Дәріс. 1: Әлеуметтік педагогика – білім саласы дәріс жоспары



бет6/44
Дата08.02.2022
өлшемі96,54 Kb.
#118671
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы ӘП

Әлеуметтену процесi. Әлеуметтену адамның әрбiр өмiрлiк кезеңдерiне қарай өзiндiк ерекшелiкпен жүзеге асырылады. Ол кезеңдер: балалық шақ, жастық шақ, ересектiк шақ, қарттық шақ. Әлеуметтену процесiн жүзеге асырудың маңызды институты ретiнде отбасы мен бiлiм беру мекемелерi ерекше маңызды рөл атқарады. Мектеп және мектепке дейiнгi жастағы балалардағы әлеуметтенту әрекетiнiң мазмұны мен түрлерi бiрiздi өзгерiп отырады. Әлдеуметтену процесi әсiресе жасөспiрiмдiк және жастық шақта айқын, өте қарқанды өтедi. Бұл кезде олардың қоғам талаптарына бейiмделуiне көпшiлiк ақпараттық құралдар, достары, бейресми ұйымдардағы жұмыстар, жастар арасындағы өзiндiк мәдениет, қарым-қатынас стильдерi әсер етедi. Ересек жастағы әлеуметтену процесi бiршама қиындық туғызады. Өйткенi, бұл кезде тұлға дане және ақыл-ойы жағынан қалыптасып, өзiндiк көзқарасы мен өмiрлiк ұстанымдары тұрақталған. Қаншалықты талпыныс жасағанымен бұрынғы әдетке айналып қалған әрекеттер мен дағдылар тұлға қалыптасуын кешеуiлдетедi.
Әлеуметтену процесiн екi жақты сипатта қарастыруға болады: әлеуметтiк бейiмделу және әлеуметтiк интеграция. Әлеуметтiк бейiмделу- тұлғаның өмiр сүру ортасы болып табылатын әлеуметтендiру институтына, әлеуметтiк топтар мен мекемелерге, рольдiк қызметтерге, тұрмыс жағдайларына бiртiндеп бейiмделуi. Ал, әлеуметтiк интеграция - бұл, тұлғаның саналы түрде iшкi рухани өмiрiн, өмiрлiк құндылықтары мен әлеуметтiк нормаларын байытып, жетiлдiруi. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет