Дәріс 1 Жалпы фармакалогияға кіріспе. Фармакокинетика


Тақырыбы: « Дезинфекциялауға қолданылатын заттар »



бет59/77
Дата07.02.2022
өлшемі273,91 Kb.
#90330
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   77
Байланысты:
фарм лек

Тақырыбы: « Дезинфекциялауға қолданылатын заттар ».

Сабақтың мақсаты:Студенттерді тітіркендіргіш, жансыздаргыш анестезия, жұмсартқыш, шырышты, адсорбтағыш заттарға жататын препараттарды мал шаруашылық тәжірибе қолдану және ерекше әсерлерін талкылау.


Керекті құрал-жабдықтар: препараттар- 0,5%- 0,25% новокаин, танин, белок, сут, ативты көмір т.б. Термометр, шыны, шприц, мақта, фонендоскоп, вазелин.
Жануарлар: уй қоян.
Тітіркендіргіш заттар әсер етуіне қарай: тек қана қызартатын (rubefacientia) және қолданғаннан кейін қабынуды күшейтетін, кейде күлбірететін және тіпті іріндететін заттар болып бөлінеді.
Сабақтың мазмұны.
Бұл бөлімде жануарлардың организміндегі, олардың денесінің сыртындағы және сыртқы ортадағы микробтар мен паразиттерге қарсы қолданылатын заттар қаралуға тиіс.
Жұқпалы (инфекциялы) ауруларды болдырмау (профилактикасы) және емдеу үшін дезинфекцияның маңызы өте зор, бұл сөз латынша desinfectio – зарарсыздандыру дегеннен алынған.
Дезинфекцияның мынадай түрлері болады: а) профилактикалық, б) емдік, в) ақырғы дезинфекция.
Профилактикалық дезинфекция жұқпалы ауруларды болдырмауға бағытталған. Мұндай дезинфекция сау мал тобында (шаруашылықта), малдың көп жыйналған жерлерінде, немесе өндірістік жануарлардың қора- қопсыларында, арнаулы орындарда, (құшханаларда, малдәрігерлік пункттерде, малдәрігерлік емханаларда т.с.) жүргізіледі.
Емдік дезинфекцияның мақсаты – кейбір жануарлары ауру табындағы немесе шаруашылықтағы індеттің көзін жою.
Ақырғы дезинфекция деп: 1) табын мал немесе жеке жануар ауырып жазылғаннан кейінгі, 2) жануар өліп, өлімтігі кеткеннен кейін орнын, тұрағын дезинфекциялауды айтамыз.
Дезинфекциялаудың мынадай әдістері бар: а) механикалық әдіс, мұнда тұрған жерден немесе дезинфекцияланатын участоктен әртүрлі лас-қоқыс пен заттар механикалық жолмен әкетіледі (көңді, төсенішті, азық қалдығын сыпыру, жердің бетін сылып алу, еденді алып тастау, оттықтарды жуу т.с.), б) физикалық әдіс, мұнда індет көзін жою үшін күн сәулесі, жоғары температура, кептіру, суық пайдалынады, жоғары температура от жалыны құрғақ ыстық ауа, қайнату, су буы т.с. түрінде қолданылуы мүмкін, 3) химиялық әдіс, бұл химиялық қосылыстардың көмегімен жүзеге асырылады, ал химиялық қосылыстар қосылыстар малдәрігерлік фармакологияның өте маңызды бөлімі, 4) физикалық-химиялық әдіс, мұнда химиялық және физикалық агенттер бір мезгілде әсер етеді, мысалы, дезинфекциялық ыссы ертінділер қолданылады немесе алдымен дезинфекциялаушы химиялық заттармен өңделіп, соңынан қыздыру, қайнату күн көзіне ұстау т.с. арқылы зарарсыздандырылады, 5) биологиялық әдіс, мұнда індет көзі антогонист микробтардың көмегімен жойылады.
Микробтарды жоюға қолданылатын химиялық заттардың барлығы дезинфекциялық, яғни бактерицидтік деп аталады.
Ал микробтардың тек өсіп көбеюін ғана тоқтататын химиялық қосылыстар бактериостатикалық, яғни антисептикалық деп аталады (ерекше anti қарсы, – septicas – шіру). Сонымен бактерицидтік заттар ортаны стерилдей алады, ал антисептиктерде бұл қасиет болмайды.
Бактерицидтік заттар өздерінің әсері бойынша универсалды (жалпы) және арнаулы бактерицидтерге (химиотерапевтикалық) паразиттерді құратындарға, атап айтқанда инсектицидтіктерге (насекомдарға қарсы), функцидтіктерге (грибоктерге қарсы), жаман иісті жоятын дезодорациялаушыларға; кеміргіштерді (ауыл шаруашылығына зыянды жәндіктерді: егеуқұйрықтарды, тышқандарды, сарышұнақтарды т.с.) құртатын дератизациялаушыларға бөлінеді.
Дезинфекциялаушы химиялық заттар, көбінесе жалпы әсерлі протоплазмалық улар болып келеді. Бірақ бұл бір заттың өзі барлық микробтарға бірдей өлтіре әсер ете алады деген сөз емес. Бұл заттардың әсер етуінде белгілі бір қалаушылық болады: микроб клеткасының құрылысына байланысты оның дезинфекциялаушы заттармен қарым-қатнасы бірдей болмайды. Біреулері липоидотропты (майсымақ) заттарды сезгіш келеді, ал тотықтырғыш заттарға берік болады, екіншілері белокті коагуляциялайтын (ұйытатын) заттардан тез қырылады, ал адсорбциялайтын (сорғыш) заттарға мықты келеді т.т.
Бактерицидтік заттардың әсер етуінің мәні олардың химиялық қасиеттеріне байланысты. Микроб клеткасының липоидына еритін липоидотропты заттар клетканың ішіне еніп, микробқа өлтіре әсер етеді. Екінші біреулері микроб протоплазмасының белогін ұйытып, оның коллоидты құрылысын бұзады. Үшншілері өздерінің суды тартып алатындығымен микроб денесін құрғатып жібереді. Төртінші бір заттар клетканы өздерінен ткань ферменттерінің әсерімен бөлініп шығатын атомдық оттегімен тотықтырады. Ең ақырында, клетканың бетіне сіңіп, оның осмостық қысымы мен сыртқы тартылуын (қабығын) өзгете алатын заттар да болуы мүмкін.
Бұл әсерді организмнің реакциясынан тыс, жеке алып қарауға болмайды. Кәзіргі ұғымдарға сәйкес, енгізілетін затқа организмнің, әсіресе орталық нерв системасының реакциясын (жауабын) ескеріп отыру қажет.
Соңғы мәліметтерге қарағанда, заттың бактерицидтігі микробты мүлде жойып жібермейді, тек ол микробты бір формадан екінші формаға ауыстырып, оның патогендік (ауыр тудырғыш) қасиеттерін құртады деп түсіну қажет. Бір заттың өзінің қолданылып отырған ертінділерінің концентрациясына байланысты ол дезинфекциялаушы да, антисептикалық та зат болуы мүмкін.
Дезинфекциялаушы заттар зақымдалған тканьге әсер еткенде ол, көбінесе нерв ұштарын тітіркендіріп ауру сезімін білдіретінін ескерген жөн. Олардың тканьді бұзатынын ескерсе, микроорганизмдерді организмнің, атап айтқанда лейкоциттердің өздерінің жұтуына мүмкіндік туғызып, дезинфекциялаушы заттарды тек антисептикалық әсер ету мақсатында әлсіз концентрациямен қолданған пайдалы болады.
Ал дезинфекциялаушы заттардың өзі, тікелей микробқа тигізетін әсерінен басқа, аздап тканьді тітіркендіруі мүмкін, бұл қанның көбірек келуіне, клеткалардың жақсырақ қоректенуіне және жарада грануляцияның жас дәнекер тканьнің тезірек өсуіне көмектеседі.
Бактерицидтік заттардың әсері ортаға да байланысты, Липоидтропты заттар майы көп ортада, белокті ұйытқыш заттар белогі көп ортада нашарлау әсер етеді, иондармен әсер ететін заттар иондарға ыдырайтын қосылыстар бар жерде әлсіз келеді.
Ортаның зарарлану дәрежесінің, яғни ондаған микроб санының үлкен маңызы бар. Дезинфекциялаушы әсер микробы көп ортада, микробы аз ортадағыдан гөрі әлсіздеу болады.
Кейбір бактерицидтік заттардың бүкіл молекуласымен әсер ететін, ал екінші біреулерінің тек иондарымен әсер ететінін ескпген жөн, сондықтан олардың ерігіштік қасиетін бәсеңдететін заттарды қосудың мәні бар. Мысалы, натрий хлориды қосылса, фенол ертітінділерінің дарындылығы арта түседі, ал липоидтар қосылса, олардың дарындылығы едәуір кеміп кетеді. Натрий хлоридын сулема (алмас) ертіндісіне қосқанда, ертіндінің әсері кемиді, өйткені сулеманың иондарға ыдырауы азаяды.
Ауыр металл тұздарының әсері күшті спирт ерітінділерінде едәуір азаяды, ал әлсіз ертінділерде күшейе түседі. Мұның мәнісі мынада: алғашқысында иондарға ыдырау қыйындайды да, соңғысында едәуір күшейе түседі, оның үстіне, иондардың клеткаға енуі де арта түседі.
Кейбір бактерицидтік заттардың қоспалары тіпті күшті концентрациялы жеке алынған заттардан артық әсерлі болады. Мысалы, фенолдың ертіндісіне сабын қосса, фенолдың әсерін күшейтеді, өйткені сабын майларды сабындай, олардың фенолмен қосылуына жол бермейді. Ал егер осы ертіндіге күкірт қышқылын қосса, мұндай қоспаның әсері бұл заттардың жеке түрінегі әсерінен анағұрлым асып кетеді.
Кәдімгі ерітінді түрінде организмнен тыс жерде (in vitro) бактерицидтік әсері нашар байқалатын немесе мүлде байқалмайтын және организмде (invivo) немесе олардың ертінділеріне қан плазмасын не тканьдік сұйық заттарды қосқаннан кейін сыртқы ортада өте күшті әсер ете алатын заттар бар.
МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ №5 .

Сабақтың мақсаты:Студенттерді Қышқылдарзаттарға жататын препараттарды мал шаруашылық тәжірибе қолдану және ерекше әсерлерін талкылау.


Керекті құрал-жабдықтар: препараттар- Қышқылдар т.б. Термометр, шыны, шприц, мақта, фонендоскоп, вазелин.
Жануарлар: уй қоян.
Тітіркендіргіш заттар әсер етуіне қарай: тек қана қызартатын (rubefacientia) және қолданғаннан кейін қабынуды күшейтетін, кейде күлбірететін және тіпті іріндететін заттар болып бөлінеді.
Сабақтың мазмұны.
ҚышқылдарҚышқылдардың дезинфекциялық әсері олардың тканьдерден суды тартып алуында, белокті ұйытып, сілтіні бейтараптандыруында. Минералдық күшті қышқылдар тек суды ғана емес, сонымен қабат сутегі мен оттегін де тартып алады. Қышқылдың дарулығы мен концентрациясына байланысты оның бір орынға әсер етуі тканьдерді пайда болатын бос оттегілері де көмектеседі. Қышқылдың бактерицидтік әсері көбінесе оның ионға ыдырау дәрежесіне байланысты. Қышқыл неғұрлым толығырақ және тезірек ыдыраса, соғұрлым оның әсері күштірек болады, өйткені мұнда сутегі иондары көп құралады, ал қышқылдың бактерицидтік әсерін туғызатын негізінен осы сутегі иондары. Еріткіш температурасының жоғаылауы да бұны күшейте түседі, өйткені мұнда қышқылдың ыдырауы толығырақ және жедел болады. Қышқылдардың күштісі, орташасы, әлсізі болады. Күшті қышқылдарға фторлысутегі, азот, үшхлор, сірке қышқылдары жатады, орташа қышқылдарға хлорлы сутегі (тұз) қышқылы және әлсіз қышқылға күкірт және фосфор қышқылы және әлсіз қышқылға күкірт және фосфор қышқылы жатады; алайда бұл айырмашылық олардың бактерицидтік құндылығын толық көрсетпейді. Ол құндылық қоздырғыштың түрінде де байланысты.

Мысалы, азот қышқылы споралы және коккты микробтарға таңдап әсер етеді, фторлысутегі қышқылы топалаңның спорасына өте күшті әсер етеді де, стафилококктарға әлсіз болады, күкірт қышқылы стафилакокктарға өте күшті әсер етеді, ал басқа микробтарға әлсіз болады.

Қышқылдар тканьдер мен заттарға қатты бұза әсер ететіндіктен, олар басқа дезинфекциялық дарулармен аралас түрде (мысалы күкірт-крезол қоспасы) көбінесе, мал қорасын, тұрақтарды, жер бетін, атбайлауштарды т.с. дезинфекциялау үшін қолданылады.


МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ № 6.

Сабақтың мақсаты:Студенттерді хлорлысутегі заттарға жататын препараттарды мал шаруашылық тәжірибе қолдану және ерекше әсерлерін талкылау.


Керекті құрал-жабдықтар: препараттар- хлорлысутегі т.б. Термометр, шыны, шприц, мақта, фонендоскоп, вазелин.
Жануарлар: уй қоян.
Тітіркендіргіш заттар әсер етуіне қарай: тек қана қызартатын (rubefacientia) және қолданғаннан кейін қабынуды күшейтетін, кейде күлбірететін және тіпті іріндететін заттар болып бөлінеді.
Сабақтың мазмұны.

Хлорлысутегі, яғни тұз қышқылы – Acidum hudrochloricum. Тазартылмай (Acidumhudrochloricumcrudum), тазартылған (Acidumhudrochloricumpurum) және ерітілген хлорлысутегі қышқылы (Acidumhudrochloricumdilutum деген түрлері болады) соңғысы – судың екі бөлегі мен тазартылған қышқылдың бір бөлегінің қоспасы.


Қышқылдыңтазасыда, ерітілгенідетүссізкеледі, алтазартылмағаны – сарғышкелген, ащщыиісібарсұйықзат. Марганецтіңасқынтотығынқосыпқыздырғандақышқылданхлорбөлініпшығады.
Сүтқышқылы – Acidumlacticum. Шырын тәрізді, түссіз немесе аздап сарғыш, иіссіз, қышқыл дәмі бар сұйық зат, суға жақсы араласады. Онда 75 проценттей таза сүт қышқылы болады. Сүт қышқылы ашу процесіне қарсы, антисептикалық және тітірендіргіш әсер етеді: асқазан жолындағы сфинктерлердің күшін (жыйырылуын) бәсеңдетеді.
Қышқылдың 10-15 проценттік ерітінділері ісікті күйдіруге қолданылады. 5-10 проценттік жылы ертінділері сыйыр трихомонозбен ауырғанда қынабына енгізу (жуу) үшін қолданылады.
Бор қышқылы – Scidumboricum. Түссіз, жылтырауық, суға етитін кристалл. Антисептикалық дару есебінде қолданылады. Борикум қышқылын көп ішкізсе, қарынды тітіркендіріп, құстырып, гастроэнтеритке ұшыратады.
1-4 проценттік ертіндісі жараны шайып жуу үшін, сондай-ақ таза күйінде немесе қойған мақсатқа қарай басқа даруларды қосып, сеппе ұнтақ түрінде қолданылады, көзді емдеу үшін тамшы түрінде 1-2 проценттік ертінді түрінде қолданылады.
Сіркесу қышқылы – Acidumaceticum. Түссіз, ұшқыш, сіркесу иісі бар сұйық зат. Сіркесу қышқылы үш түрлі концентрацияда қолданылады.
Официналдысы – концентрацияланған сіркесу қышқылы- Acidumaceticumconcentratum ол, мұзды сіркесу қышқылы деп те аталады, онда 96 –100 % таза сіркесу қышқылы болады.
Іс жүзінде жұртқа мәлім және көп тарағаны – ерітілген сіркесу қышқылы - Acidumaceticumdilutum, онда 30 % сіркесу қышқылы болады. Ең ақырында сауда орындарында сатылатын ас сіркесуы қолданылады, онда 6 % сіркесу қышқылы болады.
МЕТОДИКАЛЫҚ НҰСҚАУ №7.

Сабақтың мақсаты:Студенттерді сілтілер заттарға жататын препараттарды мал шаруашылық тәжірибе қолдану және ерекше әсерлерін талкылау.


Керекті құрал-жабдықтар: препараттар- сілтілер т.б. Термометр, шыны, шприц, мақта, фонендоскоп, вазелин.
Жануарлар: уй қоян.
Тітіркендіргіш заттар әсер етуіне қарай: тек қана қызартатын (rubefacientia) және қолданғаннан кейін қабынуды күшейтетін, кейде күлбірететін және тіпті іріндететін заттар болып бөлінеді.
Сабақтың мазмұны.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет