



бет1/44
Дата08.02.2022
өлшемі96,54 Kb.
#118671
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы ӘП


Дәріс.1: ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА – БІЛІМ САЛАСЫ
Дәріс жоспары:
1. Әлеуметтік педагогика саласының пайда болуы мен қалыптасуына тарихи шолу
2. Әлеуметтік педагогика пәнінің мақсат-міндеттері және негізгі қызметтеріне сипаттама
3. Әлеуметтiк педагогикалық теория мен практикасының нысандары
«Әлеуметтiк педагогика» ұғымын алғаш рет XIX ғасырда немiс педагогы
А. Дистервег енгізген. Бірақ араға көп уақыт салып қана әлеуметтік педагогиканың екі ғылыми-практикалық бағыты айқындалды. Оның бірі П. Наторп есімімен байланысты айқындалып, халықтың мәдени деңгейін көтеру мақсатында қоғамның тәрбиелік күштерін интеграциялау мәселесіне арналды. Екінші бағыт қараусыз қалған балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оларды қорғау, құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталды. Бұл бағыт Г. Нол, Г. Боймер есімдерімен байланысты болды.
Әлеуметтiк педагогика, бұл қоршаған ортаның тәрбиеге әсерi жөнiндегi ғылым. Әлеуметтiк педагогика мәселелерiн зерттеуде танымал Ресей ғалымы А. В. Мудрик әлеуметтiк педагогиканы адамның бүкiл өмiрi барысында жүзеге асырылатын әлеуметтiк тәрбиесiн қарастыратын ғылым ретiнде қабылдауға болады деп айтады.
Әлеуметтік педагогиканың идеялары мен бұл саладағы қызметкерлердің жұмыстары С. Т. Шацкий, В. Н. Шульгин, М. В. Крупенин, А. Г. Калашникова, А. П. Пинкевич т.б. тарапынан қарастырылған. С. Т. Шацкий мектептің әлеуметтік рөлін негіздеп, кіші ортада біртұтас тәрбие процесін ұйымдастыруды теориялық тұрғыдан айқындаған. 30-жылдардың аяғындағы мектептердің тек оқу-тәрбие процесін жақсартуға ғана басты назар аударуы әлеуметтік педагогика саласындағы ғылыми зерттеулерді кейінге ысырып жіберді.

Әлеуметтік педагогиканың бастаулары халықтық педагогикада жатыр. Тұлғаны әлеуметтендіру идеялары ұлы ғұламалардың педагогикалық көзқарастарында қарастырылған. Атап айтқанда, әл-Фараби, Ж. Баласағұн, М. Қашқари, Қ. А. Ясауи және т.б. ғұламалар еңбектерінде адам тәрбиесін жүзеге асыру оның әлеуметтік ортасын қалыптастырумен байланысты екендігі баса айтылған.


Әлеуметтік педагогика мәселелерін көптеген классик педагогтар Я. А. Коменский, Ж. Ж. Руссо, И. Г. Песталоцци, И. Гербарт, А. Дистервег, К. Д. Ушинский және т.б. қарастырған. Олардың педагогикалық көзқарастарының ықпалымен адам тәрбиесінің қоғамдық-әлеуметтік ортадағы рөлі, тәрбие нәтижесінің қайырымдылықпен, мейірімділікпен айқындалатындығы туралы ой-пікірлер тұжырымдалады.
Әлеуметтiк педагогика пәнiнiң зерттеу объектiсi - адамның әлеуметтiк ортамен өзара қарым-қатынасының жиынтығы негiзiнде оның қоғамдағы даму процесi болып табылады. Сонымен қатар, әлеуметтік педагогиканың ғылым ретіндегі негізгі мақсаты педагогикалық мақсатпен сабақтастықта тұлғаның әлеуметтік болмысына қатысты білімдерді интеграциялау болып табылады. Практикалық пән ретіндегі негізгі мақсаты - өзінің табиғи болмысынан алыстаған тұлғаны қалпына келтіруге көмектесетін технологияларды жасау.
Ал, әлеуметтiк педагогиканың пәнi - адамның әлеуметтенуiнiң және оның қоғамға бейiмделуiнiң педагогикалық аспектiсi болып табылады. Әлеуметтiк педагогика адам мен қоғамның өзара әсерлесуi негiзiнде қалыптасу, қоғамға толық ену ретiндегi тұлғаның әлеуметтiк қалыптасуын ынталандырудың мақсатын, мiндетiн, мәнiн, мазмұны мен принциптерiн, әдiстерi мен формаларын зерттейдi.
Әлеуметтiк педагогика өзiнiң пәндiк өрiсiне ие және ғылым ретіндегі өзiндiк мiндеттерi айқындалған. Олар:
- тұлғаның даралық дамуын гармониялы бiрлiкте қарастыра отырып, ғылыми әлеуметтендiрудi қамтамасыз ету;
- тұлғаның дамуы мен әлеуметтену процесiне әсер етушi қарым-қатынастарды педагогикалық тұрғыдан реттеу;
- тұлғаның қоғамға және әлеуметтену процесiндегi педагогика-лық ғылымдардың көпжақты әсерiнiң мүмкiндiктерiн зерттеу;
- әлеуметтiк ортаның педагогикалық потенциалын арттыру мен оны пайдаланудың шарттарын және тәсiлдерiн зерттеу;
- тұлға ұғымының мәнін, оның даму, қалыптасу кезеңдерін түсіну;
- адамның әлеуметтік болмысының түрлі формаларының (адам, жекелік, тұлға, субъект) шекараларын ажырата алу;
- тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуының өзара байланыстылығына талдау жүргізу;
- әлеуметтік детерминант, әлеуметтік қалыптасу, тұлға қызметі мен дамуы ұғымдарының мәнін ашу.
Адамның дамуын оның қоршаған орта ықпалынан және өзара қарым-қатынас негiзiнде дамуын оның әлеуметтенуiнiң нәтижесi деп қарастыруға болады. Әлеуметтену:
- адамның қоғаммен өзара қарым-қатынасы арқылы және өмiрдiң әртүрлi жағдайларынан;
- адамдарға мемлекет тарапынан болатын әсерлер арқылы;
- тәрбиенiң немесе адамның дамуының белгiлi бiр жағдайда мақсатты бағытталған процесi арқылы;
- адамның өзiн-өзi тәрбиелеуi немесе өзiн-өзi дамытуы арқылы жүзеге асырылады.
Әлеуметтiк педагогика - әлеуметтендiру процесiн бiлiмдiк-тәрбиелiк құралдармен реттеудiң және жүзеге асырудың, танымның теориясы мен практикасын қамтитын ғылым саласы болғандықтан, әлеуметтiк болмыстың адам өмiрi барысындағы мақсаты мен мiндеттеріне ықпалын қарастырады. Әлеуметтiк педагогика жеке адамдарға, тұрғындардың топтарына көмек көрсетудi өз мiндетiне жатқызады.
Әлеуметтiк-педагогикалық тәрбие және тәжiрибесiнiң нысаны - жеке дара және қоғамдық сипаттама бiрлiгiн қамтитын әлеуметтік ортаның мүшесi болып табылатын адам, ал оның пәнi - адамның әлеуметтiк тұрғыда қалыптасуының және дамуының педагогикалық аспектiлерi.
Әлеуметтiк-педагогикалық теория мен практикасының екiншi міндетiнің нысаны - қоғамның әлеуметтiк шеңберi, микро (шағын) орта, адамдар ұжымы және т.б.болып табылады. Аталмыш деңгейге тән іс-әрекетті жүзеге асырудың белгiлi құралдарына мәдени-ағарту, дене шынықтыру - сауықтыру, әлеуметтiк-тәрбие жұмыстарын және т.б. ендiруге болады.
Әлеуметтiк педагогиканың үшiншi деңгейдегi нысаны - әлеуметтендiрудiң алуан түрлi сатылары мен деңгейiндегi жеке адам болып табылады.
Бұның өзі қоғамда әлеуметтік педагогикалық қызметтің қажеттілікке айналып отырғандығы мен осы салада мамандар даярланудың сұранысы артып отырғандығын дәлелдейді. Әйтсе де, халықтық болмысызда тастанды балалар мен қараусыз қалған ата-аналардың болмағандығы қоғамның өркениеттілігінің шарықтаған заманында өз жалғасының үзіліп отырғандығын көрсетеді.
Тұжырым:
1. Әлеуметтік педагогика ғылымы адамды өзi өмiр сүрiп отырған қоғамының талаптарына сай әлеуметтендiру тәжiрибелерiн ұрпақтан-ұрпаққа беру қажеттiлiгiнен туындады.
2. Әлеуметтік педагогика ғылымы адам мәселелерiмен айналысатын барлық ғылымдармен тығыз байланысады.
3. Әлеуметтік педагогика ғылымының мақсат-мiндеттерi қоғамның адам тәрбиесiне деген талаптарына сай үнемi өзгерiп отырады. Ол қоғам талаптарынан туындап, қоғам мұқтажын ескередi.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет