Дәріс 1 Жалпы фармакалогияға кіріспе. Фармакокинетика


Дәрілік заттардың фармакинетикасының сатысы



бет2/77
Дата07.02.2022
өлшемі273,91 Kb.
#90330
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
Байланысты:
фарм лек

Дәрілік заттардың фармакинетикасының сатысы:

  1. Дәрілік заттардың организмге сіңуіні;

  2. Дәрілік заттардың организмге таралуы;

  3. Метаболизм;

  4. Экскрециясы-шыгу

Дәрілік заттардың тін қабаттары арқылы сіңуі
Дәрілік заттардың сіңуі түрлері:
1.Диффузия
2.сіңірілуі- немесе резорбция
3.белсенді тасымалдау
Негізгі әдибеттер:

  1. Кожанов К.Н. Ветеринариялық фармакология

  2. Айтжанов Б.Д., Өтенов Ә.М., Модағұлов М.А. Фармакология

  3. Мозгов И.В. Фармакология М. 1984

  4. Мозгов И.В. Ветеринарная рецептура М. 1966

  5. Рабинович Практикум по фармакологии и общей рецептуре М. 1978

  6. Өтенов Ә.М. «Мал дәрігерлік фармакологиясы пәнінен лабораториялық- жаттығу сабақтарын оқытуға арналған» Методикалық нұсқаулар А. 1991

Қосымша оқулықтар:

  1. Сковронский В.А. Практикум по фармакологии и рецептуре М. 1962

  2. Государственная фармакопея



Дәріс 2.Малдәрігерлік дәріхананың құрылысы мен жабдықтары. Әрбір малдәрігерлік емханалар, фельдшерлік пункттер жанында малдәрігерлік аптекалар бар; оларда тиісті емдеу мекемесінің дәрігерлер мен фельдшерлері қызмет істейді. Тек айрықша бағыттағы азын-аулақ клиникалар мен емдеу мекемелерінің ғана фармацевт басқарған аптекалары болады. Осыған сәйкес малдәрігерлік аптекалардың құрылысымен жабдықталуын әрбір емдеу мекемесі өзінің мүмкіндігі мен қызмет бағытына қарай белгілейді. Малдәрігерлік емхана жанындағы аптеканың құрғақ және жарығы жеткілікті үш бөлмесі, шоланы, подвалы немесе мұздақ суық бөлмесі болғаны жөн.
Бірінші бөлме – рецепт қабылдайтын, дайындалған дәріні жіберетін рецептуралық, екінші бөлме – жуып шайып тұратын, үшіншісі – заттар тұратын, дәрі-дәрмектер сақтайтын бөлме болуға тиіс.
Рецептуралық бөлмеде: 1) кеңсе құралдарымен жабдықталған стол, 2) линолеуммен немесе шынымен жабылған және түрегеліп тұрып қызмет істеуге қолайлы дәрілерді жасайтын стол; 3) улы заттар мен оларға керекті ступкаларды, пестиктерді, гирлермен жабдықталған қолтаразыларды, өлшеуіш цилиндр мен мензуркаларды, воронколарды, капсул жасағыштарды, совочкалар мен сүзгіш қағазды сақтайтын шкаф; 4) күшті әсер ететін дәрілер шкафы және 5) басқа заттарды сақтайтын шкафтар болуға тиіс.
Заттар қоятын бөлмеде дәрі-дәрмектер сақтайтын шкафтар болға тиіс. Олардың саны әрбір жеке жағдайға сәйкес белгіленеді. Кір жуатын бөлмеде қазанмен жабдықталған плита, дистилденген су құйылатын алмалы-салмалы қазан және ыдыс жуылатын жабдықтар болады.
Ветфельдшерлік пункт аптекасы үшін жұмыс столмен, үлкенді-кішілі екі шкафпен жабдықталған бір ғана кең бөлме, сондай-ақ дезинфекциялық және оттан қауыпты заттардың қорын сақтайтын шоланың болуы жеткілікті.
Аптека мебелі қарапайым, мықты, ақ бояумен боялуға тиіс. Бөлмелердің қабырғалары майлы немесе эмальді бояумен, мүмкіндігінше ақ бояумен сырланған болғаны жөн.
Аптека жабдығы: 1) тек техникалық таразылардан, 5 кг –дық стол үстіне қойылатын таразылардан, өлшеуіш тастармен жабдықталған түрліше безбендер, 2) металдан жасалған ступка мен пестиктерден, фарфордан жасалған үлкенді-кішілі ступкалар мен пестиктерден, 3)электрлі немесе жай булы моншадан, 4) электр плитасынан, 5) қабықтан тығын жасайтын пресстен, 6) дистилденген су алуға керекті айдамалы кубтен, 7) әртүрлі шөлмек воронкалар мен бір үлкен фарфор воронкадан, 8) шөлмектен жасалған бірнеше өлшеуіш құралдар мен әртүрлі мензуркалардан, 9) пилюля жасайтын машинкадан, 10) бикстер мен жабдықталған инфундир аппаратынан, 11) перкулятор немесе үлкен бөлгіш воронкадан, 12) әртүрлі пипеткалардан, сондай-ақ көз пипеткаларынан, 13) әртүрлі сыйымдылығы бар материалдық банкілерден, совочкалардан, қасықтардан, металл мен мүйізден жасалған немесе пластмассадан жасалған шпательдерден, капсул жасағыштардан, тағы басқа шөлмек ыдыстармен жабдықталған лабораториялық бұйымдардан құрылады. Бұдан басқа, аптекада фармакопеяның соңғы басылып шыққаны, дәрілердің фармацевтикалық мануал жазбасы, рецептуралық журнал, дәрі-дәрмектерді есепке алу және жұмсау журналы, сондай-ақ олардың катологі болуға тиіс.
Дәрі-дәрмектерді өртке, бақытсыздық оқыйғаларға немесе қасақаналықпен істелетін әрекетке қарсы шараларды ескере отырып сақтайды. Дәрі-дәрмектер сақталатын шкафтарда құлып салынуға тиіс. Жұмыс баңткеннен кейін улы заттар сақтайтын шкафтың аузына сургучті мөр немесе басқа мөр басылады.
Дәріні дайындап болғаннан кейін жұмыс столының үстінде ешқандай дәрі-дәрмек, әсіресе А мен Б тобына жататын дәрілерді қалдырмау керек. Дәрі-дәрмектер сақталатын шкафтардың кілттері оларға жауапты адамның қолында болуға тиіс.
Дәрі-дәрмек салынған шөлмектер мен банкілерге анық етіп латынша жазылған этикеткалар жапсырылады, улы заттар үшін қараның үстіне ақпен, күшті әсер ететін заттар үшін – ақтың үстіне қызылмен, ал қалған дәрілер үшін – ақтың үстіне қарамен жазу керек. Улы және күшті әсер ететін заттар салынған әрбір ыдысқа арнаулы этикеткалар жапсырылады (бассүйектің үстінде айқастырып салынған жілік сүйектердің суреті мен «у» деген жазу болуға тиіс).
Жарықтың ықпалымен ажырайтын заттар салынған ыдыстың сыртына: «қараңғыда сақталсын», оттан тұтанғыш заттар үшін – «оттан қауыпты», жылу ықпалымен бұзылатын заттар үшін – «салқын жерде сақталсын» деген этикеткалар жапсырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет