Дәріс №1 Кіріспе және негізгі түсініктемелерге анықтаулар


Дәріс №8 Атмосфераның химиялық экологиясы



бет25/45
Дата28.06.2022
өлшемі365,41 Kb.
#147147
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45
Байланысты:
Д ріс №1 Кіріспе ж не негізгі т сініктемелерге аны таулар

Дәріс №8
Атмосфераның химиялық экологиясы


Дәріс мақсаты: Атмосфераның химиялық құрамы мен ластану көздерімен; атмосфераның химиялық компоненттеріне сипаттама беру, ауа тозаңының химиялық құрамымен таныстыру.



  1. Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары.

  2. Атмосфералық ауаны ластанудан сақтау жəне қорғау.

Атмосфералық ауаның ластануының зардаптары
Атмосфераның ластануы адам, жануарлар мен өсiмдiктер үшiн əрқашан зиян. Түтiннiң құрамындағы газдар қолайсыз метеорологиялық жағдайларда қалың улы тұмандардың түзiлуiне əкеп соғады. Тiптi кейбiр жағдайларда улы заттардың жинақталуы нəтижесiнде адамдардың аса қауiптi аурулары мен өлiмiне себеп болады. Мысалы, Лос-Анджелес қаласында, Калифорнияда, Британ аралдарында, сол сияқты ФРГ мен бiрқатар елдерде зиянды улы заттардың жоғары концентрациясының атмосферада жинақталуы нəтижесiнде смог деп аталатын қалың тұмандар байқалды. Лондонда смогтар ХIХ ғасырдың соңынан бастап-ақ белгiлi болған. Əсiресе 1952 жəне 1956 жылдары болған смогтар елге үлкен зардаптарын тигiздi. 1952 жылдың 5-9 декабрь аралығында қаланың үстiн қаптаған тұман жауып тұрған. Тұманның құрамындағы зиянды қосылыстардың (күкiрт ангидридi, азот оксидтерi, альдегидтер, хлорлы көмiрсутектер, т.б.) мөлшерi ауада қалыптағы нормадан 5-6 есе көп болып, 12 сағаттан кейiн көптеген адамдарда тыныс алу жолдарының аурулары, бас ауру, бас айналу, жөтел күшейген. Созылмалы бронхит ауруымен ауыратын адамдардың көпшiлiгi смогтың əсерiнен қазаға ұшыраған. Ұлыбритания астанасының үстiнде 1956 жылы январьда 96 сағат бойы жауып тұрған смог мыңдаған адамдардың ажалына себеп болған. 1968 жылы Лондонда "Ауа тазалығы туралы заң" қабылданғаннан соң атмосфераның ластануы бiршама азайған. Өндiрiс орындарынан шыққан қалдықтар құрамында 140-қа жуық зиянды заттар болады. Олардың көпшiлiгi түссiз, иiссiз болып, организмге бiрден əсер ете қоймайды. Медициналық-санитарлық зерттеулер нəтижесiнде адамның денсаулығына зиянды заттардың бiрлесiп əсер етуi аса қауiп туғызатындығы белгiлi болды. Ауаның ластануы адамның жалпы жағдайын нашарлатып, жұмыс қабiлетiн төмендетiп, жөтел, бас айналу, дыбыс жолдарының спазмалары, өкпенiң түрлi аурулары, организмнiң жалпы улануын туғызып, түрлi ауруларға қарсы тұра алу қабiлетiн төмендетедi. Өндiрiс орындарынан шыққан қалдықтар, транспорт түрлерiнен шыққан газдар, түтiн, iрi қалалардың үстiнде пайда болатын түрлi шаңдар Күн сəулесiнiң Жердiң бетiне түгел түсуiне кедергi келтiредi. Мысалы, Париж қаласының маңындағы өндiрiс орындары аз аймақтарда ультракүлгiн сəулелер 3 % болса, заводтар мен фабрикалар көп шоғырланған аймақтарда 0,3 % қана болған. Ультракүлгiн сəулелерiнiң жетiспеушiлiгi балаларда авитаминоз жəне рахит ауруларын туғызатыны белгiлi. Атмосфераның құрамындағы зиянды заттардан жануарлар мен жабайы аңдар да уланады. Өндiрiс орындарынан шыққан қалдықтар құрамындағы фторлы жəне мышьякты қосылыстардан бал аралары уланып, олардың бал жинау қабiлетi төмендейдi. Бiрқатар мемлекеттерде жабайы аңдардың (бұғы, қоян мен қырғауыл, т.б.) атмосфераның құрамындағы күкiрттi газ, мышьяк, сурьманың əсерiнен улану оқиғалары көп кездеседi. Өсiмдiктер үшiн əсiресе улы болып саналатын күкiрттiң, фтор, хлордың қосылыстары мен көмiрсутектер. Олар ауылшаруашылық дақылдарына, орман мен бақтар, парктерге үлкен зиян келтiредi. Дəндi дақылдардан бұл газдарға өте сезiмтал — арпа, көкөнiстерден — шпинат, капуста, салат, редис. Ауаның құрамында болатын күкiрттi газдың шектеулi нормасы 0,02 мг/м3, азот оксидтерi — 0,02 мг/м3 жəне аммиак — 0,1 мг/м3. Мамандардың есептеулерi бойынша, Франция мемлекетiнде атмосфераның ластануынан болатын шығын ұлттық табыстың 4%, АҚШ — 3%, Жапонияда 8% құрайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет