Дәріс. 1: Әлеуметтік педагогика – білім саласы дәріс жоспары


ДӘРІС.7: ОҚУ – ТӘРБИЕ МЕКЕМЕЛЕРІ - ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ИНСТИТУТТАРЫ



бет14/44
Дата08.02.2022
өлшемі96,54 Kb.
#118671
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44
Байланысты:
Дәрістер жиынтығы ӘП
Дәрістер жиынтығы ӘП, 1590813259367 (2), pdf 20230505 143044 0000
ДӘРІС.7: ОҚУ – ТӘРБИЕ МЕКЕМЕЛЕРІ - ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫ ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ ИНСТИТУТТАРЫ
Дәріс жоспары:
1.Мектептің әлеуметтендіру институты ретіндегі мәні мен мүмкіндіктері
2.Мектептің баланы әлеуметтендірушілік қызметі
3.Әлеуметтiк бағдарланған мектептердiң қызметiнiң жетекшi бағыты мен типтері
4.Мектептегі баланы әлеуметтендіру шараларының ұйымдастырылу ерекшеліктері
Тәрбие бүгiнге дейiн бiр орында тұрған емес. Ол сан құбылып, сан өзгерiске ұшырап, қоғаммен бiрге жаңарып келедi.
Қоғамға нарықтық экономиканың келуiне байланысты балалар психологиясын нарық талаптарына сай тәрбиелеу қажеттiлiкке айналды. Оларда ұлттық тәрбиемен қоса нарық заманына сай қасиеттердi қалыптастыру тәрбие мақсатына айналды. Осы тұста ғалымдар Ж. Б. Қоянбаев пен Р. М. Қоянбаевтар өздерінің «Педагогика» кітабында тәрбие ұғымына былайша анықтама бередi: «Тәрбие дегенiмiз - жастарды қоғамда өмiр сүруге және еңбек етуге бейiмдеу». Бұл нағыз нарық талабын ескеріп, адам тәрбиесін қоғам талабына сай жүзеге асыруды көздеген анықтама болатын.
Бүгiнгi таңда «тәрбие» ұғымының ауқымы әлеуметтендiру ұғымымен астасып, әлеуметтiк мәнге ие болып отыр. Өйткенi бүгiнгi тәрбие беру мәселесi жастарды қоғамға лайықты азамат етiп тәрбиелеумен сәйкес келгендiктен, бұл ұғымдар бiр-бiрiнiң баламасы ретiнде де қолданылып келедi.
Сапалы бiлiм алған адам өмiрде міндетті түрде тәрбиелi әрi қоғамдық істерге жан-жақты дайын болады деп саналды. Бiрақ тарихи тәжiрибелерге талдаулар жасау мен практика мұның дұрыс емес екендiгiн көрсетiп бердi. Бүгiнгi жағдайда мектептiң
әлеуметтiк-қалыптастырушылық, тәрбиелеушiлiк мiндетi елеулi түрде күшейтiлуде. Әсiресе, тұрғындардың елеулi бөлiгiнiң әлеуметтiк орнықтырушылығы отбасындағылардың әлеуметтiк-психологиялық қиыншылықтардан басымдығы бiлiм беру жүйесiндегi әлеуметтiк ортаның қатаң әсерiнiң күшеюi бүгiнгi бiлiм беру мен тәрбиенiң дәстүрлi қызметiнiң көкейкестiлiгiн арттырып, тереңдете түсуге алып келдi. Олар:
1. Әлеуметтiк бейiмдеу және әлеуметтiк тұрақтандыру қызметi. Ол әрбiр оқушыда реалды әлеуметтiк қарым-қатынасқа түсудi, тұлғаның әлеуметтiк даралығын қалыптастыруды, әрбiр мектеп бiтiрушiсi үшiн өмiрлiк перспективаларды ашуға, әлеуметтiк кикілжіңдер мен әлеуметтiк қысымдарды шешуді қамтамасыз ету;
2. Әлеуметтiк қайта құрылушылық қызмет. Бұл қызмет тез өзгеретiн өмiрлiк жағдаяттардың, нарық қатынасы мен демократиялық-құқықтық қоғамның қалыптасуы жағдайында адамдардың сапалы өмiр сүруге бейiмделуiн қамтамасыз етедi;
3. Әлеуметтiк-қорғаушылық қызмет. Ол балалардың өмiрi мен дамуына қалыпты жағдай жасай алмайтын отбасылары мен қоғамдағы балаларға қамқорлық жасаумен байланысты іс-шараларды ұйымдастыруды қамтиды;
4. Денсаулықты сақтаушылық және нығайтушылық қызмет. Ол бiлiм берудiң бағасы шектен тыс жоғары болғанда немесе бiлiм беру денсаулықты жоғалтуға алып келетiн жағдайдағы балалардың денсаулығының катастрофалық құлдырауымен байланысты болады. Мысалы, компьютерде ұзақ отыру көзге, мидың шаршауына алып келедi.
5. Мәдени және мәдени-шаруашылық қызмет. Бiлiм берудi кең мағынада мәдениетпен қарым-қатынас ретiнде түсiнуден келiп шығады немесе көпшiлiк хабар құралдары, мәдениет мекемелерi, микроорта әзiрге бұл процестi қамтамасыз етуге қабiлетсiз болып отыр.
Нақтылы пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптары бар мектептер. Бұл мектепетерде бір немесе екі пән тереңдетіліп оқытылады. Мысалы, шетел тілі мен математика секілді т.б
Гимназия мектептері - оқу орнының бағытына байланысты бастапқы білім берудің вариативтілігін қамтамасыз ететін, оқушылардың таңдауына байланысты профильдік курстар мен пәндердің ғылыми негіздерін тереңдетіп оқытатын жалпы білім беретін оқу орны.
Лицей – нақтылы бір профиль бойынша пәндерді тереңдетіп оқытатын жалпы білім беретін оқу орны. Оның гимназия мектептерінен айырмашылығы олар кең бағытты қамтымай, нақтылы техникалық-математикалық, бологиялық-химиялық және т.б. секілді бағыттарды қамтитындығында.
Әлеуметтiк бағдарланған мектептердiң қызметiнiң жетекшi бағыты мен доминантты ядросы бойынша оларды мынадай типтерге бөлуге болады:
Бейiмделу мектебi. Мұндай мектептерде жетекшi идея әрбiр баланың дара психофизиологиялық ерекшелiгi мен қызығушылығын және даму деңгейiн ескере отырып, оның тұлғалық дамуы мен әлеуметтенудiң толық мүмкiндiктерiне қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталады.
Сауықтыру мектептерi. Мұндай мектептердiң базалық бағдары - денсаулықты сақтау мен нығайту, бiлiм берудiң нәтижесi ретiнде денсаулық пен тәрбиелiлiктiң және бейiмдiлiктiң гармониялы мүмкiндiктерiн iздестiредi.
- Оқушылардың қызығушылығы бойынша елеулi сабақтар жүргiзетiн мектептер - олар мектеп-клубтар. Мұнда ұжымдық қызмет шығармашылық жұмыстар әдiстемесiне негiзделедi. Ұжым мүшелерi көңiлдегi әрекеттерiмен шұғылданады.
- Үй типтi мектептер. Мұндай модель негiзiнен халықтың бiрден-бiр әлеуметтiк-мәдени орталығы болып табылатын шағын ауыл мектептерi үшiн өте қолайлы.
Академиялық мектептер. Оларға гимназия, лицей, профильдi мектептер жатады. Ондағы әлеуметтiк бағдар орта және жоғары кәсiби оқу орындарымен, ғылыми
мекемелермен, ғылыми өндiрiстермен, шығармашылық одақтармен, мамандармен, ғалымдармен, шығармашылық зиялылары өкiлдерiмен байланыс жасау арқылы жүзеге асырылады.
Оқу-өндiрiстiк мектептер. Ол да профильдi мектеп, бiрақ негiзгi мақсаты еңбекке, қолөнердi меңгеруге бағытталған мектеп. Мұндай мектептер негiзiнен оқу-өндiрiстiк комбинаттар болып табылады.
Ашық мектептер - мектеп қабырғасынан тыс жерде оқу, оқудан тыс әрекеттердiң бөлiгiн жүзеге асыратын оқу орны. Бұл лабораториялардағы және өндiрiстер мен мәдениет мекемелерiндегi сабақтар және т.б.
Бүгінгі жалпы білім беретін мектептер тәрбие институты ретінде мынадай әлеуметтендіру мекемелерінің рөлін атқарады:
- оқушыларды оқыту арқылы тәрбие берушілік қызмет іске асырылатын білім және тәрбие беру мекемелерінің рөлі;
- мектептегі оқудан тыс жұмыстар негізінде педагогтардың ұйымдастыруымен өткізілетін шаралар арқылы оқушылардың өмірге бейімділігін қалыптастыру мақсат еткен ұйымның рөлі;
- оқушылардың өмірін мақсатты түрде оқушылардың бос уақыттарындағы өзара қарым-қатынастары арқылы ықпал ететін әлеуметтік-психологиялық топ рөлін атқарады.
Жалпы алғанда мектеп әлеуметтендірудің ашық жүйесі ретінде мыналарды білдіреді:
- мектептің отбасыларымен әлеуметтік байланысының күшеюі;
- мектептің қосымша білім беру, мәдени мекемелерімен және әлеуметтендірудің басқа да институттарымен өзара байланысты жұмыстарының жүргізілуі;
- педагогтардың мектеп түлектері, ардагерлер, мәдени қызметкерлер, спорт саласындағы қоғамдық орталармен тығыз байланысының болуы;
- педагогикалық және балалар ұжымының әртүрлі шығармашылық ұжымдармен ынтымақтастығының болуы;
- сабақ пен сабақтан тыс оқытулардың мектептен тыс жерлерде өткізілуі: шеберханаларда, лабораторияларда, табиғатта және т.б.
Ата-аналар жиналысы - бұл мұғалімнің қолындағы маңызды педагогикалық құрал болып табылады. Онда ата-аналарға балалары туралы айтуға, белгілі бір кедергілерді шешуді бірге жоспарлауға болады. Өзара түсінік пен өзара көмек болған кезде ғана ата-аналар жиналысы нәтиже береді.
Бүгінгі күннің талабына сай отбасы өмірін ұйымдастырып, балалар бойында ұнамды қасиеттерді қалыптастыруда ата-аналар білімдерін жетілдіру қажеттілік болып отыр. Бұл білімдер мектептің ата-аналарға арналған іс-шараларының мазмұнына ендірілумен жүзеге асырылмақ.
Тұжырым:
1.Мектеп-мақсатты құрылған тәрбие үрдісін ұйымдастыру мекемесі ретінде баланы әлеуметтендірудің негізгі институты болып табылады.
2.Әртүрлі мектептің типтеріндегі тәрбие үрдісінің ерекшеліктеріне байланысты тұлғаны қоғам талабына сай қалыптастыру міндеті бірдей болғанымен, оларды әлеуметтендіру жолдары әртүрлі жүзеге асырылады.
3.Мектеп тұлғаны әлеуметтендіруде қоғамдық ұйымдармен, отбасымен байланыста жұмыс жүргізгенде ғана әлеуметтендіру міндетін тиімді шешеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет