деп аталатын келесі деңгейге дейін жетеді.
Нәтижесінде, темір, болат, түрлі
прокат сияқты аралық өнімдер алынады.
Өнеркәсіптік өндірістің жоғары сатысында электроника мен машина жасау
аппараттары, композитті материалдар, биотехнология өнімдері және «жоғары
технология» (high-tech) атаулы тауарларын шағаратын жоғары күрделікті
және нақты қазіргі заманғы индустриямен жолығамыз.
Бұл сатыда
пайдаланылатын
материалдар
көлемі
минималды,
басты
кірістер
қызметкерлердің жеке тәжірибесі, алдыңғы технологиялар түрінде кездеседі.
Қазіргі индустрия тенденцияларының бірі бұл жоғары күрделі және нақты
өнеркәсіптің көп бөлігі өз өнімін сатуды тоқтатуы.
Мұның орнына өнім
тұтынушыға жалға беріледі, ал өндіруші компания ондағы қызмет көрсетуді
қамтамасыз етеді. Осылайша, қызметтер сатысына көшу орын алады, және
қызметтер ролі өсу тенденциясына ие болады.
«Жоғары технология» сатысы
қазіргі ғылыми техникалық революция нәтижесі болып табылады. Көбінесе,
әдебиеттерді оқу барысында, адамзат, немесе дамыған мемлекеттер
толығымен аталған сатыға көшті деген қате түсінікке ие боламыз.
Достарыңызбен бөлісу: