Жалпы жансыздандыруды беру тәсілі. Маскалық тәсілде эфирді, хлоро-формды және қысқа уақытта берілетұғын жалпы жансыздандыру үшін хлор-этилді пайдалануға болады.
Мұрынның, жақтың және иектің күйіп қалмауы үшін оларға вазелин жағылады. Алмалы-салмалы тіс протездері операцияның алдыңда алынып қойылады. Эсмарх және Шиммельбуш маскаларымен жалпы жансыздан-дыру беруде, темір тіректі жауып тұрған дәкеге берілетін жалпы жансыз- дандыру заты құйылып, науқас оның исіне уйрену үшін оның бетіне жақындатады, сонда науқаста демігу және жөтел болмайды. Маска науқас-тың бетіне жақсы қойылғаннан кейін жалпы жансыздандыратын заттың буы сыртқа ұшпауы үшін маска орамалмен оралып жабылады және жалпы жан-сыздандыратын зат масканың үстінен тамшылатып қүйылады. Маска әлсін-әлсін көтеріліп тұрады немесе дем алуды жақсылау үшін оның астына оттегі көпшігінің шлангісі қойылады.
Жалпы жансыздандыру берілу жолдарын пайдаланғанда, тілдіңтамаққа түсіп тығылып қалмауын еске алу керек. Бүның алдын алу үшін төменгі жақты саусақтармен басып алдына қарай тартылады.
Жалпы жансыздандырудын маскалық берілу түрлері қазіргі уақытта сирек пайдаланылады, жалпы жансыздандыру арнаулы аспаптары жоқ жағдай-да тез операция жасау үшін жалпы жансыздандыру маскамен берілуі жақсы тәсіл ретінде болады.
Аспаптық жалпы жансыздандыруда алдын ала аспапты даярлау жүргізіледі:
1) аспап жерге қосылады (сымы);
2) абсорбер 2/3 көлемінде таза натронмен толтырылады (3-4 сағатқа жету үшін);
3) ауадан көмір қьшқылы және су буы жиналмау үшін жүмыс істемей тұрған абсорбер жабылып қойылады;
4) эфир ыдысына бір флакон (100 мл) құйылады және аспапқа жалғасады;
5)манометрдің көрсетуі бойынша баллондағы оттегінің мөлшері анықталады;
6) жүйенің тығыз жабылғандығы тексеріледі.
Егер жалпы жансыздандыру басқа заттар немесе олардың қүрамасымен жүргізілетұғын болса, онда жалпы жансыздандыру аспабына тиісті бадлон-дар жалғастырылады.
Жалпы жансыздандыру үшін: I) оттегін жіберу; 2) абсорберді ашу; 3) науқаска маска кигізу; 4) дозиметрдегі оттегі реттегішін I мөлшерге дейін ашу, маскадағы клапанды тексеріп көру, масканы аспап жүйесіне жалғасты-ру; 5) "бірден оттегін беру" кнопкасын басу және онымен қалташаны тол-тыру; 6) оттегі, эфир буымен араласу үшін, эфир ыдысын ашу керек. Егер жалпы жансыздандыру басқа заттармен жүргізілсе, онда оларды жалғауды және мөлшерін дұрыс беруді үмытпау керек.
Жалпы жансыздандыру біткеннен кейін маскалар және шлангілер алынады, сыртқы және ішкі жағы жылы сумен сабындап жуылады және құрғатылады. Операция столының бас жағыңда жалпы жансыздандыру үшін наркоз аспабы, электр сорушысы (ауыз қуысы және кеңірдектің ішінде тұрған түтікшелердегі заттарды сорып алу үшін), наркоз столы және басқа қосымша аспап орналастырылады.
Наркоз столының үстіне кеңірдекке кіргізетін түтікшелер, ауызды ашқыш, тілді ұстағыш, ауа өткізгіш, қайшылар, ларингоскоп, залалсыздандырылған шариктер, салфеткалар салынған банкалар және әртүрлі дәрі-дәрмектер (барбитураттар, миорелаксантгар және т. б.) болады.
Қиын операцияларда венесекция, қан және т. б. үшін арналған заттарды және құрал-саймандарды жайып қою үшін тағы бір стол қойылады.