2. Криптоалгоритмнің классификациясы
Барлық криптоалгоритмнің классификациясының басты схемасы келесілер болып табылады:
1. Құпия жазу
Жіберуші және алушы хабарға өздеріне ғана белгілі өзгеріс енгізеді. Басқаларға шифрлеу алгоритмі де белгісіз. Құпия жазу криптография болып табылмайды.
2. Кілттік криптография.
Жіберілетін мәліметтерге әсер ету алгоритмі басқаларға да белгілі, кілттің кейбір жіберуші мен алушыға ғана белгілі параметрлерге қатысьты.
Симметриялық криптоалгоритмдер хабарды шифрлеуге және шифрден алу үшін ақпараттың бірдей блогы (кілті) пайдаланылады.
Симметриялық емес криптоалгоритмдер.
Хабарды шифрлеу үшін бір ашық кілт қолданылады, яғни білгісі келетіндердің бәріне белгілі, ал шифрді алу үшін – басқа жабық алушыға ғана белгілі.
Стеганография
Бұл жасандылық негізінде құпия хабардың барлығын жасыру жатыр. Бұл жерде “салынған хабарлар”, қажетсіз сөздер тіпті басқа мағына беретіндей қорғалған қабатпен жабылған жазба қолданылуы мүмкін.
Компьютерлік стеганграфия екі принципте базаландырылады:
Абсолютті нақтылықты қажет ететін мәліметтердің басқа түрінен өзгеше өзінің функционалдығын жоғалтпай қандай да бір сатыда бейне өзгеріс болатын нөмірленген сурет немесе дыбыс;
Адамның сезу мүшесінің қабілетсіздігін, яғни суреттің түсінің өзгергенін немесе дыбыс сапасының өзгергенін айыра алмауы.
Симметриялық криптоалгоритмдер. Бұл жерде жіберушінің шифрлеуінде және алушының шифрді алуында бір кілт қолданылады. Шифрлеуші ашық мәтіннің функциясы болатын шифрограмма құрайды. Өзгерту кілтінің нағыз түрі құпия кілтпен анықталады. Хабар алушының шифр алушысы шифрлеуде жасалған өзгеріске қарама-қарсы өзгерісті орындайды. Құпия кілт құпияда сақталады және коммерциялық бәсекелестіктің немесе қарсыластың криптоаналитикпен кілтті білмес үшін канал бойынша алушыға хабар жіберіледі.
Симметриялық емес криптоалгоритмдер. Симметриялық емес криптоалгоритмдер қолдану кезінде алушы басында ашық канал бойынша жіберушіге ашық кілтті береді, жіберуші сол арқылы ақпаратты шифрлейді.
Алушы ақпаратты алу кезінде оны екінші құпия кілттің көмегімен шифрден алып тастайды. Қарсыластың криптоаналитиктің ашық кілтін білуі жабық хабарды алдыра алмайды, себебі ол тек екінші құпия кілтпен ғана алынады. Сонымен қатар, екінші кілтті ашық кілттің көмегімен біле алмайды.
Ақпаратық блоктың өлшеміне қарай криптоалгоритм мыналарға бөлінеді:
1. Потокті шифрлеу, онда кодтау бірлігі бір бит болып табылады.
2. блоктік шифр, кодтау бірлігі бірнеше байттан тұратын блок болып табылады.
Айырбастау әдісімен шифрлеу. Бұл шифрлеу әдісінің ең оңай түрі.
Шифрленген мәтіннің символдары бір алфавиттен немесе көп алфавиттен алынған басқа символдармен айырбасталады.
Біралфавитті қою. Ең оңай қою – шифрленген хабардың символдары сол алфавиттің басқа әріптерімен тікелей айырбастау.
Кестені айырбастау мысалы:
А Б В Г Д Е Ж З И Й К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Щ Ь Ы Ъ Э Ю Я
М Л Д О Т В А Ч К Е Ж Х Щ Ф Ц Э Г Б Я Ъ Ш Ы З И Ь Н Ю У П С Р Й
А Б В Г Д Е Ж З И Й К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Щ Ь Ы Ъ Э Ю Я
Q W E R T Y U I O P [ ] A S D F G H J K L Z X C V B N M < > @ %
Жай айырбастаудың беріктік әдісі төмен.
Цезарь шифрлеуі. Юлий Цезардің (б.з.д.100-44 ж.ж..) Цицерономен (б.з.д 106-43 ж.ж. ) хат алмасу шифрлесу факті анықталды. Цезардің шифрлау әдісі осы алфавиттің әріптерінің ауысуымен жүзеге ауысады, ол алфавиттегі берілген әріптен берілген сандағы әріпке ауысады. Цезарь өз шифрлау әдісінде ол ауыстырылатын әріпті, сол әріптен кейінгі үш позицияға алға жүретін әріппен алмастырған.
Мысалы «ГДЕ АББА» хабарламасын шифрлау керек.
Цезарь шифрлауы айналымды деп аталады, ауыстыру кезінде, алфавит әріптері айналым бойынша орналасқан деп алынады: соңғы әріптің артынан ең алғашқы алфaвиттің әріпі жүреді.
Цезарь шифрлауы қалай шифрланатының көрсетейік:
АБВГДЕЁЖЗИ
Ауыстыру нәтижесінде ЁЖЗ ГДДГ шифрограммасы пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |