Жансыздандыру



бет15/17
Дата09.11.2022
өлшемі55,31 Kb.
#157336
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Жансыздандыру
1 чек лист қаз, Өсімдікті өсірудің биотехнологиялық әдістері, Биосфера экологиялық жүйе ретінде. Биосфера шекаралары., 1Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату, Blue modern marketing proposal presentation 20231205 183920 0000 compressed organized, Black Modern Company Profile Presentation 20231205 175020 0000 compressed
Өткізгіштік жансыздандыру. Бұл новокаин ерітіндісін тікелей жүйкеге немесе оны қоршаған тканьдарга жіберіледі. Бұл үшін 1-2 процент новокаин ерітіндісі 10-20 мл мөлшерінде пайдаланылады. Жансыздандырудың бұл түрі (Лукашевичтің өткізгіштік жансыздандыруы) саусақтарға жасалатын операцияларда өте кең қолданылады. Асқынуы: жүйкенің жарақаттануы байқалады. Емделінуі: прозерин, дибазол, электр тоғымен емдеу қолданы-лады.
Көктамыр және қызыл тамыр арқылы жансыздаңдыру.
Жансыздаңдырудың бұл түрі төмендегідей жүргізіледі. Созылмалы бинтпен аяқ немесе қолдар жансыздандырылғаннан кейін, осы бинттің үстіне операция жасайтын жердің үстіне көктамыр жгуты қойылады. Пункция жолымен немесе тамырды операциямен (веносекция) тауып алып оған но-вокаин ерітіндісі жіберіледі. Қолға 60-80 мл, аяққа 100-200 мл 0,25-0,5 про-цент новокаин ерітіндісі құйылады. Жансыздандырудың бұл түрі аяқ-қол-дарға істелетін операцияларда қолданылады. Жгут тез шешіліп алынса но-вокаиннан улану мүмкін. Сондықтан жгут ақырын шешіліп алынады, асқынуларды емдеу үшін уға қарсы дәрілер беріледі.
Сүйек іші жансыздандыру көктамыр жансыздандыруының бір түрі болып есептеледі. Науқастың аяқ-қолдарына жгут салынады, соңынан сүйектің жұмсақ жеріне (өкше сүйегіне, ортан жілік өскіндеріне, жіліншік сүйегінің жоғарғы басына, білек және шынтақ сүйектерінің бастарына новокаин ерітіндісі жіберіледі. Новокаинның ерітіндісінің қанша жіберу керектігі және проценті жоғарыдағы жансыздандыру сияқты болады. Жансыздандырудың бұл түрі ортопедияда және жарақаттануда, қозғалыс-сүйеніш мүшелерінде істелетін операцияларда кеңінен қолданылады. Асқынулары; алдыңғы тәсілдей, ал алдын алу және емдеу соған ұқсас жүргізіледі.
Мұздату арқылы жансыздандыру. Бүл мақсат үшін тканьдарды жансыз-дандыруға керекті жеріне хлорэтил бүркіледі. Хлорэтилдің булануында температура бірден төмен түседі. Бұл мұздату жансыздандыру жағдайын береді. Оның көлемі үлкен емес операцияларда. мысалы, іріндікті жару үшін
қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет