Жансыздандыру



бет5/17
Дата09.11.2022
өлшемі55,31 Kb.
#157336
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Жансыздандыру
1 чек лист қаз, Өсімдікті өсірудің биотехнологиялық әдістері, Биосфера экологиялық жүйе ретінде. Биосфера шекаралары., 1Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату, Blue modern marketing proposal presentation 20231205 183920 0000 compressed organized, Black Modern Company Profile Presentation 20231205 175020 0000 compressed
Эсмарх және Шиммельбуш маскалары қарапайым, жабайы болып істелген. Олар сымнан жасалып, операция алдында бір неше марлі қабаты оралып наркозға дайын болады. Садовенко маскасы кигізбен толтырылған темір ыдыстан тұрады, оған наркоздық зат құйылады, дем алуда бақылау үшін резеңке қалта және наркоздык заттар беру үшін реттегіш бар.
Қазіргі уакьпта маскалық наркоз сирек қолданылады. Арнаулы аппараттар А-27, АН-І, УН-І, УНАП-2, полинаркон және тағы басқалар кеңінен пайдаланылады. Әртүрлі құрылыс айырмашылықтарына қарамастан, барлык наркоздык аппараттар төрт блоктан тұрады: редукторлы баллоннан, дозиметрден, буландырғыш әр түрлі: оттегі бар баллон көк түсті, азоттың қос тотығы бар баллон-сұр түрге, циклопропан баллоны қызыл бояуға боялған.
Баллоннан наркоз аппаратына берілетін газдын қысымын азайту үшін ар-найы редуктор бар, ол өзара тұтастырылған жоғары және тәмен басымдағы екі камерадан тұрады. Екі камерада манометрлер менен қамтамасыз етіліп және қысымды өлшейтін автоматты реттегіштер бар.
Дозиметр — газдың жұмсалуын көрсететін аспап болып есептелінеді. Аспаптағы көрсеткіш ретінде белгілі дәрежеде (уровень) тоқтап, берілетін заттың мөлшерін (әдетте минутына литрлеп) көрсететұғын арнаулы қалтқьшар болады. Арнаулы реттегіштің көмегімен, науқасқа берілген газ-дың келемін бақылап отыруға болады.
Буландырғыш — сұйық наркоздык заттар (эфир, хлороформ, фторотан) үшін арналған аспап. Буландырғышта сұйық наркоздық зат газға айналады. Әдетте оның саны көлем проценттердегі мөлшерге бөлінеді және арнаулы құрал арқылы реттеп жіберіледі.
Наркоз аппаратының дем алу жүйесі оттегін және наркоздық затты ап-параттан науқасқа беру үшін арналған. Дем алу жүйесіне кеңірдектенген дем алу жөне шығару түтікшелері (шлангалар), клапандар жүйесі, адсорбер (натрон ізбесі (эк) көмір қышқылының (углекислота) химиялық сорушысы бар аспап), дем алу қалташасы 'гармошка" типіндегі үрлегіш, маска немесе инкубациялық түтікше және адаптер - шлангалардан маскаға немесе инку-бациялык түтікшеге өткізгіш (переходник) кіреді.
Аппарат наркозы үшін арналған маскалар науқастың жасы есепке алынып ауыз жөне мұрынды жақсы тығындап жауып тұру мақсатында әр түрлі мөлшерде даярланады. Интубациялык түтікшелер әртүрлі мөлшерде (жаңа туғандар үшін № 00 ден бастап ересек адамдар үшін N° 12-ге дейін) бір қуыс-ты (трахеаны интубациялау үшін) және екі қуысты (бронхтарды жеке-жеке интубациялау үшін) болып істелінеді.
Шлангалар арқылы оттегі наркоздық заттармен араласып, дем алғанда науқастың өкпесіне барады, дем шығарғанда дем алу қалташасына немесе сыртқа шығады. Дем алу қалташасы немесе үрлегішпен басқарылуы не жәрдемші дем беру жүргізілуі мүмкін. Қазіргі уакытта басқарылатұғын дем беру наркоз үшін наркоз аппаратына тұтастырылушы РО (көлем реттегіш) типіңдегі арнаулы аппараттың жәрдемінде жүргізіледі. Наркоз және дем алу аппараттары блоктары бар, құрастырылған аппараттарда бар.
Аппараттар жәрдемінде наркоз берілгенде төрт үлгінің біреуі бойынша іске асырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет