ДӘРІС. 3: ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСС ЖӘНЕ ОНЫ ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ Дәріс жоспары: Әлеуметтік педагогикалық процесс
Педагогикалық үдеріс
Педагогикалық процесс - оқушылардың мәдени байлықтарды меңгеруге және оларды еңбекке және қоғамдық өмiрге дайындаудағы бiрлескен iс-әрекеттерi, бұл ұстаздардың белсендi араласуымен және басшылығымен жүзеге асады.
Процесс - латынның "processus" деген сөзiнен аударғанда "жылжу" деген мағынаны бiлдiредi. Ол:
- даму сатысы, күй өзгерiсiнiң бiрiздiлiгiнен;
- қандай да бiр нәтижеге жету үшiн ұйымдастырылған бiрiздi әрекеттердiң жиынтығынан тұрады.
Процесс ұғымының мәнi "педагог - оқушы" жүйесiндегi оқытушыға бiрiздi ұйымдастырылған әрекеттер жиынтығы негiзiнде соңғы нәтиже қандай болуға тиiс екендiгiн, ол үшiн қандай өзгерiстер жасау керектiгiн нақты бiлудi талап етедi. Педагогикалық процестегi болашақ мамандар даярлығын қалыптастыру мәселелерiн қазақстанда ғалым-педагог Г.Д.Хмельдiң ғылыми мектебi зерттеп келедi. Педагогикалық процестiң мәнiн айқындау оның көптеген элементтерiн айқындаумен байланысты.
Педагогикалық процестiң элементтерiн алғаш ендiрген А.Г.Калашников болды. Ол педагогикалық процесс құрылымынан келiп шығады. Олар: мақсаты, мiндетi, мазмұны, формасы, әдiс-тәсiлдерi және құралы мен педагогикалық процестiң материалдық жағынан ұйымдастырылды. Ғалым Данилов А.М. педагогикалық процестiң элементтерi мұғалiм мен оқушыларды да қамтиды деп ұсынды.
Адамның қандай да болмасын iс-әрекеттерiнiң заттық сапасы қалайда бiлiмдер жүйесiнде көрiнедi. Сондықтан педагогикалық процесс сипатының бiртұтастық обьектiлерi жасалмайынша педагогикалық iс-әрекеттiң сәттi болуы мүмкiн емес. Педагогикалық iс-әрекетте еңбек субьектiсi мұғалiм болады. Мұғалiмнiң еңбек құралдарының өзiндiк сипаттары - ол, оның бiлiмi, бiлiгi, тұлғалық қасиеттерi болып табылады. Осыған байланысты бiлiм "сананың тiр тұтастық обьектiсi" болып есептелуi керек. Мұғалiмнiң iс-әрекетi, оның бiлiмi және тәжiрибесi кәсiби шеберлiктiң деңгейiне тiкелей қатысты екендiгi анық.
Педагогикалық процесс - жүйе. Қоғамдық өмiрге оқушылардың қатысу тәжiрибесiн қалыптастыру, педагогикалық процестiң оқудан тыс кеңiстiгiнде iс-әрекеттер түрлерiн меңгеру барлық оқушылардың өзара әрекеттерiн және ұстаздар тарапынан басшылық болуын қажет етедi. Сондықтан да мектеп үшiн макро жүйе "мектеп ұстаздары - мектеп оқушылар ұжымы" қалыптасады. Педагогикалық процестiң жүйе ретiндегi бiрқатар белгiлерi мыналар болып табылады:
-педагогикалық процесс әлеуметтiк жүйе ретiнде адамдардың өзара әрекеттерi есебiнен өмiр сүредi;
-мектеп педагогикалық процесi көп деңгейлi және көпқұрылымдық құбылыс, себебi, ол өзiнен кейiнгi деңгейдегi жүйелердi жинайды;
-жүйе тек iс-әрекетпен, тәсiлдерiне оқытса, онда оқушылар оларды меңгере отырып педагогикалық процестiң белсендi қатысушылары болады; тек қана репродуктивке ғана емес, қайта құру, шығармашылық белсендiлiкке дайын болады;
-педагогикалық процесте мұғалiмнiң басқару обьектiсi оқушылардың iс-әрекетi болады;
-iс-әрекеттiң барлық элементтерi (мақсат, мiндеттер, мазмұны және т.б.) үлкендердiң, ата-аналардың, ұстаздардың iс-әрекетi негiзiнде баланың бiлiмдi меңгеруiне бағытталуы керек;
-педагогикалық процестегi мұғалiмнiң басқару құралы iс-әрекет субьектiлерi арасындағы қатынастар болады. Олар арқылы субьектiлердiң өзара әрекетi мен дамуына тиiмдi жағдайлары қамтамасыз етiледi.
М.А.Данилов және басқа да көптеген ғалымдар оқыту процесiнiң тиiмдiлiгiн арттыратын заңдылықтарды ескере отырып, педагогикалық процестiң заңдылықтары да болуға тиiс деген қорытындыға келдi. Ю.К.Бабанский педагогикалық процестi жалпы жүйе деп қарастырды да төмендегiдей негiзгi заңдылықтарды ұсынды:
- педагогикалық процестiң қоғамның әлеуметтiк-экономикалық қажеттiлiгiмен байланыстылығы;
- педагогикалық процестiң нақтылы бiр мақсатқа бағыттылығы;
- педагогикалық процесс екi жақты сипатқа ие. Яғни, ұстаздар мен оқушылардың, тәрбиешiлер мен тәрбиеленушiлердiң өзара әрекетiмен байланысты болады. Педагогикалық процестiң екi жақтылық ерекшелiгi мiндеттi түрдегi екi жақтың да iс-әрекеттерi арқылы сипатталады; Мұны мынадай схема түрiнде көрсетуге болады:
- оқушылардың белсендiлiгi мұғалiмдердiң iс-әрекеттерiнiң нәтижесi болып табылады;
- оқушылардың мұқият ұйымдастырылған өзара iс-әрекеттерi педагогикалық процестiң тиiмдiлiгiн арттырады;
- педагогикалық процесс ұзақ мерзiмдi процесс.
- педагогикалық процестiң қызметi оның мазмұнына, сынып ұжымындағы әрбiр оқушының жас және дара ерекшелiктерiне сәйкес ұйымдастыруға байланысты анықталады.
Мұғалiмнiң басшылық ролiн анықтайтын заңдылықты, тәрбиеленушiлердiң саналы белсендiлiгi мен ұжымдық және жеке шығармашылық iс-әрекеттерiн ұстаз жасайды. Оқушының оқу әрекетiн мұғалiм тек мектептегi педагогикалық процесте ғана емес, сонымен қатар отбасында да жалғасын туып жатуын қамтамасыз етуi тиiс. Сондықтан мектептегi мұғалiмдер мен ата-аналар, мұғалiм мен оқушылар, оқушылар мен ата-аналар, оқушылар мен оқушылар арасында өзара қарым-қатынас орнайды. Бұл тұтас педагогикалқ процес барысында жүзеге асып отырады. Сонымен қатар педагогикалық процестiң мақсат-мiндеттерi әр түрлi әдiс тәсiлдердi қолдану оқу жұмысын әртүрлi формалар арқылы ұйымдастыру барысында жүзеге асады.
Жоғарыдағы схеманы қолдана отырып, жеке топтар бөлiктерiнiң ерекшелiктерiн қарастырайық. Ең алдымен айтатын нәрсе, ол әлеуметтiк тапсырыс мұғалiмге байланысты емес, ол қоғамның мүддесiне сай болатындығын көрсетуiмiз керек. Педагогикалық процестiң мазмұнды қосымша құрамына сипаттама бере отырып, бұл бөлiктер негiзiнен мектептегi қоғамдық мүдденiң мағынасын жасайды.
Басқа бөлiктер - құралдар, формалар, әдiстер мен тәсiлдер, тапсырмалар - оқушылардың iс - әрекеттерiн ұйымдастырудағы мұғалiмдердiң мүмкiншiлiгiн көрсетедi, яғни педагогикалық процестiң қозғаушы тетiгi болады.
Мұғалiм, оқушы және ата-ананың педагогикалық процестегi өзара арақатынасын мына схемадан көруге болады: