Жансыздандыру



бет1/17
Дата09.11.2022
өлшемі55,31 Kb.
#157336
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Жансыздандыру
1 чек лист қаз, Өсімдікті өсірудің биотехнологиялық әдістері, Биосфера экологиялық жүйе ретінде. Биосфера шекаралары., 1Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату, Blue modern marketing proposal presentation 20231205 183920 0000 compressed organized, Black Modern Company Profile Presentation 20231205 175020 0000 compressed

Тақырып:
«Жалпы және жергілікті жансыздандыру.»
ЖАНСЫЗДАНДЫРУ.
АУЫРУ ЖӘНЕ АУЫРТПАУ ТУРАЛЫ ТҮСППК
Ауыруды сезу дененің әр түрлі морфологиялык кұрылымдарында жүйке ұштарының болуына байланысты болады. Әсіресе олар эктодермаль ұлпалар (тері, көз пердесі, тістер), кілегей кабаттары, іш пердесі және сірі қабық, сүйек кабығы, қан тамырлар кабатында көп кездеседі. Әр түрлі күшті әсер цитоплазманын денатурациясына жеткізеді, бұл клеткаларда Н - заттар (гис-томин, ацетилхолин, гистоминге ұксас заттар және кейбір ксантин туынды-лары) бөлініп шығады, олар ауыратын сезімтал жүйкелердің тура немесе косымша козуына әкеледі. Ауыру жүйкелердін іштерінен жүйке талшыкта-ры арқылы жұлынға өтеді. Жұлын арқылы жоғары көтеріліп, ауыру серпілі-стері бас ми қабығына жетеді.
Ауыру әрдайым басқа сезімдерменен бірге пайда болады. Сезімдер әсерді күшейтіп немесе бәсендетіп, бір-біріне өз ара әсер етуі мүмкін. Ауыруды басқа күшті қоздырушымен (ауқат, жыныстык қатынас т. б.) койдыру мүмкін екендігін И. П. Павлов дәлелдеген. Ауыруды сезу бас ми кабығынын бас-тапкы жағдайына байланысты болатындығын еске алу керек. Ауыру сезімін наукас куте берсе, ол күшеиінкірейді. Бас ми қабығынын жұмысы нашарлап кетсе, ауыру онша болмайды, кейбір уақыттарда сезілмейді де. Ауыру сезілгенде дене де ылаж көрмей тұра алмайды. Рухани сала және анималь-дық жүйке жүйесі (қанка бұлшык еттерінің кыскаруы, корғану және сөз әсерлестігі) әсерінен жауап әлсіздігі байқалып тамырлардың күш-куаты және жүрек жұмыстары және баскалар озгереді. Бұл өзгерістердің барлығы қосылып ауыру шогіне әкеліп соғуы мумкін.
Қазіргі уакытта еш бір операция алдын ала ауырғанын білдіртпей жаса-лынады. Бұл үшін ауыртпау тәсілі колданылады. Ауыру сезімін білдіртпеу үшін колданылатын көптеген шаралардың жинағын жансыздандыру деп атайды. Жансыздаидырудың төмендегі түрі пайдаланылады:
1) арнаулы наркотик заттарды (эфир, азоттың шала тотығы және т. б.) дем алу мен арнаулы заттарды (тиопентал-натрий. гексенал, нарколан т. б.) көк тамырға не месе тік ішек аркылы жіберіліп жансызданлыру жағдайына жетуге болады;
2) ауыру сезімдерін болдырмау тек кана операция жасалатын жерге арнаулы дәрілер жіберіледі (новокаин, совкаик, тримекаин және т. б.; бүл жергілікті жансызданлыру деп аталады;
3) жансыздандырудың аралас және кұрама (комбинация) турлері (әр түрлі наркотик заттарды тыныс жоддарымен дем аддырып жалпы жансыздандыру, дем алдыру және дәрі-дәрмектерді көктамырларына жіберу, жалпы жансыздандыру және жергілікті жансыздандыру т. б.).
Ауыруды білдірмеу жоне оның зардаптарымен күрес жүргізу анестезио-логияның міндеті. Анестезиологияның үлесіне тек ауруды білдірмеу ғана емес, операция жасалып жаткан уакытында және операциядан кейінгі ке-зеңде дененін аткаратын қызметтерін баскаруға тура келеді.
Медицина ғылымынын бұл тарауымен шуғылданушы дәрігер анестезио-логтар, орта мелицина қызметкерлері анестезистер деп аталады. Анестезио-логтар казіргі заман наркозын орындаудын әдісі жағынан басқа олар әдеттегі және калыптан ауыткушылык физиологияны, биохимияны және фар-макологияны білуі тиіс.
Жергілікті жансыздандыруды операция жасайтын хирург жасайды. Бұнда анестезиолог наукастың жалпы жағдайын бакылап тұрады.
Операциядан кейінгі кезенде немесе наукас жаракатқа, улануға және т. б.-ларға душар болғаннан кейін наукасты клиникалык өлімнен, ауыр жағдайлардан шығару ушін арнаулы ем жүргізіледі. Бұл мәселелерді үйретуші ғылымды реаниматология деп, ал дәрігерді реаниматолог деп атай-ды. Практикада көбінесе анестезиология және реаниматологиямен бір дәрігер анестезиолог-реаниматолог шүғылданады.
Ірі ем мекемелерінде бул максаттар үшін арнаулы кызмет орны - реани-мациялык бөлім бар. Бөлімде анестезиолог-реаниматологтар, анестезист мейіркештер, кіші медицина кызметкерлері жұмыс істейді. Бөлім арнаулы аспаптар және дәрілік заттармен жабдыкталған.
ЖАНСЫЗДАНДЫРУДЫҢ ТАРИХЫ
Хирургиялык операциялар әлем замандардан бастап істеліп келсе де жансыздандыру қазіргі заманның тек XIX ғасырдын орталарында ғана пайда болды. Қазіргі замандағы жансыздандыру тәсілі жүзеге келместен бұрын операция жасағаңда наукасты ауыру сезімінен құтқару үшін әр түрлі тәсіл-дер колданылып келді: есінен тандырды, жүйке бағаналарын механикалык қысу колданылды, жаракаттанган жерге кар немесе мұз койылады.
Ерте заманда Египетте, Қытайда, Грецияда, Римде мандрагора тамыры, дурман, индия кендірі, белладонна экстракты, арак, опии, цикуру т. б. қол-данылды. Бұл заттар ішуге тұндырылған және қайнатылған түрінде колда-нылды, теріге жағылды, сондай-ақ наркоз губкасы деп аталушы клизмалар пайдаланылды. Бірақ жансыздандырудын бұл түрлері ауыру сезімін тек ша-малы ғана әлсіретіп және көбінесе ауыр асқынуларға әкелетін болған.
Тек эфирді, хлороформды және азоттың қос тотығын қолдану ғана жан-сыздандырып операция жасауға мүмкіншілік берді. 1844-жылы тіс дәрігері Уэльс жансыздандыру зат ретінде азот қос (шала) тотығын ұсынды, 1846 -жылы Мортон - эфирді, 1847 жылы Симпсон - хлороформды ұсынды.
Бірінші операция - төменгі жак суйектін астындағы ісікті эфир наркозын беріп алып тастауды Уоррен 1846 жылы 16 октябрьде жасады.
Ресейде бірінші рет эфир наркозын соғыс майданында 1847 жылы. Кав-каздағы Салты ауылы қоршауда қалғанда Н. И. Пирогов қолданды. Ол нар-коздын кенірдектің іші арқылы берілетін наркоз (эндотрахеальды), көк та-мырға, тік ішекке жіберу түрлерін, сондай-ақ эфир наркозының түпнұсқа қисынын тәжірибе жүзінде дәлелдеді.
1902 жылы Н. П. Кравков тәжірибе жүзінде және 1909 жылы С. Ф. Федоров клиникада орыс тәсіл (русский метод) деп аталған көк тамырға гедонал мен наркоз беру колданылды.
Жергілікті жансыздандыру үшін, орыс ғалымы Анреп 1879 жылы былжыр қабыкты жансыздандыру үшін кокаинды ұсынды. 1905 жылы Эйнхорн қазіргі уакытта жиі пайдаланып жүрген новокаинді ұсынды. 1889 жылы неміс хирургі Бир жұлын анестезиясын ұсынды: жұлын төңірегіне ауыртпайтын затты жібергеннен кейін дененің төменгі жағы және аяқтардың толық жансыздануы жүзеге асады.
А. В. Вишневский жылжымалы, сініру инфильтрат және футляр жан-сыздаңдыру тәсілімен жергілікті жансыздандыруды ұсынды және клини-калық практикаға кеңінен тарады.
Жансыздандырудың жергілікті түрлерінен өткізгіштік жансыздандыру ((Куленкамф), жұлынның сыртқы қабын (перидурильдік - Долиотт) жан-сыздандыру, жергілікті жансыздандыру, баска да түрлері шығарылды.
Қазіргі уакытта наркоздык заттардың (эфирдің, хлороформның және т. б.) мөлшерін кеміту үшін наркоз аддынан морфин, скополамин, барбитура кышқылы дәрілері, фентанид және т. б. колданылады. Наркоздың аралас және құрама түрлері бар. Жансыздандырудын бұл түрінде бұлшық ет релаксанттары деп аталушы релаксанттар (курареге ұксас дәрілер) кең қол-данылады, олар бұлшык ет күш-куатын болдырмайды, бүл кенірдекке трубка жіберуге және жансыздандыруды басқармалы дем алуға мүмкіншілік береді.
Басқармалы дем алу наркозлың кауілсіздігін азайту және қиын опера цияларды орынцауға мумкіндік береді.
Жүрекке жөне қан тамырпарына істелінетін операцияларда жасанды кан айналысы, жасанды гипотермия тәсілдері қолданылады
ЖАЛПЫ ЖАНСЫЗДАНДЫРУ (НАРКОЗ)
Жалпы жансыздандыру дегеніміз - орталык жүйке жүйесінің терең қабаттарына әсер ету. Бүл жағдайда дәрі-дәрмектердін әсеріне наукас біртіндеп есінен танып, сезімін жоғалтады булшык еттер босаңсып, тітіркен-діктер әлсірейді, көздің карашығы кішірейіп. жарыкты сезбейді.
Наркоз уакытында сопакша мидын дем алу, кан тамырын қозғалтатын, кызметі сакталады. Наркоздык дәрілердін әсерінін бара-бара терендеуі, нар-козда жатқан кауқастың өліміне себепші болады (осы жагдайлар параличке1 алып келуі мүмкін).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет