Дәріс 1 Жалпы фармакалогияға кіріспе. Фармакокинетика



бет3/77
Дата07.02.2022
өлшемі273,91 Kb.
#90330
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77
Байланысты:
фарм лек

Дәріс 3.Дәрі-дәрмектерді сақтау
1. гигроскопиялық (ылғал тартқыш) заттарды құрғақ үйде, мықтап тығындалған шөлмек ыдыста:
2. жарықта ажырайтын заттар – қараңғы үйде немесе күнгірт шөлмектерде;
3. оттан қауыпты заттар (олар аз мөлшерде болуға тиіс) – керосин шамынан, пештерден қашық жерде, ал олардың қоры - өртке қарсы шаралардың ережесіне сәйкес келетін жеке үйде;
4. күйдіргіш сілтілер мен күшті қышқылдар – қолдан келген сақтықпен бірыңғай жерде;
5. жылу ықпалымен бұзылатын дәрілік заттар – құрғақ, салқын жерде сақталады.
Дезинфекциялық заттардың көп мөлшердегі запасы құлып салынған жеке бөлмеде сақталады. Аптека жылылығы 9 градустан төмен болмауы керек, өйтені сұйық формалы заттардың бірқатары салқын әсерінен кристалға айналып кетеді.
Аптекадағы ыдыстарды таза ұстап, олардың дұрыстап жуылуына ерекше көңіл бөлу керек. Шөлмек және фарфор ыдыстарды алғаш рет кәдімгі суда сулап, содан кейін жылы сілтімен немесе жылы сабын ертіндісімен жуады. Оларды қыл немесе сым щеткалардың көмегімен жуып, ал содан соң жылы таза судың немесе кран суының ағынымен әбден шаю керек. Оларды төңкерілген күйінде аша ағашқа іліп кептіреді, ал бұл ыдыстар сілтілер ықпалымен бұзылатын дәрілерге арналса, онда оларды 0,5 процент тұз қышқылымен шаяды.
Бұрын қолданылған және сырттан түске (ауру малдардың инелерінен т.б.) ыдысты алдын ала бір тәулігі ішінде алмас ертіндісімен дезинфекциялайды. Содан кейін оны сілтіге немесе сабын ертіндісіне салып қайнатады, осыдан кейін ғана барып жоғарыда көрсетілген тәсілмен жуады.
Металдан, мүйізден немесе пластмассадан жасалған қалақтарды, совочкаларды, капсул жасағыштарды жылы сабынды суда жуып, содан кейін жылы таза сумен немесе кран суының ағынымен шаяды, содан соң бұларды арнаулы таза орамалмен сүртеді.
Қол таразыларының табақшалары таза орамалмен, ал қажет болса спитрпен жуып сүртіледі.
Дәріс 4.Ингаляциялық және ингаляциялық емес наркоз
Наркоз деп орталық невр системасын уақытша әлсіретуді айтамыз, мұнда өмірге өте манызды- тыныс және қан айналыс әрекеттері сақталады, сыртқы эсерді сезу, аурулық рефлекстік сезім толық жойлып, скелет мускулдары босайды.
Физикалық қасиеттеріне қарай, наркоздық заттар ингаляциялық (ұшқыш заттар) және ингаляциялық емес (ұшпайтын заттар) бөлінеді.
Ингаляциялық наркоз жануарлар мен өсімдіктердің барлық клеткаларына да наркоздық әсер етеді.
Ингаляциялық наркоздық заттар сұйық және газ түрінде болады, олар дем алғанда ауамен бірге тез өкпеге енеді; содан кейін дереу қанға еніп, негізінен орталық нерв системасына әсер етіп, мынадай кезекпен әлсіретеді: әуелі мыйды, әсіресе ең алдымен оның қабығын, содан кейін жұлынды, ең соңынан сопақша мыйды әлсіретеді. (Хлороформ, эфир, хлорэтил, азот тотығы,)
Ингаляциялық емес наркоздық заттар- көбінесе каты заттар, ішшектен қанға баяу енеді және организимнен де баяу шығады. Сондықтан олар орталық нерв системасына ұзақ әсер етеді. (хлоралгидрат,уретан, нарколан,гексенал)
Наркоздық заттардың емдік құндылығы- олар сопақша мыйды және оның өмірлік орталықтарын бәрінен де аз әлсіретеді.
Наркоздың сатысы – 1. алғашқы сатысы –аналгезия (мелшеу)
2 сатысы- қозу -аурулық сезімнің жойылуы, /мыйшықтың паралич- салдану болуы/ және жоғарға сезімдердің бұзылуы мый қабығының әлсіреуімен байланысты.
3 сатысы- ұйықу- хирургиялық наркоз. Хирургиялық наркоздың 4 дәрежесі бар. Жұлынның параличі – салдану қарапайым рефлекторді тоқтатып, бұлшық еттерің /скелеттік мускулдарды/ босатады.
Этилдыалкоголь – alcohol aethylicus (Spiritus vini).
Спирт қанға еніп наркотикалық әсер етеді, бірақ оның хлороформ немесе эфир сыяқты ұшкыштық қасиеті болмағандықтан мұнда наркоз жәй болады және ұзаққа созылады. Алкоголь көп берілсе тыныс және тамыр қозғағыш орталықты салдынуға әкеледі. Наркоздан бұрын оның әрекеті басқа ұшқыш (наркотиктердікі) есірткі заттар сыяқты қозу кезеңі (сатысы) болады.
Спирттің аз концентрациясы ауызда рефлекс тудырады және қан арқылы қарын мен қарын асты безі сөлдерінің бөлініп шығуын күшейтіп, тәбетті арттырады. Концентрация күшті болса қарынның кілегей қабығына тітіркендіргіш әсер етіп сілтілі сілекейдің бөлініп шығуың күшейтеді, бұл ас қорытуды бұзып, қарын қабынуы пайда болуына себеп болады.
Дәріс 5.«Есірткі емес анальгетиктер. Нейролептиктер және транквилизаторлік, седативтик заттар».
Дене температурасын орта мыйда орналасқан жолақ дене жылу орталығы басқарады.Бул орталық нерв тармақтары арқылы басқа да мый орталықтармен және шеттегі нервтермен байланысқан. Дене қабынған кезде жылжу орталыға қозады да, әдеттегі қан температурасына оның сезімі азаяды; орталықтан шыққан импульстер симпатикалық невр жүйесініның орталықтарына келіп түсіп нерв талшықтарды қоздырады. Мұның нәтижесінде зат алмасуы ұлғайып, тотығу процестері күшейіп, бұлшық еттері дірілдеп, организмге қор болып сақталады. Осымен бірге жылылық шығару азаяды, терінің қантармырлары тарылып тер шығу азаяды.
Жылылық өндіретін негізгі органдар: скелет бұлшық еттері, бауыр және басқа органдар болып саналады.
Дене қабынып ыстақ көтерілу- организмінің өзінше зыянды әрекеттерге, еңалдымен микробтарға қарсы тұратын қорғагу реакциясы деп санайды. Ыстық көтерілген әрбір жағдайда ыстық басқыш заттарға сүйену міндетті емес. Әдетте оларды организм ұзақ уақыт немесе қалыптан тыс қызғанда ғана тағайындау керек.
Есірткі емес анальгетиктер (ыстақ басқыш) заттар салицил қышқылы , пиразолон, анилин тобына бөлінеді.
Есірткі емес анальгетиктер ыстақ басқыш, ревматизимға қарсы, , аналгезиялық (ауырсынуды бәсендетеді), антисептикалық және паразиттарға қарсы, аздап несеп, өт айдағыш, қантоқтатқыштық, қан сұйытқыш дәрі ретінде әсер етеді.
Салицил қышқыл тұйыңдылыры:
Салицил қышқылың қолданылуы: 1. ыстық басқыш, 2. буын және ревматизмде, 3. жара, оюлы жара, экземаларда, 4. антисептикалық, 5. қанды сұйытқыш, және қан тамырларды кенею ретінде.
Препарттары: Натрий салицилат, салипирин, салицил қышқылы, метилсалицилат, салициламид, ацетилсалицил қышқылы, фенилсалицилат.
Пиразолон тұйындылары.
Пиразолон тұйындылары: ыстық басқыш, аналгезиялық әлсіз антисептикалық, ревматизимға, өт айдағыш және қантоқтатқыштық әсері болады.
Препараттары: антипирин, ацетанилид, амидопирин, анальгин, бутадион,
Анилин тұйындылары.
Анилин тұйындылары: ыстық басқыш, аналгезиялық, қабынуға қарсы әсері болады.
Препараттары: антифебрин, фенацетин, парацетамол.
Орталық нерв жүйесінін тыныштатқыш заттар.


Дәріс 6.Орталық нерв жүйесінін қоздырғыш заттар. (аналептиктер)
Аналептиктер орталық нерв жүйесіне, әсіресе оның әлсіреген жағдайында қоздырғыш әсер етеді. Осының нәтижесінде: тыныс, жүрек, қан қысымы, зат алмасу, қызметі қалпына келеді, дәм сезуі, естуі, көруі күшейеді, еттерінің қызметі артады, яғни организмнің жалпы жағдайы жақсарады. Сондықтан орталық нерв жүйесіның қоздырғыштары тыныс және қан айналасы нашарлап, жалпы жағдайы нашарлағанда, рефлекторлық сезімі төмендеп, жалпы әлсіреген жағдайларда қолданылады.
Бұл заттардың бір-бірінің айырмашылығы өздерінің орталық нерв жүйесіне таңдамалы әсер етіп келеді. Мысалы: кофеин таңдап барып мыйдың жоғарғы бөліміне әсер етеді, оның әсері сопақша мыйға және жұлынға онша тимейді, керісінше, стрихнин жұлынға күштірек әсер етіп, сопақша мыйға және үлкен мыйға онша әсер етпейді т.б.
Кофеин тобы:
Стрихнин тобы:
Камфора тобы:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   77




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет