Жансыздандыру


Жағу және шаюмен жансыздандыру



бет14/17
Дата09.11.2022
өлшемі55,31 Kb.
#157336
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Жансыздандыру
1 чек лист қаз, Өсімдікті өсірудің биотехнологиялық әдістері, Биосфера экологиялық жүйе ретінде. Биосфера шекаралары., 1Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату, Blue modern marketing proposal presentation 20231205 183920 0000 compressed organized, Black Modern Company Profile Presentation 20231205 175020 0000 compressed
Жағу және шаюмен жансыздандыру. Көз практикасында. урологияда, отоларингологияда, бронхологияда және т.б. қолданылады. Операция жа-салатын жердегі тканьдарды жансыздандыру үшін 1 -10 процент новокаин ерітіндісі, 1-3 процентті дикаин ерітіңдісі немесе 0,1 процент совкаин ерітіндісіне малынған тампонмен сүртіледі немесе шайылады. Кілегейлі қабықтың үлкен көп жерін дикаин және совкаин анестетиктерімен сүрту науқасты уландыруы мүмкін. Сондықтан да оларды байқап пайдалану керек.
Инфильтрациялык жансыздандыруы. Бүл жансыздандыру тәсілі опера-ция жасайтын жердегі тканьдарды жансыздандырушы заттың ерітіндісімен қабат-қабатына жіберіледі. Бұл үшін әдетте 0,25-0,5 процент новокаин ерітіндісі пайдаланылады. Жансыздандырудың бұл түрі А.В. Вишневский ойлап тауып, тексеріп, пайдалануға ұсынды. Бүл ғалымның ұсынуы бойын-ша: жылжымалы инфильтрат тәсілі төменде келтірілді. Терінің кесілетін жеріне жіңішке инемен жансыздандыратын зат жеберіледі, бұл жердің терісі "лимон қабығына" ұқсайды, соңынан едәуір жуанырақ және ұзынырақ ине-мен терендегі тканъдарға жансыздандыру заты жіберіледі. Жансызданды-ратұғын зат тканьдардың қабат-қабатына сіңіріп жіберіледі. Іш қуысы не-месе кеуде қуысында істелетін операцияларда іш пердесіне немесе көкіректің ішкі бетіндегі сірі қабыққа анестетик дәрісі жіберіледі.
ҚОРАБТЫҚ (ФУТЛЯРНАЯ АНЕСТЕЗИЯ) ЖАНСЫЗДАНДЫРУ
Жансыздандырудың бұл түрін А. В. Вишневский шығарған. Аяқ-қолда істелетін операцияларда қолданылады. Кесілетін жерден жоғары жгут са-лынады, жгуттан төмен екі немесе үш жерден 0,25 процент новокаин ерітіндісін (500-800 мл) теріден өтіп қалақ сіңірі астына тереңірекке жіберіледі. Новокаин ерітіндісі шандыр қуыстықтарына толтырылады, бұл жерде ол жүйке талшықтарын жансыздандыру жағдайына жеткізеді. Жан-сыздандырудың бұл түрі аяқ-қолдардың шет бөлігін кесіп алып тастауда (ам-путация) кең пайдаланылады. Асқынулары: жгугты тез шешіп алганда но-вокаиннан улану болуы мүмкін. Алдын алу тәсілі жгутты ақырындап шешіп алу және жоғарыда көрсетілген уға қарсы дәрілерді қолдану керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет